Эксперименттерді ұйымдастыру.
Маркетингтегі себептілік туралы түсінік. Эксперименттің түсінігі мен сипаттамасы. Эксперименттің жобасын құру. Эксперименттің сенімділігі: ішкі және сыртқы. Эксперименттің сенімділігіне әсер ететін факторлар. Экспериментті жүргізу және жоспарлау үрдісінің кезеңдері: дайындық, далалық, талдаушылық.
Эксперименттердің жіктелуі және олардың формалары. Зертханалық және далалық эксперименттер. Сынақ нарығы және сынақ маркетингі (нарықты тестілеу) ұғымы. Нарықты тестілеу түрлері: стандартты сынақ нарығы, бақыланатын сынақ нарығы, электронды сынақ нарығы, имитациялық сынақ нарығы. Сынақ маркетингін жүргізу кезеңдері. Сынақ маркетингін жүргізілгеннен кейінгі стратегия. Сынақ маркетингінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
|
1 А,
2 В
|
3
|
7
|
Сауалнама жүргізу.
Сауалнама түсінігі. Сауалнама жүргізу кезінде респонденттерден ақпарат жинау тәсілдері. Сауалнама әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
Сауалнама жүргізу нысандарының жіктелуі. Сауалнама әдістерінің жіктелуі, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері: телефон, жеке, пошта және электрондық. Сауалнама әдісін таңдауға әсер ететін факторлар.
Сауалнаманы әзірлеу үрдісі. Сауалнама және оның құрылымы (кіріспе, негізгі және деректемелік бөліктері). Сауалнаманы әзірлеу кезеңдері: қажетті ақпаратты анықтау, сауалнама жүргізу әдісін таңдау, нақты сұрақтардың мазмұнын анықтау, респонденттің жауап бере алмауын немесе қаламауын жеңу мақсатында сұрақтар құру, сұрақтар құрылымын анықтау (жабық, ашық, тікелей және жанама сұрақтар; және құрылымданбаған сұрақтар, артықшылықтары мен кемшіліктері), әр сұрақтың ауызша тұжырымын анықтау, сұрақтардың реттілігін анықтау (сұрақтардың орналасу стратегиясы: туннель және шұңқыр (воронка) өлшемі), сауалнаманың нысаны мен орналасуын анықтау, сауалнаманың көшірмесін жасау және пилоттық сауалнама жүргізу (мақсаттар мен іріктеу көлемі).
|
1 В,
1 С
|
2
|
8
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |