МДМ №: МҚКК № 12 мемлекеттік тілде оқытатын сәбилер бақшасы.
Аты-жөні: Алтынай Алиханқызы Дарханова
Лауазымы: Тәрбиеші
Еңбек өтілі: 19 жыл 4 ай
Санаты: ІІ
Тақырыбы: «Әке мен бала»
Топ: Ересек тобы
Мақсаты: Балаларды шығарманы мазмұндауға үйрету.
Міндеттері:
Білімділік: Қазақтан шыққан тұңғыш ағартушы Ы. Алтынсариннің шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Тыңдап, шығарма мазмұнын қабылдай білу, әңгімелей білу іскерлігін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Сөздік әдіс: сұрақ – жауап, көркем сөз, «Инсерт»
Көрнекілік әдіс: Үлестірмелі белгілермен жұмыс., Еңбек
тақырыбындағы суреттер.
Практикалық әдіс: СТО технологиясының « Джиксо – 1 »
стратегиясы.
Көрнекіліктер: Үлестірмелі белгілер, суреттер.
Сөздік жұмыс:Таға , ұста.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Жылулық шеңбері: «Жүректен жүрекке»:
(Жұмсақ ойыншық жүректі бір-біріне сыйлай отырып,жүректен шыққан жақсы тілектерін білдіреді)
-Мен саған қуаныш тілеймін.
-Мен саған сүйіспеншілік тілеймін.
-Мен саған жақсылық тілеймін.
( Үш топқа еркін түрде 3 түсті текшелермен бөлініп отыру. )
ІІ Кіріспе кезеңі:
Топтастыру стратегиясы.
Тәрбиеші:
- Балалар, сендер қандай ақын – жазушыларды білесіңдер?
Балалар:
- Абай Құнанбаев, Мұзафар Әлімбаев, Қадір Мырзалиев, Ыбырай Алтынсарин т.б.
Тәрбиеші:
1 топқа сұрақ:
- Ы.Алтынсарин кім деп ойлайсыңдар?
/ Ғалым, педагог, әліппе авторы, мұғалім, жазушы /
2 топқа сұрақ:
- Алтынсариннің қандай әңгімелерін білесіңдер?
/ « Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш », « Әзілхан мектепке барады », « Әке мен бала ».
3 топқа сұрақ:
- Осы әңгімелер неге үйретеді?
/ Адамгершілікке тәрбиелейді, еңбекке баулиды.
Енді балалар, алдарыңдағы суреттерге байланысты бір – біріңе мақал – мәтелдер айтыңдар.
Еңбек етсең, ерінбей,
Тояды қарын тіленбей.
Еңбексіз өмір жоқ.
( Тақтада әке мен баланың суреті ашылады )
Тәрбиеші:
- Балалар суретке қарап Ы. Алтынсариннің қай шығармасы жөнінде сөйлесеміз?
Балалар: « Әке мен бала »
Инсерт стратегиясы:
( Сөздік жұмыс )
Тәрбиеші:
Білемін деген бала « + »
Көмек керек деген бала « - »
Білмеймін, бірінші рет естіп тұрмын деген бала « ? » белгілерін көтереді.
Жаңа сөздер: таға, ұста.
Джиксо – 1 стратегиясы.
( Алдын-ала жұмыс:Үш топқа әңгіме үзінділері алдын – ала беріліп қояды және әр үстел үстінде 1,2, 3 сандары жатады )
Тәрбиеші:
- Балалар, 1 санын алған бала бірінші үстелге, 2 санын алған бала екінші үстелге, 3 санын алған бала үшінші үстелге жайғассын.
( Балалар жайғасып, бір – біріне берілген үзіндіні еске түсіріп айтады да орындарына қайтады. Орындарында әр ( 1,2,3,) бала өзінің үзіндісін кезек-кезек айтып, әңгімені толық мазмұндап береді. )
« Ой толғаныс стратегиясы »
Тәрбиеші:
Әкесі мен баласының қайдан келе жатқаны жөнінде
Әкесі жолдан не көргені жөнінде.
Баласының әкесінің тілін алмағаны жөнінде.
Тағаның неге қажет болғаны жөнінде.
Әкесі баласын қалай ақылға шақырғаны жөнінде әңгімелеу.
«Бес жол өлең.»
Тәрбиеші:
- Балалар, келесі тапсырманы мұқият тыңдаңдар:
1 топ – « Әке »
2 топ – « Бала »
3 топ – « Таға » - деген сөздермен үлгі бойынша өлең құрастырыңдар.
1 жол: не?
2 жол: қандай?
3 жол: не істеді?
4 жол: 4 сөзді мағыналы сөйлем
5 жол: тақырыптың синонимі.
Бекіту:
Бекіту кезеңін балаларды шеңбер бойына жинап жүргізу:
1. « Әке мен бала « шығармасының авторы кім?
2. Адамның бойындағы жақсы, жаман қасиеттер жөнінде әңгімелесу.
3.Венн диаграмма:
( Әке мен баланың жақсы және жаман қасиеттерін салыстыру. )
Тәрбиеші:
- Балалар сендер осы әңгімеде кімге ұқсар едіңдер, неліктен?
Балалар:
- Әкесіне. Себебі әкесінің бойындағы жақсы қасиеттер – еңбексүйгіштік, ақылдылық және ұстамдылық.Сондай болуға еліктейміз.
Ал баласының бойындағы жаман қасиеттері- жалқаулық, еріншек, шыдамсыздық.
Тәрбиеші:
- Ендеше әкесі мен баласын сипаттап көрейік.
Бағалау:
- Тәрбиешінің бағалауы
- Өзін – өзі бағалауы
- Бірін – бірі бағалауы.
Достарыңызбен бөлісу: |