Мақсаты: Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен



бет2/3
Дата15.06.2022
өлшемі61,5 Kb.
#146567
түріСценарий
1   2   3
Байланысты:
Сценарий Бастауышпен қоштасу 4класс

1-жүргізуші: Армысыздар жас достар
Болашаққа жол бастар.
2-жүргізуші: Білім деген ғажаптың
Келешегі қазақтың
І-жүргізуші: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.
2-жүргізуші: Дұрыс айтасың:
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек.
Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға, - деп айтуында терең ой жатыр.
І-жүргізуші: Олай болса, келесі өлең жолдарын ұстаздарымызға арнаймыз.
Әлихан: Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны
Айқара есік ашып тасталғаны.
Бір мереке думан болып осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.
Енді, міне сағымдай боп өте шықты
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.
Ұстаз – ана жасады мына бізден
Ел таң қалар азамат бір – бір мықты.
Қайсар: Әлі есімде мектепке келгеніміз,
Келгеніміз, сыныпқа енгеніміз.
Жасқаншақтап, таңырқап тұрған шақта.
Өзің болдың ұстазым сенгеніміз!
Ұқсаттың ба сіз бізді балаңызға,
Ұқсатып ек, біз сізді анамызға.
Жақын тарттың, біртіндеп бауыр бастық.
Жүргеніңді ұнатып арамызда.
Кеп кешегі тосырқау қайда қалған.
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе.
Жан дүниесін баланың жайлап алған.
Ән мен шашу шашайық.
Бекхан: Ұстазым ғой әліпбиді үйреткен,
Көкейіме көрік беріп, гүл еккен.
Мені оқытып, өркенімді өсіріп,
Жалындатып, жанарымды нұр еккен.
Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
Жақсылықтың шырағы боп жағылар.
Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған
Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.
Айша: Мектеп деген білім кені жыр кені
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені
Мектеп, мектеп менің жарқын көңілім
Мектеп, мектеп шаттық толы өмірім
Мектеп, мектеп әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп анам да болып көріндің
1-жүргізуші: Армысың сен , алтын ұя мектебім 
Саған айтар жыр- алғысым көп менің 
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет