“Сабақ барысында қолданылатын тиімді
әдіс –тәсілдер”
Қазіргі мұғалім:
Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе
алатын;
Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
Білімді, іскер, шебер болу керек;
Қазіргі технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Қазіргі оқушы:
- Дүниетаным қабілеті жоғары;
- Дарынды, өнерпаз;
- Ізденімпаз, талапты:
- Өз алдына мақсат қоя білу керек;
Осындай тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Оқыту үрдісінде осындай әдістерді пайдалану мұғалімнің өзінің шеберлігіне қарай жүзеге асады. Оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп.
Біз қолданып жүрген бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан , сындарлы оқыту негіздері қамтылған. Бұл біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны 7 модуль түрінде берілген:
1. Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер; 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; 3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; 4. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану; 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту; 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу; 7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық
Сабақты ұйымдастыру барысында «Миға шабуыл » , «Қаламсап», «Мозайка», «Қозғалыстағы сурет», «Сәйкестендіру» , «Сазды қобдиша», әдістерін пайдаланамын .
Жаңа тақырыпты меңгерту мақсатында «Ойлан, бірік, бөліс » , «Адасқан сөздер» , «Джиксо» , «Аквариум», «Инсерт» әдістерін қолданамын.
Оқушыларды жалықтырап алмас үшін ойын түрлерін қолдана отырып окушыларды сергітіп аламын.
Жаңа сабақты бекіту мақсатында «Жеке жұмыс» , «Деңгейлік » тапсырмалар , «Жұптық жұмыс » әдісін қолданамын.
Әр сабақты пысықтау үшін «Өзіңді тексер » әдісін пайдаланып сұрақтар тарқатып олардың түсінбеген жерлерін өзіме түртіп алам.
Оқушыларды бағалау үшін смайликтер , түрлі түсті суреттер,бағдаршам, бағалау парақтарын қолданамын. Сабақ соңында міндетті түрде кері байланыс алып отырамын мысалға «Беспармақ», « БҮҮ» кестесі
«Insert» әдісі
Жаңа материалмен таныса отырып, түртіп алу жүйесімен мәлімет жинайды, саралайды, бағалайды.
Тапсырманы оқып, түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс жасалады:
кесте жүйесі бойынша жұмыс жасайды.
W- білемін
|
+ жаңалық
|
- білмеймін
|
?- білгім келеді
| | | | |
Жалпы қорыта айтқанда, аталған әдіс – тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсек, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, білім алушы өз ой – пікірін ашық еркін айтады, бір – бірін тыңдауға үйренеді, ұжымда ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Осыдан кейін ғана жан – жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.
Назар салып тыңдағандарыңызға Р А Х М Е Т!
Достарыңызбен бөлісу: |