Мақсаты: Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен
«Қош, бастауышым бал бұлағым!»
(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі)
Мақсаты: Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қадірлі ұстаздар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр. Құттықтау сөзді мектебіміздің директоры ---------------------------------------- беріледі.
2-жүргізуші: Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір мұрат.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -дегендей, бұл да бір қуанышты күн.
Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.
Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
«Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Қош, бастауышым бал бұлағым!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. 1-жүргізуші: Бүгінгі «Қош, бастауышым бал бұлағым!» ертеңгілігіне қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер - әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.
1-жүргізуші: Қош келдіңіздер ақ жаулықты аналар мен әкелер,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр төгілер
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады
Азамат боп, ержеткен сіздің түлектер!
2-жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 сынып түлектерін ортамызға.
(Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады. )