Мақсаты. Білімділігі: Студенттермен жылу процесінің жайлы зерттеу. Дамытушылығы



Дата21.12.2021
өлшемі16,46 Kb.
#104445
түріСабақ
Байланысты:
Жылу алмасу процестер


Тақырыбы: Жылулық процестер. Жылу беру негіздері
Мақсаты.

  • Білімділігі: Студенттермен жылу процесінің жайлы зерттеу.

  • Дамытушылығы: БСтуденттерді жылу процестерінің түрін білуді үйрету.

  • Тәрбиелігі: Студенттерді мәдениеттілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі -3 мин

  2. Дәріс оқу – 22 мин

  3. Есептеулер -10 мин

  4. Қорытындылау -10 мин

  5. Сабақты сұрақтар қою арқылы бекіту-5 мин

Әртүрлі температурадағы денелерде жылу энергиясының бірінен екіншісіне өтуі жылу алмасу процесі деп аталады. Жылу алмасу процестерінің қозғаушы күші - ыстық жанасу денелердің температураларының айырмасы болып табылады. Бұл қозғаушы күштің әсерінен термодинамиканың ектінші заңына байланысты жылу ыстық денеден суық денеге өздігінен өтеді. Денелер арасындағы жылу алмасу еркін элекгрондар, атомддр және молекулалардың өзара энергия алмасуы арқасында болады. Жылу алмасуда қатынасатын денелерді жылу тасымалдағыштар деп атайды.

Жылу өту - жылу тарату процестері жөніндегі ғылым. Жылу процестеріне төмендегілер жатады: ысыту, суыту, конденсациялау және буландыру. Көптеген масса алмасу (мысалы, айдау, кептіру және т.б.) және химиялық процестердің өтуінде бұл процестердің маңызы үлкен.

Жылу таратудың негізгі үш түрлі тәстлі бар: жылу өткізгіштік, жылулы сәуле шығару және конвекция.



Жылу өткізгіштік. Бір-біріне тиісіп тұратын өте кіші бөлшектердің тәртіпсіз қозғалысының нәтижесінде жылу өту процесі жылу өткізтіштік деп аталады. Бұл қозғалыс газдар және тамшылы сұйықтарда молекулалардың қозғалысы қатты денелерде кристалдық тордағы атомдардың тербелісі немесе металдардағы еркін электрондар диффузиясы болуы мүмкін. Қатты денелердің жылу таратуының негізгі түрі жылу өткізгіштік болады.

Конвекция газ немесе сұйықтардың макро көлемдерінің қозғалысы және оларды араластыру нәтижесінде жылулық таралуы конвекция деп аталады. Конвекция екі түрлі болады:

1) еркін немесе табиғи;

2) еріксіз.

Газ немесе сүйық көлемінің әртүрлі нүктелеріндегі температуралар айырмашылығы салдарынан осы нүктелердегі тығыздықтар айырмасьның нәтижесінде болатын жылу алмасуды еркін немесе табиғи конвекция деп атайды. Газ немесе сұйық көлемінің еріксіз қозғалысы (мысалы, насос, компрессор жәрдемімен немесе араластырғышпен араластырғанда) салдарынан жылу алмасуды еріксіз конвекция дейді.

Жылулы сәуле шығару. Жылу энергиясының электромагнитті толқындар жәрдемінде таралуы жылулы сәуле шығару деп аталады. Бұл кезде жылу энергиясы кеңістіктен өтіп, сосын сәулелі энергияға басқа денемен сіңіріліп, қайтадан жылу энергиясына айналады.

Іс жүзінде жылу алмасу бөлек алынған бір ғана тәсілмен емес, бірнеше тәсілдермен өтеді. Мысалы, қатты қабырға мен газ арасындағы жылу алмасу конвекция, ж ылуөткізгіштік және жылулы сәуле шығару тәсілдерімен өтеді. Жылудың қатты қабырғадан оны ағыстап өтетін газға (сұйыққа) немесе кері бағытта алмасуын жылу беру деп атайды.

Ыстық газдан (сұйықтан) суық газға (сұйыққа) оларды бөліп тұрған қатты қабырға немесе бет арқылы жылу өту күрделілеу болады. Бұл процесті жылу өту деп атайды.

Үздіксіз әрекетті аппараттарда әртүрлі нүктелердегі температуға уақыт бойынша өзгермейді, мұндай аппараттардағы процесс қалыптасқан (стационарлы) болады. Мерзімді әрекетті аппараттарда температура уақыт бойынша өзгереді (мысалы ысытқанда немесе суытқанда), яғни жылу алмасу процесі қалыптаспаған (стационарлы емес) болады.
3.Қорытынды. Процестердегі жылулық түрлері туралы түсіндік
4.Бекітуге арналған сұрақтар:


  1. Жылу алмасу дегеніміз не?

  2. Жылу өту дегеніміз не?


Ұсынылатын әдебиеттер

1. Кузнецов А.Н., Кагерманов С.М., СудаковЕ.Н., расчеты процессови аппаратов нефтеперерабатывающей промышленности, М, Химия, 1974.

2. Гельперин Н. И., Носов Г. А. Основы техники кристализации расплавов. М., Химия, 1975, 351 с.

3. Дытнерский Ю. И. Беромембарнные процессы. М., Химия, 1986, 272 с.



4. Молдабекңов Ш. М., Ахбердиев А. С., Нурунбетов Т. С. Методическая разработка к курсовому проектированию по теме «Расчет тарельчатой ректификационной колонны». Шымкент, 1981, 85 с.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет