Мақсаты а Оқушылардың білімдерін тереңдете



бет2/5
Дата05.02.2022
өлшемі282,63 Kb.
#20490
түріСабақ
1   2   3   4   5
Сабақтың тақырыбы: «Достық өлкесінің заңы» М.Шаханов.
Мақсаты:1) Өлеңнің мазмұны,негізгі идеясы ашылады,өлең мазмұнын қара
сөзбен баяндай білуге машықтанады.
2) Байланыстырып сөйлеу дағдылары жетіледі,сөздік қорлары
толығады,мәнерлеп оқу дағдылары жетіледі.
3)Өзара жолдастық көмек көрсетуге тәрбиеленеді.
Көрнекілігі:Интериактивтік тақта,портреттер,сызбалар,бағалау бетшесі,даму мониторингісі,парақшалар,көрсеткіштер.
Әдістер: Сұрақ-жауап,түсіндіру,сахналау,оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы, СТО стратегиялары,өзіндік жұмыстар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың жүрісі:
I.Ұйымдастыру жұмысы.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
«Бала,бала,бала!»,- деп
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Бұл кім? (Ы.Алтынсарин.)
«Ақ шаш»әңгімесінің мазмұны сұралады.
Әңгіме сахналап көрсетіледі.
Автор Сухомлинский туралы айтылады.
Ана туралы бір шумақ өлең құрастырады.
......... қымбат
........... өзімнің
.......... ақтаймын
........... сақтаймын.
III.Қызығушылықты ояту:

а)Өлеңнен үзінді оқылады:


Кез келгеннің қолы жетпес,
Кез келгеннің жолы жетпес,
Айналайын ұлы достық,айналайын атыңнан.
Құлатпашы мені мәңгі осы биік сатыңнан
Айналайын ұлы достық,айналайын атыңнан.
М.Шаханов.
ә)Өлең не туралы?
б) Дос қандай болуы керек?
Дос

IV.Жаңа мағынаны таныту:


а) М.Шаханов өмірі,шығармашылығы туралы әңгімеленеді.
ә) «Достық өлкесінің заңы» дауыстап оқылады.
б) Өлең дауыстап оқылады.
в) Рөлге бөліп оқылады
г) Сұрақтарға жауап алынады.
д) Өлеңдегі оқиға қара сөзбен айтылады.
V. Ой толғаныс:

Деңгейлік тапсырмалар.


І деңгей
1. Мұхтар Шаханов кім?
2. Өлеңдегі оқиға қайда болған?
ІІ деңгей
Өлеңнен туыстықты білдіретін сөздерді тауып жаз.
2Достық туралы 2 мақал эазу.
ІІІ деңгей
Өлеңнен сәбилік шаққа байланысты айтылған тіркестерді тауып жаз.
«Көңіліміздің айдынында күн жүзді» деген тіркестің мағынасын басқаша қалай айтар едің?
Шығармашылық деңгей.
Достық туралы өлең құрастыр.
Даму мониторингісі қорытындыланып, бағалау бетшесі толтырылды.
VІ. Сабақ қорытындыланды.


Шамжанова Жеміс Бектұрғанқызы
19 Қ.И.Сәтпаев атындағы орта
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Еңбекке баулу пәнінен 4- сыныпта өткізілгін ашық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Көркем еңбек
Желбіршек дайындау
104-105 бет
Сабақтың мақсаты: 1. Желбір, желбіршек туралы түсінік беріп, олардың айырмашылығын ажыраттыру.
2.Желбір мен желбіршектің өмірде қолданылуы.
3.Матамен, таспамен жұмыс жасауға баулу.
4.Желбір мен желбіршектің ұлттық киімдерде кездесетіні, оның мағынасы туралы түсінік беру.
5. Қажетті құралдарды дұрыс пайдалануға баулу.

Сабақтың түрі: Іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы.


Сабақтың әдісі: Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйенің педагогикалық технологиясы.


Сабақтың көрнекілігі: 1.Көркем еңбекке қажет құралдар.


(мата, таспа, инелер)
2.Оларды пайдалану қауіпсіздігі.
3.Желбірдің қолданылатын
4. Тігу тәсілі.

Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру кезі.
ІІ.Кіріспе бөлім. (өткен сабақ пен жаңа сабақ байланысын әңгімелеу)
А) Желбір тігу туралы оқушыға айтқызу.
Ә) Желбіршек, оның дайындалуы туралы әңгімелеу. Оның тігілу рет – тәртібі:
1. Таспаның өз бетіне тігістің орнын белгілеу.
Таспаның ұзындығы бұйымнан екі есе ұзын болу керек.
2. Таспаның неі 4-5см болады,оның дәл ортасына екі тігіс жүргіземіз.
3Таспаның жіптерін тартып бүріп, бұйымға көктеп тігеміз.
Көктеу тігісі қатар тігісінің дәл ортасында орналасуы қажет.
4. Желбіршектің ортасындағы тігісі жіңішке таспамен бастыра тігіп, әшекелеуге де болады.

Б) Желбіршек қайда қолданылады?



Киімдерде көпшікте сөмкелерде жапқыштарда

ІІІ. Жаңа сабақ бойынша жұмыс.


Желбіршек дайындау
Деңгейлік тапсырмалар
І – деңгейлік тапсырма:
- Таспаға тігіс орнын белгілеу
- Таспа ортасына екі тігіс жүргізу
ІІ – деңгейлік тапсырма:
Таспа жіптерін тартып, бүріп, қысқарту.
Оны бұйымға инемен бекіту.

ІІІ- деңгейлік тапсырма:


-Бұйымға тігу, көктеп тігу, аяқтау.
Шығармашылық тапсырма:
«Бұл бұйымдарға желбіршек салуға болады ма? Соны көрсет»
Деңгейлік тапсырмаларды орындау кезіндегі істелетін жұмыстар:
Бағалау бетшесі. Әр тапсырмада әр оқушы баллдық жүйемен бағаланады.
Даму мониторингісі:
Әр оқушы деңгейлік тапсырманы болған сайын магнитін көрсетеді.
Шығармашылық тапсырма әр оқушыға жеке беріледі

Қорытынды:


А)Жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастыру.
Ә) Бағалау бетшесін таныстыру.
Б) Даму мониторингісі бойынша әңгімелеу.



Даулетқазиева Лиза
27 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
2 «А» сыныпта өткізілген математика сабағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет