М.Қанабекова


тұрғанын анықтап, қайталаудағы мәнін ашып түсіндіріңіз



Pdf көрінісі
бет95/138
Дата03.03.2023
өлшемі1,98 Mb.
#170987
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   138
тұрғанын анықтап, қайталаудағы мәнін ашып түсіндіріңіз. 
Қап-қараңғы айсыз түн түсті. Бұлттарды қызғылтым нұрға 
малынған күннің ақырғы сәулесі әдемі түстен ада болды. Жан-
жақтан таулар түксиді. 
Тек шеткі қара күркеден бір кезде: 
-Арманда кеткен асылым-ау! Кімге де барып айтамын-ау, 
ойбай! – деп булыға шыққан үн естілді. 
Бердіқұлдың жесірі. Кісісі өлген үйде бір жеті бойы от 
жағылмас, түтін түтетілмес. Ол үйдің қаралы жандарына 
жақындары, ағайын-ауылдастары ас пісіріп апарар. Ал, бүгін бір 
ғана Бердіқұлдың үйінде емес, бүкіл Алсайдың жиырма түтіні 
бірдей тұтанбады. Мына тымырайған түн кең дүниені тарылтып, 
жер-жиһанды жұтып жіберіп, көгілдір көлді, қызыл маржан 
толқыған егін жайды, тәкаппар тауларды, жасыл аймақтарды 
көзден тасалады. Қараңғы түн. Түнде жорыққа қорқаулар шы-
ғады. Ал, қараңғы түнде қара күркеден жас жесірдің жоқтау ай-
тып жылаған үні естілгенде қанша қорқау болса да, бұл қаралы 
ауылға ешкім шаба қоймас-ау! (Ш.Мұртаза).
2-тапсырма. Морфологиялық тұлғалардың жеке стиль 
түрлеріне қатысын, бейімділігін бірқатар мысалдар келтіре 
отырып анықтаңыз. 
3-тапсырма. Мәтіндегі зат есімдердің, оның тұлғала-
рының стильдік қолданысына, кейбір сөздердің қайталанып 
жұмсалуына назар аударып, талдау жасаңыз. 


Қасқыр затын адамдар жек көреді. Көбі қорқады, тіптен 
бәрі қорқады. Малын жеп қояды, содан өштеседі, Ал адам мал 
жемей ме? Жейді. Оны ешкім күстаналамайды. Қасқырдың 
адамнан өзгешелігі адам бәрін жей береді. Шөп-шаламды да 
азық қылады. Тіпті бақа-шаян жейтін де ел бар. Ал қасқыр шөп 
жей алмайды. Тек емдік үшін өте сирек дәру шөптерді қажағаны 
болмаса, шөп атаулыны аузына алмайды. Ал әлдеқалай ауырса - 
тек асыл тамырды ғана татады. Өзін-өзі емдемесе, қасқырды кім 
емдейді. Табиғат солай жаратқан. Қасқыр тек етпен ғана қорек-
тенеді. Су ішеді. Арақ ішпейді. Ол құдайдан шекер мен бал 
сұрап жатқан жоқ. Ананас пен банан талап етпейді. Оның бәрі 
адамдардың ермегі. Қасқыр адамдар сияқты тойымсыз, тауфиқ-
сыз емес. Бөрі баласын жұрт «қорқау, қомағай» деп ғайбат-
тайды. Қомағайлық, қорқаулық алдымен адамға тән. ...Дүние-
нің жаратылысында жазық жоқ, мүкісі жоқ, Дүниені бүлдіретін 
– өзіміз. Ең ақылды жаратылған адам баласына мүмкіндікті мо-
лынан береді. Өз санасын өзі улап, ойын былғап, ақылын ай-
уандық іске жұмсап, құрдымға жол ашқан пенденің өзі емес пе?! 
(Ш.Мұртаза). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет