болса, Құнанбайдың Қарашоқыдағы ауылы, ас берген ауылдай,
өз әлегімен өзі ұйқы-тұйқы боп жатыр (М.Әуезов).
V. ТІЛДІҢ БЕЙНЕЛЕУІШ-КӨРКЕМДЕУІШ ҚҰРАЛДАРЫ
1-тапсырма. Төмендегі мәтіннен жазушы тіліндегі бей-
нелі сөз қолдану тәсілдерін анықтап, стилистикалық мәне-
ріне талдау жасаңыз. Сөз образдылығы категориясы тұрғы-
сынан түсінік беріңіз.
Жаз ортасының қоңыр кеші. Ұлы таудың бөктерінде кеш-
тің қоңыр салқын желі еседі. Күн батып, ымырт жабылып ба-
рады. Күнбатысты қалың қара бұлт басқан, айналада күңгірт
тартқан төбелер қоңырқай тартып, түн тыныштығына қарай
бойсұнған сияқты. Сондай жүдеп сарылған төбелердің арасымен
үш салт атты келе жатыр еді. Бұлардың беті – қалың таудың іші.
Күнбатыста алыста жауын бар еді. Сол алыста күн күркіреп
жатты. Анда-санда көкжиектің тұсында күн жарқылдап тұр.
Бұлт қалың, жарқылдағы күшті еді. Қарабарқын тартып қараң-
ғылана бастаған аспанда түксиген қатал қабақ, құлазып жүдеген
иесіздік білінгендей. Үлкен жарықтың өшер алдында бір сөніп,
бір жанып өтіп жанғанындай, күнбатыста жарқ еткен нажағай
жарығымен күңгірт даланы әлденеге үміттендіріп тұрған
сияқты. Тау бөктеріндегі қоңыр жел ақырындап бұралып соғып,
салбыраған шерлі күйді қозғағандай болады. Табиғат салқын
түсте болса да, сұлу тілді сүйгендей, іздегендей еді. Мәңгі
мұңлы-шермен үзіліп-үзіліп соққан желмен бірге жүректі
ақырын-ақырын шымшығандай еді. Сол кезде иесіздікте жүдеу
тартып, ұйқыға батып бара жатқан даланы әнші жігіттің зар-
мұңлы даусы ұзақ толқынды ырғағымен тербеткендей болды.
Ән салқын түсті табиғат ортасында желікті қызықты еске түсір-
мей, ұлы бір сабырды еске түсіргендей... (М.Әуезов).
Достарыңызбен бөлісу: