Мақсаты: Ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, терең меңгерту. Түрі: Әдеби-сазды кеш. Көрнекілігі: Көрме, интерактивті тақта, Абай туралы фильмнен үзінділер. Жоспары



Дата01.03.2020
өлшемі24,78 Kb.
#59312
Байланысты:
Іс-шара Абай
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМ на каз и рус яз 1 (1), Іс-шара Абай, Әл -Фараби есептері.docx 18.02.2020ж, Әл -Фараби есептері.docx 18.02.2020ж, Әл -Фараби есептері.docx 18.02.2020ж
Мақсаты: 

    Ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, терең меңгерту.


Түрі: Әдеби-сазды кеш.
Көрнекілігі: Көрме, интерактивті тақта, Абай туралы фильмнен үзінділер.  

Жоспары:
1.    Алғы сөз.
2.    І бөлім – Абай туралы.
3.    ІІ бөлім – Абай өлеңдері.
4.    ІІІ бөлім – Абай аудармалары. 
5.    ІV бөлім – Абайдың қарасөздері.
6.    V бөлім – Абайдың әндері.
7. VІ бөлім – Абайдың поэмалары,

8. VІІ бөлім - Абай өлеңдерін жатқа оқу.

9. VІІІ бөлім – Абай өлеңіне сурет салу.

10.    Қорыту.

 

Көрініс: «Сүйіндік аулында Абай мен Ербол»      

Автор сөзі: Сүйіндік аулында жастар жиналып алты бақан болғалы жатыр.


  Жүргізуші: Қуанышбай Дәурен.
 

 - Армысыздар, құрметті көрермен қауым! «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.» атты әдеби-сазды кешімізге хош келдіңіздер!  Бүгінгі кешімізді өткізудегі негізгі мақсатымыз: Ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, терең меңгерту.




Жүргізуші: Құрманбай Жания.       
Бұл шара «Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы» аясында ұйымдастырылып отырғандықтан, бүгнгі кешімізде Абай өлеңдері оқылып, әндері айтылып, көріністер тамашалайсыздар.
Ендеше кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

АБАЙ. Азан шақырып қойған есімі Ибрахим Құнанбайұлы 1845 жылы бұрынғы Семей уезі Шыңғыс болысында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген.Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінде аға сұлтан болған. Абайдың өз әкесі Құнанбай, атасы- Өскенбай, арғы атасы- Ырғызбай.

Абай - әжесі Зере мен анасы Ұлжанның тірбиесінде болған.

Жүргізуші: Қуанышбай Дәурен.
І бөлім – Абай туралы
         

–  Абай - қазақ даласын надандықтың айсыз қараңғы түні бүркеп, тұншықтырып тұрған кезде, еліне дем болуға, қараңғы жерге нұр болуға ағып түскен жарық жұлдыз. Ол мың қырлы, мың тәлімі бар ұлы ақын. Осы уақытқа дейін Абай туралы қанша айтылып, қанашама зертеу жұмыстары жазылып келсе де, ол әлі талай тың жұмыстарға негіз болмақ. Осы орайда Абайды сан зерттеген М.Әуезов былай деген: «Абай – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңіги беруің керек, сүңіги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым.»десе М.Әуезовтен бастап қазақ ақын-жазушыларының кейінгі ұрпағында Абайға соқпай өткені жоқ. Осы ақындардың Абай Құнанбайұлы туралы пікірін тыңдап көрелік.

1. Ахмет Байтұрсынұлы.
Сырлыбек Жансая 6а сынып
2. Мұхтар Әуезов.
Тұран Қымбат 6 б сынып
3. Міржақып Дулатов

Ауданбек Бақберген 8 б сынып

4.Мырзатай Жолдасбеков

Мададов Алан 8 б сынып


Жүргізуші: Құрманбай Жания
ІІ бөлім – Абай өлеңдері.

     - Абай Құнанбайұлы өлеңді 14 жасынан жаза бастады, бірақ ол өлеңдері қалжың, сықақ өлеңдер болды.. 


     Тек 80 жылдары 35 жастан асқаннан кейін, өлең туралы көзқарасын өзгерте бастайды.  Осы уақытқа  дейін оның өлеңдері өз замандасы  «Көкпай» атынан танылып жүрді. Осыдан бастап Абай ақындыққа біржолата бет бұрды. Ақындық мақсатын айқындап, өлең сөз арқылы халыққа қызмет етуге бел байлайды. Осы тұрғыда Абайдың
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін тыңдайық.        
   Тұраш Еңлік

 Абай өлеңдерінің тілі көркемдіктің ең жоғарғы дәрежесіне айналады. Сөзі аз, мағынасы терең Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың жаза алмағанынан емес, тыңдаушылардың түсінерлік дәрежесінің төмендігінен. Өз уақытында тыңдаушы таппаған  Абай Құнанбайұлы талай қүйінеді. Бүгінгі таңда біз Абай арман еткен көзі ашық, көкірегі ояу қазақпыз. Ендеше Абай өлеңдерін өз дәрежесінде қабылдай білуге міндеттіміз. Кезекті ұлы ақынның өз өлеңдеріне берейік.


    1. Убайдулла Райхан 7.Абдіғалиева Кәусар
      2. Жарқынбек Аяла 8. Шырынбек Құдайберген
      3 Тастанбек Аманжол 9. Шегебай Айсәуле
4. Қуандық Асылай

5. Сатыбалды Назерке

6. Амиров Тимучин
Жүргізуші: Қуанышбай Дәурен
ІІІ бөлім – Абай аудармалары.

Абай бар жоғы 4 жыл мұсылманша 3 ай орысша оқыған екен. Соған қарамастан өзінің талабы мен зеректілігі, зор еңбегінің арқасында ана тілінен басқа араб, парсы, түрік тілдерін игерген. Соның ішінде Абайдың орыс тіліне ықыласы ерекше болған.


               
     Абай орыс классиктері Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларын оқып білумен қатар, олардың шығармаларын қазақ тілінде аударған. Сол арқылы қырдағы қалың қазаққа Европа мәдениетінің есігін ашқан.
 .

Ендеше аудармаларын тыңдап көрейік.

1. Крылов «Шегіртке мен құмырсқа » Сматилла Ақниет. 6 а сынып
2 . Лермонтов «Жалау» Құрманбай Шерхан. 6 а сынып
3.  Пушкин «Онегиннің Татьянаға жазған хаты» Сұңқарбек Қарақат 6 а сынып      
 
Жүргізуші: Құрманбай Жәния
ІV бөлім – Абайдың қарасөздері.
   

Абай өз мысалдарында көрсетілген адам бойындағы кемшіліктері мен Абай өмір бойы күресіп келді. Абайдың күрестен беті қайтып, ендігі кезекте басқа жолды таңдауды ұйғарғады.


Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегімді білерлік еш адам жоқ.
Түбінде тыныш жүргенді жек көрмедім. –деп қартайған шағында тыныштықты қалап, тек ақылшы, кеңесші болғысы келеді. Жастармен әңгіме үстінде өткізген уақытын өмірінің ең жақсы сәттері деген екен. Осы мақсатта өзінің бір алуан шығармалары «Қара сөздерін» жаза бастайды. Абайдың 45 қара сөзі бар.

Енді соларға тоқтап өтелік.


1. 31 қара сөз. Қонысбек Жәудір. 6 а сынып
2. 18 қара сөз. Увайдулла Дина. 11 сынып
3. 7 қара сөз Досымхан Аружан11 сынып

Жүргізуші: Қуанышбай Дәурен         
V бөлім – Абайдың әндері.

Абай туралы айтып отырып, оның тағы бір қыры – сазгерлігі туралы айтпасақ болмас. Ақын өз өлеңдеріне ән де шығарып таратқан. Ол әндерінің ерекшелігі ойшыл адамның мұңды сырын шертуіне лайықтап жазған. Бүгінгі кешімізде ұлы ақынымыздың сыршыл әндерінен тыңдасақ

«Көзімнің қарасы»
1. Жүнісов Нұрдос.

2. Эюбова Айла




Жүргізуші: Құрманбай Жания
VІ бөлім – Абайдың поэмалары
Абай ақынның «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» поэмалары бар.
«Ескендір» поэмасын орындайтындар: 1.Шахизада Нұргүл.

2. Ордабек Балнұр.


Көрініс: «Абай мен Әбіш» Автор сөзі:Абайдың Әбдірахман деген баласы Петербургте оқып,жазғы демалыста үйіне келеді.Абай баласының алғырлығын сынап білейін деп былай дейді.

Жүргізуші: Қуанышбай Дәурен.
VІІ бөлім – Абай өлеңдерін жатқа оқу.
Абай өлеңдерін мен көп білемін деген оқушылар бар екен кезекті соларға берейік

1. Икрам Кәусар.

2. Досымхан Аяжан.
Жүргізуші: Құрманбай Жәния
VІІІ бөлім – Абай өлеңіне сурет салу.
Абай шығармаларына сурет салған балалар бар екен сол суреттерге зер сала кетсек.

Жүргізуші:Қуанышбай Дәурен

Қорыту.
             Абай - мың қырлы, мың тәлімі бар ақын. Бүгінгі кешімізде сол мың қырының  бірерін ғана өзімізше түсініп, әңгіме етпек болдық. М.Әуезовтің өзі Абай дариясының тек бетін қалқыдым десе, біз тек сол дарияның жағасына ғана келдік. Ал сол даряның інжу-маржандарын теретін болашақ ғалымдар, ақын-жазушылар сендердің ішітеріңде отыр деп үміттенеміз.



Жүргізуші: Құрманбай Жания
Осымен «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.» атты әдеби-сазды кешіміз аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. Хош сау болыңыздар!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет