Маќсаты: Оќушыларѓа ќоѓамдаѓы отбасы жµнінде т‰сінік беру, отбасы тєлім-тєрбиеніњ негізі екенін ±ѓындыру



Дата11.12.2023
өлшемі43 Kb.
#196229
түріСабақ
Байланысты:
Тәрбие сағаты Отбасы-тәрбие бастауы




Мақсаты:Оқушыларға қоғамдағы отбасы жөнінде түсінік беру, отбасы тәлім-тәрбиенің негізі екенін ұғындыру, ата-ана, бала жөнінде Ата Заңымыздан мағлұмат алуға жағдай туғызу, мектеп пен ата-ананың байланысын арттырып, балаға тәрбие беріп, өз ойларын айтуға үйрету,жауап беру қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер:мақалдар жазылған плакаттар, слайдтар.
Сабақтың тәсілдері: СТО стратегиялары, сұрақ-жауап, пікіралысу.
Барысы.
І « Тренинг Тез орында» (әрбір топ өздерінің туған айлары бойынша шеңбер құрады).
ІІ Ұйымдастыру бөлімі. 1 Слайд.
1 Мұғалімнің сөзі.Тәрбие сағатының мақсаты мен ерекшелігін айту.
ІІІ Қызығушылықты ояту. 2 Слайд.
Отбасы деген сөзді қалай түсінесіздер?
Отбасы
Ата-ана, әке, бала ,ата-әже.
Отбасы- адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстурлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өиірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді.
2Отбасының басты қызметі не деп ойлайсыздар?
-Бала тәрбиелеу.
Ата-ана сәби дүниеге келген күннен бастап,оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды.
ІV Мағынаны ажырату. 3 Слайд.
1Ой шақыру.
Отбасы үш тіректен тұрады: бала, ана ,әке.
Атамыз қазақ»Бала-адамның бауыр еті»,»Балалы үй-базар» дейді.Өйткені бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі
Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы тікелей отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге байланысты.
Баланың жақсысы-ата-ананыңабыройы,ары.
Жаманы-қайғысы, азап- соры.
(В.Сухомлинский).
Баланың басты ұстазы-ата-анасы.Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы, киім киюі, мінез-құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі.Өйткені «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі». Бала отбасында әкеден-ақыл, шешеден- мейір алады.
Әке-тірек, ана-жүрек, бала-тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасының үш тағаны іспеттес.
4Слайд.
Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі туралы Гүлсезімнің әкесіТайпақов Сабырғали Бақтығалиұлы әңгімелейді.
Отбасындағы шаңырақтың тірегі-әке. Отбасының қамқоры, отағасы болғандықтан, әкенің сөзіне отбасы мүшелері мән беріп, тоқтам жасайды.Ер баланың әке-досы, әрі ақылшысы, қыз- баланың қамқоршысы.
5 Слайдта Профессор Ә.Табылдиевтің әке алдындағы міндеттері туралы ойлары жазылған.
Баланы тәрбиелеу баулу-әке мойнына жүктелген тарихи парыз.
Баланы бетімен жіберме..жақсылыққа үйрет, жамандықтан жирент. Бас мүлгісе, сүрінеді» әуелі өзің үлгі бол, ұрпағың сонда үлгі болар,-деген Мұзафар Әлімбаев ағамыз.
Әкенің беделі туралы өз ойларын мектебіміздің директоры Маліков Темірланның әкесі Айшуақов Ерлан Малікұлы айтты.
6 слайд Аналар-киелі паналар.
Аналардың қыздарды тәрбиелеуі туралы Исекенова Мақпалдың анасы Әсем өз ойларымен бөлісті.
Оқушылар аналар-әкелер туралы білетінмақал-мәтелдерін айтты.
7 Слайд Мақал- мәтелдер.
Әке-асқар тау.
әке көрген оқ жонар
Шеше көрген тон пішер.
Әке- балаға сыншы. Әкесі құрдастың баласы құрдас.
Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.
Әкесін сыйламаған адамды баласы да сыйламайды.
8 Слайд. Менің асыл әжелерім.
Утинязов Айболаттың әжесі оқушылардың сабақтарына қатысып,олардың сабаққа қатысуы, үлгерімі туралы жақсы әсерде екенін айтты.
Келесі бөлім Атасыз үй-батасыз, анасыз үй-панасыз.
Аталар туралы қандай мақал- мәтелдер білесіздер?
-Аталы бала-ақылды,
Аналы бала-еркетай.
Ата-бәйтерек, бала- жапырақ.
9 Слайд .Ауылымыздың иманы Жантастың атасы Социал ата мен Жангүлдің атасы Жалғас ағайларға сөз кезегін беріп, олардан бата сұраймыз.
Мектеп, ата-ана,бала арасындағы байланыс яғни серіктестік туралы Айдананың анасы тәрбие ісінің орынбасары Гүлмира Ахмадиқызына сөз беріледі.
Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер.
Махмуд Қашғари.
Гүлмира Ахмадиқызы класс жетекшісі, оқушы, ата-анаға сұрақтар беріп, сауалнама жүргізді.
Үш топқа бөлініп отырған оқушылармен де жұмыстанды.
V Ой толғаныс стратегиясы.
Ситуациялық жағдаяттарды әр топ ата-аналары шешті.
Халқымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын сақтауға, дәріптеуге байланысты Қазақтың ырымдары мен тыйым сөздерінің мәнін Мақпалгүлдің анасы Давлетова Валия әңгімеледі.
Қонақ кәде ретінде Қадыр Мырза-Әлінің өлеңіне жазылған «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру әнін» Бусурманова Ғазиза шырқады
10 Слайд Шығарма-эссе «Менің отбасым», «Менің анам» , «Менің әкем» оқушылардың шығармаларын тыңдау.
11 Слайд Ата-анаға естелік..
Жанұяның тірегі әке болсын,
Шаңырақтың шуағы ана болсын,
Бар тілекті арнайтын балаңызға
Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.

Пікір.
Қалмағамбетова Мария Қошқарбайқызы ата-аналар апталығында «Тәрбие көзі-отбасы» деген тақырыппен ашық тәрбие сағатын 7»а « класында өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты:отбасы тәлім-тәрбиенің негізгі көзі екенін көрсету, ата-аналармен мектеп арасындағы байланысты нығайту, ата-аналардың белсенділігін арттыру.


Көрнекіліктері: нақыл сөздер, мақал-мәтелдер,слайдтар.
Тәрбие сағатының негізгі ерекшілігі:ата-аналардың өткізіуі.
Ашық сабаққа барлық ата-аналар,мұғалімдер, шақырылған қонақтар қатысты.Тәрбие сағатының эпиграфына елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың отбасының ролі туралы сөздері алынды. Сабақ «Тез орында» тренингімен басталды.Класс оқушылары ата-аналарымен бірге туған айлары бойынша 3 топқа бөлініп отырды.Ой қозғау стратегиясы бойынша Мария Қошқарбайқызы оқушылардан отбасы сөзді қалай түсінесіздер,-деп оқушылардың ойларын біліп, тәрбие сағатына қызығушылығын оятты.
Ұлы ғұламалардың, көрнекті жазушылардың отбасы туралы ойларын, тәрбие жұмысының тұжырымдамасынан отбасы туралы айтылғанын жеткізді және тәрбие сағатының негізгі бөлімін өткізуді ата-аналарға тапсырды.
Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі туралы Гүлсезімнің әкесі Тайпақов С.Б,Темірланның әкесі Айшуақов Е М. өз ойларымен бөлісті.Аналар-киелі паналар бөлімінде Ананың бала өміріндегі ең қымбатты жан екенін Мақпалдың анасы Әсем өз ойын айтса,класс жетекші оқушылармен ана деген сөзді естігенде қандай сөздер айтасыздар,- деп ана сөзіне топтастыру жасады.Әжелердің атынан Утинязова Нағима апа, аталардың атынан Тағаниязов Социал ағай, Айымжанов Жалғас ағайлар сөйлеп, баталарын берді.
Мектеп пен бала, ата-ана арасындағы байланыс туралы оқу-тәрбие ісінің орынбасарыГүльмира Ахмадиқызы тренингтер,сауалнамалар жүргізді.
Халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу туралы Давлетова Валия айтып,Бусурманова Ғазиза ән шырқады.
Тәрбие сағатаның әр бөлімі слайдтар арқылы көрсетілді.Бұл тәрбие сағатының негізгі ерекшілігі:ата-аналардың өткізуі.
Тәрбие сағаты оқушылардың жас ерекшелігіне сай өтті.Мұғалім мен оқушының,мұғалім мен ата-ананың қарым-қатынасы жоғары деңгейде.
Класс оқушылары өз отбастары туралы шығармаларын оқыды. Ата-аналардың бәрі сабаққа қатысты.

«Асыл мұра» топ жетекшісі : Умарғалиева Т.Х.


Шығармашылық топ мүшесі Басгулова Г О.
Оқу-тәрбие ісінің орын Каженова Г.А.
Мектеп директоры Айшуақов Е.М.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет