Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолдануын көрсету Білімділік: Менің қалам тақырыбы төңірегінде сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Осы тақырып бойынша өткен сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс қолдану. Көмекші есімерді дұрыс қолдана білу.
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Есте сақтау, ойлау, тыңдай білу қабілеттерін дамыту.
Дамытушылық: сөздік қорды молайту, байланыстыра сөйлеу қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, іздендіру, жазу, тыңдау, топпен, жұппен, жеке жұмыс түрлері, карточкамен, суретпен жұмыс.
Пәнаралы қ байланыс: әдебиетпен.
Көрнекілігі: жаңа сөздер, карточкалар, қала суреттері, сабаққа байланысты тест (көмекші есім) сұрақтары.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме! Құрметті мұғалімдер,оқушылар! Сабақты бастауға рұқсат етіңіздер. (тақтада сабақтың тақырыбы, күні жазылған)
Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қайталау сабағы», яғни өткен модуль бойынша қайталау сабағы.
Сабақтың мақсаты: осы модуль бойынша алған білімдеріңді көрсету.
- Қазір нешінші сабақ?
- Екінші сабақ қай сабақ?
- Қазір жылдың қай мезгілі?Қыс айлары?
- Бүгін нешінші желтоқсан?
- Желтоқсанда қандаай мереке, мейрам болды?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Кеше аптаның қай күні болды?
- Ертең аптаның қай күні болады?
-Ауа – райы қандай?
- жердің үстінде не жатыр?
-Балалар үстінде деген сөз қандай есім деп аталады?
-дұрыс көмекші есім
-тағы қандай көмекші есімдерді білеміз?
3 мин.
1.Тіл дамыту кезеңі: модульді оқып үйрену барысында біз жаңа сөздермен таныстық. Енді көмекші есімдерді қайталап, еске түсіреміз.
Біз қазір топпен жұмыс істейміз.(топтағы оқушылардың атын айту) 1- топ « »
2- топ « »
3-топ « »
2. Топпен жұмыс. (құм сағатын пайдалану)
Тапсырма:(Қаланың суреттері таратылады)
Сурет бойынша әңгімелеу (Әр оқушы сөйлем айтуы тиіс, көмекші есімді пайдаланып айту) Сендерге 2 минут уақыт беріледі.(компьютерде жәй музыка ойнайды ) жауаптары тыңдалынады. 2мин
Тапсырма: «Менің қалам» туралы диалог құрастыру (58 бет)