М.Қанабекова


-тапсырма. Төмендегі вариант сөздерден сөйлем құ-



Pdf көрінісі
бет93/138
Дата03.03.2023
өлшемі1,98 Mb.
#170987
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   138
7-тапсырма. Төмендегі вариант сөздерден сөйлем құ-
растырып, олардың қолданыстағы стильдік реңк-бояула-
рына назар аударыңыз. 
Дабыр – дабыра, заман – замана, еңбеккер – еңбекші, егін-
ші – диқан, жазушы – қаламгер, суреткер, конституция – Ата 
заң, президент – Елбасы.
8-тапсырма. Мәтін үзінділерінен көнерген сөздердің 
жұмсалу ерекшеліктеріне талдау жүргізіңіз. 
…1588 жылы наурыз туып, қар сөгіле бастағанда Шығыс 
Дешті қыпшақтың падишахы Тәуекелдің сауын айтып, шұғыл 
шақыруымен киіз туырлықты қазақ ұлына хүкім жүргізуші 
қасқа жайсаң атаулы Қаратаудың терістігіндегі Созақ қаласына 
құрылтайға жиналды. Бұл — төңіректің төрт бұрышына түгел 
қылыш сермеген Хақ-Назар хан шахид болғалы өткізілмек ең 
үлкен кеңес еді, ұлыстарды ұстап отырған ақсүйек атаулы — 
сұлтан мен оғлан түгел келді. Бұлардың ішінде өз ұлысына хан 
болғысы келген қырыс төрелер де бар еді. 
...Отыз мың аламан өлген ойранды ұрысты ұмыттыңдар 
ма? Елу мың аламан өлген сойқанды соғысты ұмыттыңдар ма? 
Жиырма жылда оңалдың, қырық жылда қайтадан қара нор қол 
құрадың. Өшкенің жанды, бірақ өлгенің – тірілгені, кәне... (сон-
дықтан) соғыстан басқа амалын қараңдар. Ойлаңдар, табыңдар! 
– деді (М.Мағауин). 
Әйтеке би: 
– Тегің сұлтан. Басың жас. Көрерің алда. Жігіттің есі 
кіретін тұсқа енді жеттің. Алаштың алмағайып заманы таусыл-
мас. Төренің бағы – қарашының қайраты. Қарымдыдан құрдас 
жиғаның жөн екен...(Ә.Кекілбаев). 
9-тапсырма. Көркем мәтіннен кейіпкер тіліндегі диа-
лектілік бірліктердің қолданысына назар аударыңыз, стиль-
дік қызметін ашып көрсетіңіз. 
Дәт ақсақал: 


– Бөтен жақтың аты-жөніңді білмес, ажарыңды танымас 
адамымен кәйтіп саудаласып, қол соғысып жүресін, Мағаш 
шырақ. Жасың кіші інім екен екенсің, Абайдың баласына ба-
зардан ат іздетіп жүрмей-ақ қоялық. Бұ яқтағы ел де Абайдың 
елі. Жатын емес, жақының. Аттың орайын Әбсәметтің үйіне ба-
рып табамыз. Жүрелі!
Жамбыл Мағаш бәйгіге қосқан Торжорғаға сүйсініп: 
– Табанынан жарылған жануар-ай! – деп екі қолын жұ-
дырығын түйе созып көрсетіп. – Айызыңды қандырды-ау! 
Алматының төресі мен қарасы, шоқы мен шорасы сүйсінгеннен 
таңдай қақты. Шұлғып қалды ғой мүлдем. Атама, әкем тегі. 
Әмісе жолың боғай-ақ та. Жақсы ағаның баласы екесің. Атаң да 
жақсы, атың да жақсы босын десем, десемдей екесің, Мағаш 
мырза! (М.Әуезов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет