Мақсаты: Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сұрақтарға тез, дұрыс жауап беруді меңгерту; сөзжұмбақтарды шешу арқылы оқушылардың білімдерін шыңдап



Дата09.04.2018
өлшемі104,68 Kb.
#40105
Мақсаты: Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сұрақтарға тез, дұрыс жауап беруді меңгерту; сөзжұмбақтарды шешу арқылы оқушылардың білімдерін шыңдап, ой-өрісін кеңейту; мемлекеттік тілге деген құштарлықтарын арттыру; отаншылдыққа, мемлекеттік тілге деген құрметке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: тапсырмалар жазылған қиықшалар, сөзжұмбақтар, нақыл сөздер жазылған плакаттар, кәртішкелер, түрлі-түсті дөңгелекшелер.


  • Құрметті, балалар, бүгін сендер тек қана қазақша сөйлемейсіңдер, бір-бірлеріңмен жарысасыңдар, сайысқа түсесіңдер, топ болып жұмыс істейсіңдер, кім сұрақтарға дұрыс жауап берсе, сол жеңімпаз болады.

Әр топқа қызыл түсті кәртішкелер беріледі. Әр топта екі оқушыдан 4-ші сыныптан біреу және 1-ші сыныптан бір оқушы. Қай топ кәртішкесін бірінші көтерсе, сол бірінші болып жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа түрлі –түсті дөңгелекшелер беріледі.



  • Топ болғандықтан әр топтың аты болуы тиіс, сондықтан сендер мына беттерге өз топтарының атын ойлап, жазыңдар! Қай топтың аты ең қызықты болады екен?

1-кезең- «Бәйге»

  1. Республика астанасы қай қала?

  2. «Понедельник» сөзінің аудармасын айт!

  3. Бала оқытатын адам?

  4. Биенің сүті қалай аталады?

  5. Адамды кім емдейді?

  6. «Ученик» сөзінің аудармасы?

  7. «Красный» сөзінің аудармасы?

  8. Күз айларын ата.

  9. Күзде не піседі?

  10. Бір аптада қанша күн бар?

2-кезең. «Шешуін тап»

  1. Тұзда бар, суда жоқ.

Мұзда бар, буда жоқ. (ұ)

  1. Гауһарда бар, Гүлнәрда жоқ.

Жауһарда бар, Сәуледе жоқ.(Һ)

  1. Үйде бар, шиде жоқ.

Күйде бар, биде жоқ.(ү)

  1. Қазда бар, үйректе жоқ.

Құрда бар, шілде жоқ.(қ)

  1. Дәнде бар, елде жоқ.

Сәнде бар, селде жоқ.(ә)

  1. Бірде бар, үште жоқ.

Екіде бар, бесте жоқ.(і)

  1. Қарғада бар, сауысқанда жоқ.

Тоғайда бар, аққуда жоқ.(ғ)

  1. Шөлде бар, далада жоқ.

Көлде бар, теңізде жоқ.(ө)

  1. Аңда бар, әнде жоқ.

Шаңда бар, нанда жоқ.(ң)

3-кезең. Полиглот.

Көп тіл білетін адамды ғылым тілімен «полиглот» деп атайды.

Сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жауабын қазақша тауып, оны орысшаға аударасыңдар!


  1. Тімір тілді, Күміс үнді. (қоңырау-звонок)

  2. Мамықтай ұлпа, қанттай ақ.

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады, немесе

Қыста келген,

Көктемде еріген. (қар –снег)



  1. Қаласы бар, үйі жоқ.

Өзені бар, суы жоқ.

Орманы бар, бүрі жоқ.

Бақшасы бар, гүлі жоқ. (карта-карта)


  1. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама! (кітап-книга)

  1. Түк білмей барасың,

Тәлімін аласың.

Есейіп кетсең де,

Қарыз боп қаласың. (мектеп-школа)


  1. Суға батпайды,

Отқа жанбайды. (мұз-лед)

  1. Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым. (шаңғы-лыжи)

  1. Оқушыға күнде еріп жүретін не? (сөмке-портфель)


4-кезең. «Қай әріпті жоғалттым?» ойыны.

Мына сөздердегі жоғалған әріптерді тауып, қоюларың керек!


Са...ат, жап...рақ, ша...ғы, қ...с, жи...аз, т...лкі, үк..., ...ріп, ...ала.
5-кезең. «Кім жылдам!»

Мына тақырыптардағы сызбаны кім жылдам әрі дұрыс толтырады?


1-топқа. Оқу құралдары

2-топқа. Апта атаулары.

3-топқа. Ай аттары.
6-кезең. «Орнын тап»

Кішкентайларға арналған ойын. Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерді сәйкес ұяшықтарға салыңдар.

Сөздер жазылған кеспелерді қолдану.
7-кезең. «Ойлан ,тап». Сөзжұмбақ шешу.

Әр топқа сөзжұмбақ беріп, жарыстыру.



  • Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңдар.







Е

С

К

і

к

Е

ш

е

ж

а

М

а

н




к

Е

м

е

б

а

Й




  1. Старый

  2. Вчера

  3. Плохой

  4. Корабль

  5. Богатый





к

Ө

п







а

л

а

С

а







ү

л

К

е

н




е

р

т

Е

ң










а

л

М

а




ә

д

Е

м

і




ұ

з

ы

Н




1.Много

2.низкий


3.большой

4.завтра


5.яблоко

6.красивый

7.длинный





ж

А

ң

а

к

е

С

т

е




а

Т

а




н

А

н

с

ы

Н

ы

п




қ

А

н

т


  1. Новый

  2. Расписание

  3. Дедушка

  4. Хлеб

  5. Класс

6. Сахар

  • Осымен біздің сайысымыз аяқталды, ал енді дөңгелекшелерді санайық.

Кімде ең аз сол топ 3 орында, қай топта орташа 2-орында, ал ең көп жинаған ойыншылар 1-орынды иеленіп, жеңіске жетеді. Сайыскерлерімізді құттықтаймыз!

Мақсаты: Қазақстан туралы білімдерін толықтыру, мемлекеттік тілде еркін де таза сөйлей білуге, оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Білім деңгейін көтеру. Тіл мәдениетін дамыту, көркем сөйлеуге баулу. Елін, жерін, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азаматты қалыптастыру. Патриоттық сезімге баулу.

Көрнекілігі: жетондар, фишкалар, кеспелер, сигналдар. Тақтадағы нақыл сөздер.

Мұғалым сөзі:

Эпиграф: Көп тіл білсең көкжиегін кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл, дұрысы –

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.



  • Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, қонақтар! Бүгін сіздер «Мемлекеттік тіл –менің тілім» атты сайысқа келіп отырсыңдар. Біздің сайысымызға өз білімдерін сынағалы үш команда келіп отыр. Әр топ өздерін таныстырып өтсе.

  • Ойыншылар өз орындарына отырады. Әр ойыншыға бір-бір сигналдан беріледі. Оларға сұрақ қойғанда, осы сигналдарын көтеріп жауап береді. Кім тез және толық жауап берсе, соған фишкалар беріледі. Фишкалар түрлі-түсті болуы керек.

1 тур.

Ойыншыларға қойылатын сұрақтар:



  1. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

  2. Түркі тілдерінің тобынан тараған қандай тілдер? (қыпшақ, ұйғыр, татар, башқұрт, қарақалпақ)

  3. Қазақтың жеті ырысына нелер жатады? (адамның ақылы, ой-санасы, ақ жаулық, бала, көңіл, жер, ат)

  4. Тіл дегеніміз не? (адам қатынасының ең маңызды құралы)

  5. Қазақтың үш биін ата?

  6. Қазақстан Республикасы кімдердің Отаны? (Қазақстан елінде тұратын адамдардың)

  7. «Қазақ тілі – ҚР-ның мемлекеттік тілі» деп қайда жазылған? (ҚР-ның Конституциясында)

  8. ҚР-ның Тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991-ші жылдың желтоқсан айының 16-сы күні)

  9. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды? (1989 жылы)

  10. Қай жылы Н.Ә.Назарбаев еліміздің тұңғыш Президенті болып сайланды? (1991-ші жылдың желтоқсан айының 1-ші күні)

  11. Тіт туралы алғашқы заң қашан қабылданды? (1989 жылы қыркүйек айының 22-сі күні)

  12. ҚР-ның «Тіл туралы» Заңы екінші рет қашан қабылданды? (1997жылы шілденің 11-нде)

  13. Тіл туралы 3 мақал-мәтел кім біледі?

  14. Тәуелсіз ҚР-ның рәміздері қашан қабылданды? (1992 жылы маусымның 4-і)

  15. Елбасымыздың Республика халқына арнаған «Қазақстан -2030» Жолдауы қашан жарияланды? (1997-ші жылы)

  16. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеті қандай? (Қазақстан халқының тұрмысын өркендету, гүлдендіру және тыныштығын қорғау)

  17. ҚР-ның Мемлекеттік туының авторы кім? (Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков)

  18. ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары кімдер? (Шота-Аман Уәлихан, Жандарбек Мәлібеков)

  19. ҚР-ның Мемлекеттік Жаңа Әнұраны қашан қабылданды? (2006-шы жылдың қаңтар айының 7-і күні)

  20. Жаңа Әнұранның сөзін жазған кімдер? (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

  21. Жаңа Әнұранның әнін жазған кімдер? (Ш.Қалдаяқов)

  22. 1998-ші жылға дейін Астана қаласы қалай аталды? (Ақмола)

  23. Заттың түсін білдіретін сөздерден басталатын қала атаулары? (Қызылжар, Қарағанды, Ақтау, Көкшетау, Ақтөбе)

  24. Тәуке ханның жасаған заң жобасы қалай аталады? (Жеті жарғы)

  25. Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі қашан тойланады? (22.09)

  26. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі? (Ресей, Қытай, Өзбекстан, Түркия)

  27. Желтоқсан оқиғасы қашан болды? (1986 жылы желтоқсанның 16 күні)

  28. Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)

  29. Қазақ халқының қандай ұлттық ойындарын білесің. («Көкпар», «Тоғызқұмалақ», «Қыз қуу», «Асық», «Сақина салу», «Ақсүйек»)

  30. ҚР-сы қандай мемлекет? (тәуелсіз, егеменді, демократиялық)

2 тур. Мақалдарды аяқтаңдар.



  1. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

  1. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

  2. Өзге елде сұлтан болғанша,

Өз елінде ұлтан болған артық.

  1. Отан оттан да ыстық.

  2. Өмір – үлкен мектеп.

  3. Мектеп-кеме, білім –теңіз.

  4. Күлме досыңа, келер басыңа.

  5. Күздің бір күні, қыстың бір айын асырайды.

  6. Ұстаздан шәкірт озар.

  7. Жаман жолдастан таяғым артық.

  8. Күш-білімде, білім- кітапта.

  9. Кітап-ғалым, тілсіз мұғалім.

  10. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

  11. Жеті елдің тілін біл, жеті түрлі білім біл.

  12. Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді.

  13. Тіл – қылыштан өткір.

  14. Ақыл азбайды, білім тозбайды.

  15. Өнер алды- қызыл тіл.

  16. Ана сүті бой өсіреді,

Ана тілі ой өсіреді.

  1. Ананың сүті тәтті,

Баланың тілі тәтті.

3 тур. Өлеңді жалғастыр...

Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

.........................................................

(Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.)

4-тур. Еркін сөйле.

Өздерің таңдаған салт-дәстүрлер жайлы айтып беріңдер!


  1. Тұсау кесу

  2. Шілдехана

  3. Беташар

5-тур. Жатқа айт.

Жаңылтпаштарты жатқа айтыңдар.



  1. Ас аспай

Бас аспаз

Ас асты


Жас аспаз

  1. Класта ақ бор бар

Көк бор бар,

Көп бор бар.



  1. Тақпақ жатта,

Жатқа жатта.

Жаттамай жатпа.


6-тур. Қонақ сыйы.

Бір-бірлеріне дайындап әкелген сұрақтарды қойыңдар.




  • Осымен сайысымыз аяқталды. Енді алдарыңдағы фишкаларды санаңдар, қай топта көп болса сол жеңіске жетті! Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!




  • «Тіл – достық пен келісімнің тірегі!» дегендей өз тілдеріңді де ұмытпай, мемлекеттік тіл – қазақ тілін әрқашан қастерлеп, мақтан тұта біліңдер!



Бәріңе, бәріңе, бәріңе!




Сөзжұмбақтар мен ребустарды шешіңдер!



«Туған тілім - тірлігімнің айғағы» атты

авторлық өлеңдер сайысына қатысыңдар!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет