Маретбаева марина әбілжанқызы әңгімелеу мәтінінің тілдік-стилистикалық сипаты


- КСФ – әңгімелеу мәтіні – оқиғаны, іс-әрекетті ретімен, мезгілін, мекенін көрсете мазмұндауға құрылатын мәтіннің түрі; -



бет7/34
Дата01.05.2022
өлшемі283,5 Kb.
#141643
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
Байланысты:
Маретбаева марина білжан ызы гімелеу м тініні тілдік-стилист

- КСФ – әңгімелеу мәтіні – оқиғаны, іс-әрекетті ретімен, мезгілін, мекенін көрсете мазмұндауға құрылатын мәтіннің түрі;
- әңгімелеу мәтіні құрамындағы сөйлем-айтылымдар негізінен тізбектік, сонымен қатар, параллельдік синтаксистік байланысқа құрылып, Бастауыш→Бастауыштық, Баяндауыш→Бастауыштық, Бастауыш→ Толықтауыштық, Бастауыш→Анықтауыштық синтаксистік байланысу тәсілдері негізінде жасалады;
- әңгімелеу мәтінінің композициялық құрылымы өзіне тән грамматикалық құрылымдармен ерекшеленетін аңдату, мазмұндау, қорыту бөліктерінен тұрып, аңдату бөлігінің қимыл мәнді, мезгіл мәнді, мекен мәнді мағыналық түрлері ажыратылады; әңгімелеу мәтінінің аңдату бөлігі мен мазмұндау бөлігінің арасында қарама-қарсылық, анықтап-нақтылау, салыстыру, шарттылық, себеп-салдарлық логика-семантикалық қатынас түрлері болады;
- әңгімелеу мәтінінің оқиғаның дамуының объективтік, субъективтік уақытқа қатыстылығына қарай жақтық мәнді, оқиғалы мәнді мағыналық түрлері болады;
- әңгімелеу мәтіні мәтінтүзуші бірлік ретінде көркем шығарманың эмоционалды-экспрессивтік, стилистикалық композициясын жасауға қатысып, стилистикалық қызмет атқарады;
- әңгімелеу мәтіндерінің лексика-грамматикалық құрылымдарының өзгешелігіне, композициялық ұйымдасу ерекшелігіне қарай әр көркем шығарманың стилистикалық сипаты анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет