Зерттеудің нысанына қазақ көркем прозасындағы әңгімелеу мәтіні және оның құрылымдық-стилистикалық ерекшелігі алынды.
Зерттеудің әдістері. Жұмыста мәтін лингвистикасына арналған зерттеулердегі ой-пікірлерді түсіндіру, жинақтау, салыстыру, талдау, топтастыру, жүйелеу, сипаттау, эксперимент, модельдеу әдістері қолданылды.
Зерттеу материалдары ретінде 3000-ға жуық монологтық сөйлеу түріндегі мәтіндері «таза» және өзге мәтінтүзуші мүшелермен «аралас» қолданылған түрде көркем шығармалардан алынды.
Зерттеу жұмысының дереккөздері ретінде ХХ ғасыр қазақ көркем прозасының көрнекті өкілдерінің шығармалары алынды.
Зерттеудің теориялық-әдістанымдық негізін мәтін лингвистикасы, мәтін стилистикасы мен прагмастилистикасы, психолингвистика, тіл білімінің жекелеген мәселелерін зерттеуші А.Байтұрсынұлы, В.В.Виноградов, В.В.Одинцов, И.Р.Гальперин, Г.Я.Солганик, О.А.Нечаева, И.О.Москальская, Г.А.Золотова, Л.С.Выготский, М.М.Мұқанов, М.Жинкин, А.Р.Лурия, Е.А.Реферовская, И.Я.Чернухина, М.П.Брандес, О.Н.Гришина, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, М.Балақаев, Ә.Т.Қайдар, Р.Сыздық, Т.Қордабаев, Е.Н.Жанпейісов, С.С.Құнанбаева, Б.Шалабай, Ж.А.Жақыпов, С.С.Мұстафина, З.Ш.Ерназарова, Г.М.Әзімжанова, Ж.Т.Қайшығұлова сынды қазақ және шетел тіл білімі ғалымдарының мәтін теориясына, мәтіннің психологиясына, сөйлеу әрекеті теориясына, көркем проза тілі, көркемдік даралық мәселелеріне қатысты айтқан ой-пікірлері құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |