Маретбаева марина әбілжанқызы әңгімелеу мәтінінің тілдік-стилистикалық сипаты


«Әңгімелеу мәтінінің композициялық құрылымы»



бет16/34
Дата01.05.2022
өлшемі283,5 Kb.
#141643
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34
Байланысты:
Маретбаева марина білжан ызы гімелеу м тініні тілдік-стилист

2.3 «Әңгімелеу мәтінінің композициялық құрылымы» және оның тыңдаушыға әсері зерттеушілердің назарына ертеден ілігіп келеді. Мәтіннің композициялық бөліктері А.Байтұрсынұлының зерттеулерінде мазмұн мүшелері ретінде анықталады «Шығарманың тақырыбынан басқасы мазмұны болады. Мазмұнның үш мүшесі болады: 1. Аңдату. 2. Мазмұндау. 3. Қорыту. ...Аңдату мүшесі шығармаларда керегіне қарай болады. Мазмұндауында ой тиегін ағытқан сияқты айтайын деген пікірдің бәрі айтылады. Мазмұндау – шығарманың мазмұн мүшесінің ең зоры, онсыз шығарманың мазмұны болмайды. Мазмұнның қорытуында мазмұндауда айтылған пікірдің қорытылып, маңызы шығарылады. Қорыту мүше де мазмұн біткеннің бәрінде бола бермейді, бұ да керегіне қарай болатын мүше» [1, 13 б.]. Ғалымның осы тұжырымдарын негізге ала отырып, композициялық-сөйлеу формаларын құраушы құрылымдық бірліктер әр КСФ-тың мақсат-міндеті мен қызметіне қарай түрліше ұйымдасатынын көруге болады. Әңгімелеу мәтінінде сөйлеушінің мақсаты оқиға туралы әңгімелеу болатындықтан онда суреттеу нысанының қасиет-сапасынан гөрі оқиғаны бейнелейтін қимыл мен іс-әрекет басты орында тұрады. Ал қимылдың басталатын уақыты болады, бір қимыл екінші қимылға түрткі, себеп болады. Сонымен бірге, қимылды жүзеге асырушы кейіпкер, оның жүзеге асатын орны, дамуы, нәтижесі болатындығы белгілі. Әңгімелеу мәтіндерінің басты мазмұндық және құрылымдық сипатын да осылар құрайды.
Мәтіннің қай түрінде болсын оның алғашқы бөлігі баяндалатын тақырып туралы жалпы мәліметті ұстап тұрады да, кейінгі бөліктердің мазмұндық ұйымдасуына түрткі болып, бағыт-бағдар беріп тұрады. Аңдату бөлігінің автор және оқырман үшін де басты қызметі осында – бағыт-бағдар беруінде: Құдайберген аттан түсіп, түн қараңғылығында қос тізесін құшақтап отырып қалды. Жирен иесінің иығын түрткілейді. Батыр ендігі тірлікте жапа-жалғыз сопиып қалғанын түсінді. Жалғыз... қалды... (Р.Сейсенбаев). Мысалда аңдату бөлігі кейінгі мазмұндау бөлігі үшін қызмет етіп тұр. Кейіпкердің нақты оқиға жағдайындағы жай-күйі 1-сөйлеммен түйінделген. Мұнда сөйлем көркемдік жағынан да ұтымды шыққанын анық көруге болады. Тізесін құшақтап отырып қалған кейіпкердің әрекеті кейінгі сөйлемдерді түсіндіріп, толықтырып, мағынасы мен әсерлілігін күшейтіп тұр. Оған кейіпкердің нақты оқиға жағдайындағы әрекеті негіз болған. Әңгімелеу мәтіндерінің аңдату бөлігі мен мазмұндау бөлігі бір-бірімен анықтау, себеп-салдарлық, және қарама-қарсы қою қатынастарында ұйымдасады. Мәтін түрін анықтауда мазмұндау бөліктері шешуші рөл атқарады. Әңгімелеудің аңдату бөлігі жалпы тақырыпты ұстап тұрмайды, кейінгі мазмұндау бөлігінде баяндалатын оқиға жағдайындағы табиғатты, мекенді, оқиғаның, әрекеттің басталу мезгілін, сипатын меңзеп тұрады: Бұлақтың қыр жақ бетіне тіккен бүлдіршіндей ақ отаудың түрулі іргесінен құлын құйрық майда леп соқты. Төрехан иығындағы түйе жүн шекпенді сырып тастап бешпентшең қалды. Сонан соң, кәрлен кесені бәкене сары солдатқа дөңгелетіп жіберді (А.Сүлейменов). Биік құздың жапсарында жабыса тігілген жалғыз қазақ үй, дәл үстінен түспесең көзге оңайлықпен іліне қоймайды. Құдайберген үйдің күншығыс жақ бетінен шықты. Үй алдында қараңдаған төбет жақындап қалған аттылыны көріп, абалап үре түрегеліп еді, жүгірген жоқ абалауын да лезде қойды (Р.Сейсенбаев). Осы кезде сырттан дабыр-дүбір естіліп қалды. Қарағұл маған, мен Қарағұлға қарадым (С.Сматаев). Әңгімелеу мәтініне тән аңдату бөлігінің мынадай мағыналық түрлерін көрсетуге болады: 1) қимыл мәнді аңдату; 2) мезгіл мәнді аңдату; 3) мекен мәнді аңдату.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет