Тақырыбы: «Қазақстан-мәңгілік ел»
Мақсаты:
Білімділік:Балаларға Қазақстан Республикасы, Мәңгілік ел, Отан туралы түсінік беру.
Дамытушылық:Балалардың тіл байлығын, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілеттерін, тақпақтар, би, ойын арқылы дамыту,
Тәрбиелік:Туған елін, жерін, Отанын сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Қиылған қала суреттері, рәміздер, суреттер, отан туралы мақал-мәтелдер, жапсырма.
Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Сөздік жұмыс:Отан.
Қостілділік компонент:Отан-родина- homeland , ту-флаг-flag, елтаңба-герб- anthem.
Барысы:
Шаттық шеңбері:
- Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды даламыз,
Жайнай түсті қаламыз
Біз бақытты баламыз!
Қайырлы таң балалар!
Қайырлы таң апайлар!
Тәрбиеші:Балалар, бүгінгі ашық түрде ұйымдастырылған оқу-қызметінде «Қазақстан –мәңгілік ел!» атты тақырыпта әңгімелесеміз.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі-гимнді тік тұрып, орындайық.Барлығы тік тұрып гимнді орындайды.
Тақтамен жұмыс:
-Балалар біздің Отанымыз қалай аталады?
-Қазақстан
-Қазақстан Республикасының президенті кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
-Елордамыз еліміздің бас қаласы қай қала?
-Астана қаласы.
-Мемлекеттік тіліміз қалай аталады?
-Қазақ тілі.
-Дұрыс айтасыңдар, балалар, жарайсыңдар!
-Сендер, еліміздің мемлекеттік рәміздерін білесіңдерме?
-Иә, Елтаңба, Ту, Гимн.
Сөздік жұмыс:Отан-ол еліміз, туып өскен жеріміз, отбасымыз.
Қостілділік компонент:Отан-родина-homeland
Ту-флаг-flag
Елтаңба-герб-anthem
Тәрбиеші:Балалар, енді бейне таспаға назар аударайықшы.Бейне таспа қойылып, Қазақстанның өткені мен бүгіні көрсетіледі.Қазақстан қандай қиын қыстау кезеңдерді бастан кешіргенін, тәуелсіздік оңайлықпен келмегенін, Елбасымыз қалай сайланып, оны, көреген саясатының арқасында осындай күнге жеткенімізді айтады.
-Балалар, бейне таспадан не көрдіңдер?
-Тәуелсіз мемлекет болып қашан? қалай? атандық?
-1991жылы желтоқсанда.
-Төл теңгеміз қашан шықты?
-1993жылы.
-Елордамыз «Астана» қаласына қашан көшірілді?
-1998жылы 6 мамырда.
-Таяуда Тәуелсіздігіміздің неше жылдығын атап өттік?
-25жылдығын.
-Дұрыс айтасыңдар, балалар.
-Сендер, осы Қазақстан, Астана, президент, рәміздер туралы тақпақтар білесіңдер ме?
-Иә, білеміз.Олай болса, маған айтып беріңдерші.
Балалардың тақпақтары:
1.Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң Қазақстан.
Елім менің-тірегім,
Құшағыңда гүл атам.
2.Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің-Қазақстан!
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің-Қазақстан!
3.Шықты тарап ой данадан,
Бер қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар президенті.
4. Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған
Халқым жетсін мұратқа
Ей, бас қалам- Астана
Отанымның төрінде,
Сарарқаның өрінде.
Ту ұстаған астанам,
Әсем қалам, бас қалам
5. Ән ұраны елімнің
Шақырады бірлікке
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте
6.Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған
Билігім өз қолыңда
Еркіндігім –Елтаңбам
7. Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным!
Таспадан айтылған «Қара жорға» әніне би билеп, қимылмен бойларын сергітіп алады.
Балалар орындарына отырады.
Тәрбиеші:-Балалар сендер отан туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?
Балалар:-Иә, білеміз.
1.Отан-елдің анасы,
Ел-ердің анасы.
2.Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.
3.Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.
4.Отан-оттанда ыстық.
Жарайсыңдар, балалар.Сендер Отан туралы жан-жақты білетіндеріңді көрсеттіңдер.
Қорытынды:
Ойын: «Кім шапшаң?»
Ойын шарты:Қиылған қала суреттерін балалар 2 топқа бөлініп, «Астана», және «Теміртау» қалаларын тақтадағы ақ қатты қағазға қаланы көркейтіп жапсырады.
Қай топ қаланы көркейтіп шапшаң жапсырса, сол топ жеңімпаз болады.
-Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
-Иә, ұнады.Жарайсыңдар, балалар.Сендерге көп-көп рахмет!
Бүгін сендер оқу-қызметіне жақсы қатыстыңдар деп балаларды көңілді күндермен бағалап, мадақтау.
- Міне , балалар , өміріміздің жалғасы ,еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар.
Құрметті әріптестер! Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге,кетігін тапта бар қалан»деп ,бүгінгі бүлдіршін балаларымыз қоғамымызға кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен бүгінгі оқу-қызметін аяқтаймыз.
Балалар:
Ризамыз, ризамыз,
Өткен күнге ризамыз!
Ризамыз, ризамыз,
Осы күнге ризамыз!
МКҚК «№9 «Ақбота» бөбекжайы
№6 «Қарлығаш» тобы.
Ашық түрде ұйымдастырылған оқу- қызметі
Тақырыбы: «Қазақстан-мәңгілік ел!»
Өткізген: тәрбиеші:
Каипбердиева Г.Т.
Теміртау қаласы-2017жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |