Мақсатқа сәйкес оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері мынадай болып табылады



бет1/4
Дата09.09.2024
өлшемі58,83 Kb.
#203982
  1   2   3   4
Байланысты:
КТЖ 10 сынып ЖМБ 2024-2025.




Түсінік хат


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің және Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және 2022 жылдың 16 қыкүйегіндегі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» № 399 бұйрығына сай 7-11-сыныптарда «Физика»міндеттіоқупәніретіндеоқытылады. Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Физика» пәнінің оқу жүктемесі жаратылыстану-математикалық бағытта аптасына 2 сағат, қоғамдық-гуманитарлық бағытта аптасына 2 сағат оқытылады.Осы бұйрықтың 112-қосымшаға («Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Физика» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы») және 113-қосымшаға сәйкес («Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Физика» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы») оқыту мақсаттары қысқартылуына байланысты 22.09.2022 жылдан бастап күнтізбелік жоспар қайта жасалынды.
«Физика» оқу пәнін оқыту мақсаты - білім алушылардың ғылыми дүиетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.
Мақсатқа сәйкес оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері мынадай болып табылады:
1) білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізінде жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы іргелі білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерді меңгеруіне ықпал ету;
2) білім алушылардың интеллектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлективтік мәдениетін дамытуға, физикалық экспериментті және зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын қалыптастыру;
3) оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
4) меңгерген дағдыларды табиғат ресурстарын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда, қоғам мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолдану.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет