Маретбаева марина әбілжанқызы әңгімелеу мәтінінің тілдік-стилистикалық сипаты


«Мәтінді зерттеудің психолингвистикалық мәні»



бет11/34
Дата01.05.2022
өлшемі283,5 Kb.
#141643
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34
Байланысты:
Маретбаева марина білжан ызы гімелеу м тініні тілдік-стилист

1.2 «Мәтінді зерттеудің психолингвистикалық мәні» атты бөлімшесі әңгімелеу мәтінін зерттеуде басшылыққа алынатын психолингвистикалық мәселелерді айқындауды, мәтіннің антропоцентристік мән-маңызын психолингвистикалық қыры тұрғысынан анықтауды міндет етіп қойды.
Мәтін сөйлеудің сыртқа шыққан, материалданған көрінісі. Ал сөйлеу психологиялық әрекет нәтижесі болып табылатын жоғары психикалық қызметтің күрделі түрі. Сөйлеу әрекетіне көп деңгейлі, көп қырлы құрылым мен өзге де психикалық қызметпен тікелей байланыстағы күрделі жүйе тән. Осымен байланысты мәтінге тән күрделі психикалық құрылым оның мағыналық, құрылымдық және композициялық тұтастығынан, грамматикалық ерекшелігінен көрінеді.
А.Н.Леонтьевтің айтуынша, сөйлеуді психолингвистикалық тұрғыдан талдауда адамның сөйлеуден тыс болатын түсінісу механизмдері басты нысанға айналады. Мәтіннің жасалуынан сөйлеу әрекетінің үш фазалы құрылымнан тұратын психологиялық моделін байқауға болады. Олар: әрекеттің бағыттылығы, орындаушылық сипат алуы, бақылануы (В.И.Галунов, Т.М.Дридзе, А.Н.Леонтьев). Мәтіндегі сөйлеуші әрекетінің бағыттылығы дегеніміз – оның не мақсатта сөйлеп жатқанын көрсететін коммуникативтік ойы мен ниеті. Сөйлеушінің бұл коммуникативтік ниеті мәтіннің жасалуына түрткі болады да, мәтіннің мазмұны мен құрылымының коммуникативтік-танымдық бағдарламасын айқындайды (Л.И.Доблаев,
В.П.Белянин, И.А.Зимняя ). Мәтін авторының сөйлеуге, қарым-қатынасқа тікелей қатыстылығы және сөйлеу пәнін жеткілікті білуі оның авторлық позициясын танытады. Мәтінде суреттеліп отырған құбылысқа немесе оқиғаға деген автордың интеллектуалдық, эмоционалдық бағасы – шығармада әрдайым беріліп отыратын құбылыс. Мәтіннің жасалуының бұл 1-фазасында автордың негізгі ойын нақты әрі түсінікті жеткізуі үшін маңызды мынадай мәселелерді ескеру керек: сөйлеуге негіз болған қарым-қатынас жағдайы; мәтіннің семантикалық жақтан айтылатын ойға байланысты толыққанды болуы, бірақ ондағы берілген ақпараттың шектен тыс көп немесе артық болмауы (В.П.Белянин, А.И.Новиков). Мәтіннің жасалуының 2-фазасында автордың негізгі ойының «тілдік материалдануы» жүзеге асырылады. Негізгі ой санада қалыптасқанмен, оның «тілдік қабық жамылуы», сонымен бірге қалыптасып, аяқталған сипат алуы сөйлеу барысында ғана мүмкін болады. Ғалымдардың пікірінше, осыған байланысты санадағы ой әуел бастан өзінің семантикасы жағынан оның сөйлеудегі сипатына сәйкес келе бермейді. Сөйлеу әрекеті құрылымының 3-фазасында сөйлеушінің айтайын деген негізгі ойы «мағыналық жағынан өңделіп» қана қоймайды, оның вербалдануы да сұрыпталады. Осы тұста мәтіннің тақырыптық және мағыналық тұтастығының болуы өте маңызды, себебі санадағы ойлардың ассоциациялығы тіл арқылы берілген ойдың семантикалық тұтастығына нұқсан келтіруі мүмкін. Шынайы аяқталған мәтін, яғни сөйлеу бірлігі тақырыптық, мағыналық және құрылымдық тұтастыққа, композициялық тәртіптілікке, грамматикалық байланыстылыққа ие болуы керек. Сонда ғана сөйлеу әрекеті толыққанды жүзеге асады. Айтылған қасиет-сапалардың тілдік қана емес, психологиялық та маңыздылығы бар:
1-кесте – Мәтіннің тілдік және психологиялық құрылымы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет