19-тапсырма. Мәтін үзінділеріндегі риторикалық сұ-
раулар мен лепті сөйлемдердің қолданысына назар ауда-
рыңыз, шешендікке тән атрибуттарды (тілдік көрсеткіш-
терді) тауып көрсетіңіз.
...Бес-ақ мың қолымен жиырма мың жауға қарсы соғыс-
қанда ертауыл мыңдықтың басында кім шауып еді?... Баба сұл-
танның басын шапқанда қасында тұрған кім еді? Бөлекей-Қоян
сұлтан ұлы Баһадур сұлтан!
..Хақ-Назар ханның қалың қолының алдындағы қара
дауыл болған... Ондан сұлтанның аруағына кім бас ұрмас!?
Ораз-Мұхамед сұлтан сол Ондан сұлтанның өзі болмаса да көзі
емес пе?...
Әз-ханым:
...Егер Тәуекел хан алаш бегін қоңыраттан, ұлыс бегін
жалайырдан қойса, бар қазақты тең тұтам деп жар салғаны емес
пе? Бегін белге шығарып, еліне қоныс берсе, жау қолында қал-
ған барлық руға ұран шашқаны емес пе? Жетім қозы тас бауыр
жат болып кетсе, қайтесің?.. Бірақ, балам, өкпе арты өкінішке
ұласатын кез бар, наз арты түңіліске ұласатын кез бар... Мен
ақылы қысқа әйелмін, көсемдігімнен емес, көргендігімнен
айтам... (М.Мағауин).
Достарыңызбен бөлісу: