Жаппасбаева Г. К. Мереке орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Математика сабағы ойлану мен ойлантудың сабағы



Дата25.08.2017
өлшемі25,66 Kb.
#27752
Жаппасбаева Г.К.

Мереке орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімі
Математика - сабағы ойлану мен ойлантудың сабағы
Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ұрпақ тәрбиелейтін ұстаздарымыздың болмысын заманауи талаптарға сай шыңдай түсу қажеттігін негізгі құндылық ретінде айрықша атап өткен болатын.

Мен де екінші деңгейлік курстың мазмұнын ұққаннан кейін осы кезге дейінгі пайдаланып келген іс-тәжірибемді өзгерту керектігін түсіндім. Өзіме «Мен не үшін өзгеруім керек?» деген сұрақ қойып, соған жауап іздедім.

Бұрын бізге оқушы тек оқу-білім үйрететін нысан болса, қазіргі оқушы өз ойын ашық айта алатын, өзіндік дәлелдерін еркін жеткізе білетін, ынталы тұлға. Оқушы бұрын тек дайын білімді алса, қазір ол жеткіліксіз. Енді ол мектепте алған білімін кез-келген жағдайда пайдалана білетін құзіретті болуы керек. Оқушының мінез-құлқын өзгерту үшін, алдымен, біз өзіміз өзгеруіміз керек.

Осы өзгерістерді жүзеге асыру үшін осы мектептегі «Бетпе-бет» кезеңінде іс-әрекетті зерттеу үшін жеті модуль арасынан «Топпен жұмыс істеу арқылы оқушылардың өздігінен есеп шығару дағдысын жетілдіру» деген тақырыпты таңдап алдым.

Менің оқытудағы міндетім оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, топта жұмыс істеуге тәрбиелеу, шығармашылық қабілетін дамыту деп есептедім. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында мектептегі «Бетпе-бет» кезеңінде өзімнің іс-тәжірибеме топпен жұмыс істеу, өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау сияқты өзгерістер енгізіп, сабақ үстінде және сынып сағатында пайдаланып отырдым. Сабақты бұлай түрлендіріп өткізу менің оқушыларыма өте ұнады.

Маған бірінші «Бетпе-бет» теориялық білім алу кезеңінен кейін мектептегі іс-әрекеттегі алған тәжірибем болашақтағы іс-әрекетіме жол салды деп айтуыма болады. Дәстүрлі білім беруде мұғалім оқушыларға тек дайын материалдардан дәріс берсе, жаңа форматтағы білім беруде тың әдіс-тәсілдерді пайдаланып сабақ беру оқушылардың білім алуға деген ынтасын арттыратындықтарын байқадым. Сабақ үстіндегі оқушылардың бір-бірімен араласуы, сыйластығы, бір-бірімен санасуы, бір-біріне сенімділігі мен өзара көмектің артатыны көрінді. Топпен, жұппен жұмыс барысында олардың жауапкершілігі арта түсті, бірінің білмегенін екіншісі толықтырып, жетелеп отырды, жақын арадағы даму аймағы пайда болды, топ басшылары өздеріне жүктелген жауапкершілікті түсіне білді.



Сабақ барысында оқушыларға тапсырма беру арқылы олардың сын тұрғыдан ойлауы қалыптасты, өзіндік пікірі, өзіндік ойы пайда болды және талқыға түсу арқылы ортақ бір шешімге тоқталды. Постермен жұмыс істеу барысында оқушылар сын тұрғысынан ойлап, белсенді, шығармашылықпен жұмыс істейтіндіктерін көрсетті. Сабақ барысындағы сергіту сәттері оқушылардың көңіл-күйлерін көтеріп, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырды.

Математика сабағы ойлану мен ойлантудың сабағы болғандықтан, Блум таксономиясының "талдау, жинақтау, бағалау" сынды ойлаудың жоғары деңгейлері оқушылардың пәннен алған білімін өмірде қолдана алуына жетектейді. Л.Выготский: " ... Егер мұғалім бір нәрсені жақсы меңгертуді ойласа, оның қызықты болуын қамтамасыз етуі керек" - деген болатын. Сондықтан да алдағы уақытта сабақ барысында қолдана алмаған жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушыларға сапалы білім беруге жұмыс жасаймын.
Каталог: uploads -> doc -> 0190
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0190 -> Модульдік оқыту технологиясын химия пәнінде пайдалану кененбаева Жадыра Жұманқұлқызы
0190 -> Сабаққа кешікпеу; Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлмеу; Уақытты үнемді әрі тиімді пайдалану
0190 -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтардың рухани мәдениеті, дін, қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық мейрамдары
0190 -> Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің 26 ноября 2015г технологиялық картасы Білім беру саласы: «Познание», «Творчество»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет