§ § § § § §
5 6 3 2 3 4
Сергіту сәті:
Кел, балалар, ойнайық!
Тектен текке тұрмайық
Жемістерді жинап ап
Жолдастарымызға сыйлайық!
№2 –тапсырма:
Қысқаша жазылуы бойынша есептер құрастыр:
а) Болғаны – 6 ә) Болғаны - 8
Келді – 3 Кетті - 2
Барлығы - ? Қалды - ?
Ойын «Телеграф»
Ойынның мақсаты: Оқушылардың есептеу дағдыларын қалыптастыру.
4 5 3
-2 +3 -3 +4 +4 -6
-5 +6 +5 +2 +5 -3
+1 -1 +2
Cергіту сәті:
Отырып-ақ орнымда
Айдын көлді кешемін
Сен білмесең, егерде
Былай ескек есемін
ІІІ – кезең: Деңгейлік тапсырмалар:
І – деңгей 5ұпай
10-5=5 10-2=8 10-1=9
10-8=2 10-9=1 10-7=3
10-6=4 10-4=6 10-3=7
ІІ деңгей 10ұпай
7 + 0 * 7 - 0 5 - 5 * 5 - 2
6 + 0 * 6 + 2 4 + 4 * 4 + 0
3 + 2 * 3 + 0 8 - 6 * 8 – 8
ІІІ деңгей 15 ұпай
1. Өрісте 10 қой жайылып жүр, 3 қойды қораға айдап кіргізді. Өрісте неше қой қалды?
2. + - 6 = 4
10
Даму мониторингі арқылы оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: №5 – тапсырма
Сабақты қорытындылау: Нені білдік?
Нені үйрендік?
Даулетова Тәрбие
№ 27 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
3 «г» сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Етістік туралы 2- сыныпта берілген білімді еске түсіру,
ол заттың әр алуан іс- әрекетін, қимыл процесін білдіретін
сөз табы екендігі, сұрақтарын, етістіктің зат
есімнен байланысы жөнінде берілген түсініктерді кеңейту,
жаттығу.
Ә) Дамытушылық:Жаңа технологияларды басшылыққа ала отырып,
сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын
дамыту.
Б) Тәрбиелік: Әдептілікке, мейірімділікке, татулыққа, жылдам ойлауға,
Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Өткенді қайталау
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік, топтастыру,
Венн диаграммасы, Тор стратегиясы, үш өлшемді
әдістемелік жүйе.
Көрнекіліктер: Сызбалар, суреттер, қима- қағаздар, дидактикалық
материалдар.
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік. 1 - оқушы дауыстап мәнерлеп айтады.
Қазақ тілім- өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім
Міне, оқушылар ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі – туған тіліміз қазақ тілі сабағына бүгін қонақтар қатысып отыр. Қонақтармен амадасып, сабағымызды бастайық.
Сәлемдесу: Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, өткенді қайталау.
«Бәйге» ойыны бойынша сұрақтарға жауап алу – ауызша.
1.Сол жақтағы – 20. Зат есім дегеніміз не?
2.Ортадағы – 50. Зат есім түрлерін ата.
3.Оң жақтағы - 10. Кітап сөзін тәуелде.
4.Сол жақтағы – 30. Сөз таптарын айтып бер.
5.Оң жақтағы – 30. Жалқы есімге мысал айт.
6.Сол жақтағы – 10. Зат есімнің тәуелденуі не?
7.Ортадағы – 40. Негізгі зат есімнен туынды зат есім жаса.
8Оң жақтағы – 20. Қазіргі жыл мезгіліне байланысты өлең оқы.
9Ортадағы – 60. Мақалдың жалғасын тап.
(Кітапсыз ____ ____,
Білімсіз ____ ____)
3.Жаңа сабақ.
1. Ойын: Үн қатпа !
Әр қатардан бір-бір оқушы шығып, үн қатпай тек қимылмен ғана көрсетеді.
Бір оқушы тақтаға әр қимылды сөзбен жазып шығады.
Отырды жүрді шертті .
Тұрды . Айналды. Биледі.
Тақтадағы сөздер қай сөз табына жатады ?
Етістік.
2. – Етістік туралы білімдеріңізді ортаға салыңдар – ой қозғау әдісі.
3. – сызба бойынша жұмыс – экраннан көрсету.
4. Оқулықпен жұмыс.
А) 326 – жаттығуды ауызша орындайды; талдау.
- Етістіктерді атап, сұрақ қой.
- Осы өлеңнен көкейіңе не түйдің?
- Үлкенге көмектесу, әдепті болу.
5. Дәптермен жұмыс
А) Күн жадын жазу
Ә) Тақырыпты жазады
Б) 326 – жаттығуды жатқа жазу.
6. Сурет бойынша (экраннан көрсету) сөйлем құратып, оларды тақтаға жаздыру. Етістіктерді тапқызу, дәптерлеріне жаздыру. Оқушыларға 327 – жаттығуды орындағанын айтып, оқулықтағы жаттығумен салыстыру.
7. Көркем жазу. 328 – жаттығудағы өлеңді мәнерлеп оқып, өлеңді көшіртіп жаздыру. Әр қатардан бір- бір оқушы шығып бір жолдан жазып етістіктерді тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын айтқызу.
8. Сөздік жұмысы. Төскей- таудың беткейі, төсі.
9. Үйге тапсырма: 1) 330 - жаттығу
2) Шығармашылық жұмыс. 5 жол өлең құру.
10. Сабақты қорыту. А) Венн диаграммасы
Ә) Тор стратегиясы -3 оқушы толтырады.
?
Б) деңгейлік тапсырмалар:
І – деңгейлік тапсырма:
Мына сөйлемнен зат есімді тауып, астын сыз.
Мұғалім Әселді мақтады.
2. Мына сөздерді сөз құрамына талда.
Балықшылар, балықтарға.
(Қорытындылау)
ІІ – деңгейлік тапсырма:
Мәтін неше бөліктен тұрады? 329- жаттығу. “Мейірімді қыз”
Осы мәтіннен етістіктерді тап.
(Қорытындылау)
ІІІ – деңгейлік тапсырма:
“Мейірімді қыз” деп аталу себебін 1 сөзбен түсіндіріп жаз. Себебі...
Етістігі бар 2 сөйлем ойлап жаз.
(Қорытындылау)
В) Жақсы ұпай жинаған оқушыларды қол шапалақтап, мадақтау.
Г) Әр қатар бүгінгі күнге тілек тілеп жіберейік.
І – қатар: Жақсылық - орындарынан тұрады.
ІІ – қатар: Сәттілік
ІІІ – қатар: Денсаулық
Ғ) Бәріңізге көп- көп рахмет!
Сабақ аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |