Білім беру саласы: Таным, шығармашылық,
Білім беру бөлімі: ҚМТҚ, жапсыру
Тақырыбы: Сиқырлы пішіндер
Мақсаты:
Білімділік: геометриялық фигураларды атау және тану,
Дамытушылық: балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін
дамыту, тілдік қорларын молайту, табиғатқа деген сезімдерін
қалыптастыру.
Тәрбиелік: балаларды табиғаттағы әсемдікті бақылауға
дағдыландыру арқылы эстетикалық тәрбие беру, адамгершілік
қарым-қатынасқа баулу.
Шаттық шеңбер:
Аспанымыз ашық болсын
Анамыз аман болсын.
Деніміз сау болсын!
Балабақшамыз көркее берсін
Балалар кәне қонақтармен амандасайық Сәлеметсіздер ме!
Отырыңдар балалар! Кім маған айтады:
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір жылдың көктем мезгілі.
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Көктем мезгілінде үш ай бар?
(Наурыз, сәуір, мамыр)
-Көктем мезгілінің ерекшеліктерін атап жіберейікші?
-Күн жылынады, қар ериді, құстар жылы жақтан ұшып келеді.
-Дұрыс айтасындар балалар, көктем мезгілінде күн жылынады,
айналадағы қар, өзен, көлдердегі мұздар ериді. Жаңбыр жиі
жауады, кемпірқосақ шығады. Ағаштар бүршік жара
бастайды. Көктемнің алғашқы гүлдері бәйшешек, қызғалдақ
гүлдейді.
Музыка әуенімен: Маша кіреді. Мені аю мектепке жіберді ал мен
ештеңе білмеймін.
Тәрбиеші: кел Маша бізбен бірге отыр сабағымызға қатыс
сұрақтарға жауап бересін
Маша: маған мұнда көп тапсырма берді бірақ мен оларды
жасамадым?
Біз саған көмектесеміз. Көмектесеміз ба балалар? Көмектесеміз.
Кел отыр Маша.
Тәрбиеші: Балалар кәне машаның көңіл-күйін көтерейік?
Ойын: «Тамаша»
-Біздің балабақша қандай?
Балалар: тамаша.
-Біздің топ қандай?
Балалар: тамаша
-Тәрбиешілерің қандай?
Балалар:тамаша
-Бүгінгі күн қандай?
Балалар:тамаша
-Біздің көңіл – күйіміз қандай?
Балалар:тамаша.
1-ші тапсырма: «Геометриялық пішіндерді ата»
(үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.)
Пішіндерді ауада сыз.
Қайсысы көп, қайсысы аз?
(балалар суреттегі заттардың көп, азын көрсетеді.)
2-ші тапсырма:
Қайсысы ұзын?
(ұзын, қысқа)
Қайсысы жуан?
(жуан-жіңішке)
Қайсысы алыс?
(алыс, жақын ұғымдарын көрсету.)
3-ші тапсырма:
«Ұқсасын табу»
(тақтаға пішіндердің суреттері ілінеді. Балалар бір суреттен
алып пішіндердің астына жабыстырады. Мысалы: алма-
дөңгелектің астына, ал пирамида ұшбұрыштың астына,
теледидар төртбұрыштың астына)
4-ші тапсырма: Мына матрешкаларға геометриялық пішіндерді
жапстыру.
Артқа қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық.
Мында балаларға түсіндіру қалай жапстырамыз, желін, қылқалам,
қиылған жіптер.
Балалардың жұмыстары тақтаға ілінеді.
Ойын: «Көңілді доп.»
Ойынның шарты: балалар мен сендерге сұрақ қойып, допты
лақтырамын. Ал сендер қағып алып жауабын айтасыңдар.
Балалар жауабын жылдам айту керек. Өйткені біздің добымыз
өте жылдам, сендерді жылдамдыққа үйретеді.
Тәрбиеші: олай болса бастаймыз!
Бала:бастаймыз.
Тәрбиеші:қазір жылдың қай мезгілі?
Бала:көктем мезгілі
Тәрбиеші:қандай сабақ болды?
Бала:математика және жапсыру
Тәрбиеші:кім қоннақа келді?
Бала:Маша.
Тәрбиеші:бір тақпақ айттып бер?
Бала:тақпақ айтады
Тәрбиеші:үшбұрышта неше бұрышы бар?
Бала:үш бұрышы бар.
Тәрбиеші:төртбұрышта неше бұрышы бар?
Бала:төртбұрышы бар
Тәрбиеші:күннің көзі қандай пішінге ұқсайды?
Бала:шеңберге.
Жарайсыңдар балалар, өте жақсы, барлықтарыңа рахмет айтамын,
бүгін белсене жақсы қатысып отырдыңдар.
Маша: Рахмет сендерге балалар, сендер бүгін көп тапсырмаларды
орындадыңдар. Мен сендерден бүгін көп үйрендім, сендер өте
ақылды, балалар екенсіңдер.