Мақсаты: Бірлік пен ынтымақ тақырыбын бойынша білімдерін жинақтау. Ауызекі сөйлей білуге, қазақ тіліндегі өз ойын жеткізе білуге үйрету, сөйлем мүшесін грамматикалық тапсырмалар арқылы бекіту



Дата06.07.2018
өлшемі16,44 Kb.
#48188
Сабақтың тақырыбы: __Бірлік пен ынтымақ елі__

Мақсаты:

  • Бірлік пен ынтымақ тақырыбын бойынша білімдерін жинақтау. Ауызекі сөйлей білуге, қазақ тіліндегі өз ойын жеткізе білуге үйрету, сөйлем мүшесін грамматикалық тапсырмалар арқылы бекіту.

  • Қазақша сөйлеу дағдысын дамыту.

  • Бірлікке, ынтымаққа және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Түрі:_Жаңа сабақты бекіту_

Әдіс-тәсілдер:_сөздік қор тексеру, сөйлем жасау, талдау, түсініп оқу, сөзжұмбақ шешу, өлең және мақал оқу,тест жұмысы т.б.__

Пәнаралық байланыс_орыс тілі, өзін-өзі тану, Қазақстан тарихы, әдебиет_

Көрнекілігі:_Әлфараби сөзі, М.Шахановтың сөзі, пирамида тапсырмалары, кластер, грамматикалық кесте, сөзжұмбақ т.б_

ҰБТ-ға дайындық_Сөйлем мүшелеріне талдау_

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:_____Сәлемдесу_ Ауа-райы___

Күн тәртібі:_Кезекшінің сөзі___

Үй тапсырмасын тексеру:__Сөйлем мүшесіне мысал келтіру__Отан тақырыбына ассоцация арқылы әңгімелеу

Жаңа сабақ:_Бірлік пен ынтымақ елі. Сөйлем мүшелері

Тақтадағы Әлфараби сөзі:



Адамдары бақытқа жету мақсатымен бір – біріне көмектесіп отыратын халық – қайырымды халық. Егер халықтар бақытқа жету мақсатында бір-біріне көмектесіп отыратын болса, бүкіл жер жүзі осылайша қайырымды болмақ.

  • Ал біз бақытты халықпыз ба? Не айтасыңдар?

  • Енді Мұхтар Шахановтың «Жаңа заман» өлең жолдарын тыңдайық!

Жаңа заман, жаңа дәуір өркендеп,

Еңсем биік көрінсе екен ертең деп,

Көкбайрақ ту желбірейді көгімде,

Елтаңба тұр елдігімді көркемдеп.

Жүрегімнің отын үрлеп маздаған,

Әнұраным жыр боп ұйытқып қоздаған

Егеменді елдің жайын бүгінгі

Ақын емес ой толғатып жазбаған.

* Сонымен сабақтың тақырыбы: Бірлік пен ынтымақ елі.

Мақсаттарымен таныс болыңдар.

Мына пирамидалық сатыға көтеріліп, ту тіккенде білім шыңына жетеміз.

тест жұмысы
Сөйлемге талдау мәнерлеп оқу


Сұхбаттасу

Оқулықпен жұмыс.

Сөзжұмбақ шешу


Сөздік қор. Талдау.

- Ал, оқушылар пирамидаға жету үшін Құтыптың даналық сөзіне талдау жасаймыз. Сіздерге жаңалық бар.


Ақыл бізді білімге жетелейді.

Құтып.

Синтаксистік талдаудың жеті атасы

1. Сөйлемде бір тыныс белгі бар. \.\ Ол нүкте. Қойылу себебі ойды аяқтайды.

2. Айтылуы мен мазмұнына қарай – хабарлы сөйлем.

3. Құрылысына қарай – жай сөйлем.

4. Не істейді? – жетелейді. – баяндауыш.

5. Жетелейтін не? – ақыл – бастауыш.

6. Жетелейді кімді? – толықтауыш – бізді.

7. Бізді неге жетелейді? – толықтауыш – білімге.

Міне осылай талдау әдісін болашақта жасаймыз.


1. Сөздік қор А

Бейбітшілік

Ынтымақты

Байырғы

Бостандық

Қайырымды

Қонақжай

Ә. Асты сызылған сөйлемдерге талдау жасау. Ол үшін грамматикалық кестеге қараймыз.

2. А. Оқулықпен жұмыс. 113 бетті ашып, түсініп оқимыз.

Ә. Соңғы сөйлемге талдау.

Онда 130-дан астам ұлт өкілдері бір-біріне көмектесіп, өзара тату, ынтымақты тұрады.

Б. Мақалды орнына қою. Жұппен жұмыс.

* Ырыс алды – ынтымақ.

* Байлық байлық емес – бірлік байлық.

* Бірлік бар жерде тірлік бар.

Бірлік еткен озар, бірлеспеген тозар.



3. А. Сөзжұмбақ шешу. Парақшадағы сөзжұмбақты топпен шешеді.

Ә. Синонимдерден антонимдерді анықта. Жеке жұмыс




Қайырымды

Соғыс

татулық


Мейірімді

Бейбітшілік

Достық


4. А.Сұрақтарға жауап.

* Қазақстан қандай мемлекет?

Қазақстанда қанша облыс бар?

Қазақстанда Ынтымақтастық күні қашан тойланады?

Ә. Тест жұмысы.

5. Сабағымызды әнмен бекітеміз.
Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан.


Туыспыз біз бәріміз

Бір Отанды сүйеміз

Бақытты елде туған соң

Бақытты өмір сүреміз.


Үйге тапсырма: Өлең сөзін жаттау. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табу.
Осымен сабақ аяқталды. Қош, сау, болыңыздар!

  • Білім қайда болса, Биіктік сонда!

  • Парасат қайда болса, Ұлылық сонда!

  • Татулық қайда болса, Біз сонда!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет