Мақсаты: Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім, білік дағдыларын көрсету; тілін дамыту, сөздік қорын молайту:ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу бүгінгі өтілетін шараның мақсатын көздеді. Көрнекілігі



Дата17.06.2018
өлшемі51 Kb.
#43193
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы № 8 жалпы білім беретін орта мектебі КММ
Бастауыш сынып мұғалімі

Султанова Гульмира Кадыровна


Сауат ашу білім бастауы!

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім, білік дағдыларын көрсету; тілін дамыту, сөздік қорын молайту:ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу бүгінгі өтілетін шараның мақсатын көздеді.

Көрнекілігі:«Әліппем - білім бастауы» сөздері жазылған плакаттар, суреттер,

әріптер, сөздер.



Барысы: (Мызыка ойналып,оқушылар кіреді.)

(Мектебім әні шырқалып тұрады)



Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата аналар, оқушылар! Бүгін сіздер 1 «Е» сынып оқушыларының әзірлеген «Әліппе білім бастауы!» атты ертеңгілігін тамашалағалы отырсыздар.Оқушыларымыздың мектеп табалдырығын алғаш аттағанда қолдарына алғаш ұстаған Әліппе кітабы болатын. Міне, осы әліппе оқулығы арқылы балаларымыз 42 әріпті танып, оқуды, жазуды үйренді, сауаттылықтарын арттырды. Сондай жағдайға жеткізген, сүйікті Әліппемен бүгін қоштасқалы отыр. Олай болса «Әліппе –білім бастауы!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Мұғалім: - Бала деген шіркін-ай балдай екен,

Тәттілігі жая мен жалдай екен.

Арып-ашып даладан келгеніңде,

Бал иісін таттырып алдайды екен, - деп Кенен атамыз айтқандай, кішкене бүлдіршіндердің өнерін тамашалайық.



1-оқушы: Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.




1.Жұмсағанда баратын,

Айтқан тілді алатын,

Біз боламыз Мадина мен Балауса
2.Бүгін үлкен салтанат,

Менің атым Саламат.

3.Сәулелі де сымбатты,

Сөйлегені тым тәтті.

Әсел менен Арайлым

Сіздерге арнап тіл қатты.


4.Дарасы болар даланың,

Біз Рамазан боламыз.


5. Бармағынан бал тамған,

8.Жақсылықты жақтайтын,

Бәрін біліп жаттайтын,

Айбек жігіт мен болам.

Серік Даниял мен болам
9. Жаннұр қызбын кең маңдай,

Әдемімін мен қандай.


10. Мирас деген баламын,

Есепті мен шағамын.


11. Менің атым Жансая

Әдемімін бе қалай?



Балдай тәтті мен Қалжан


6.Көп оқитын, көп тоқитын,

Мен Жанболат боламын


7.Ай мен күні анамның,

Ақылдысы атамның,

Мен Зарина боламын.
12.Би билеймін айнала,

Менің атым Дариға

13.Сурет салар сәулелі,

Мен Эльмира боламын.


14.Үлкенге де,кішіге де,

Мейірімді болатын,

Мен Темірлан боламын.
15.Желдей жүйрік баламын,

Мен Жәнібек боламын

16.Талабы таудай талапты

Нұрасыл атты баламын.


17.Келешегі қазақтың,

Мен кішкентай Маратпын.


18.Жақсы оқып сабақты,

Білімді боп өсетін,

Мен Тойлығұл Нұржанмын.

19.Білімнен бақыт табатын,

Мен Сапаров Қайратпын.

20.Күн нұындай көңілім,

Даламдай кең пейілім.

Жүрегім толы мейірім

Мен Бағдаулет боламы.
Ән: «топ-топ балақан»
1.Армысыздар жас достар,

Армысыздар ата-ана.

Болашаққа жол бастар,

Балаң келді ортаға.


2.Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген.

Болашағы қазақтың,

Басталады біздерден.




Мұғалім:- Балалар, мына сұраққа жауап беріңдерші

Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не?

Оқушылар: - Болашаққа жол ашқан,

Ол сүйікті Әліппе.


Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге қымбатты дос «Әліппені» ортаға шақырайық.
Оқушылар:- Әліппе, әліппе, әліппе!

(Ортаға әліппе шығады.)




Әліппе:Таудай болса талабың,

Айтары көп әріптің.

Қуанышы баланың-

Қуанышы халықтың.

Жақсы білім көрімдік,

Болсын бізге халайық.

Не үйреніп, не білдік,

Қане ортаға салайық.


3.Сөзімізге құлақ салыңыз,

Бір серпіліп қалыңыз.

Әліппеге арналмақ,

Бүгінгі жыр әніміз.


4.Күмбір-күмбір қоңырау,

Соғылған ай қыркүйек.

Қалам ұстап қолыма.

Жазылған ай қыркүйек.


5.Келгенімде алдыңа,

Қызыл арай гүл алып.

Жақын тарттың жаныңа,

Шәкіртім деп қуанып.


6.Сипадың да басымнан,

Әліппені ұсындың.

Бақытымның осыдан,

Басталғанын түсіндім.




7.Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертекті,

Үйреткен оны Әліппе.


8.Бұрқыраған білімнің,

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том-том қалың кітаптың,

Басы болар Әліппем.


9.Бар кітапқа бас болған,

Әліппе – ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.


Мектебің мынау класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың.


10.Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің Әліппе.


Хор: «Әліппе»

11. «Әліппемен» қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.
12. «Әліппе» деген - алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.


13.Қош бол құтты «Әліппем!»

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.


14.Әліппем менің, Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым білімнің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.




Мұғалім: - Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды, жазуды, санауды үйрендік. Осының бәрін үйреткен кім?
Бәрі: Мектеп, мұғалім, әліппе, ата-ана.
16.А-ны айтқанда дауысым дірілдейді,

Ұстазым көз алдымда күлімдейді.

Күн сайын әріптердің атын біліп,

Сөз оқимын айырып буынды енді.


17.Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.




Әліппе: «Әліппе» оқуға

Үйреткен әр күні

Кім атын атай ғой?
Бәрі: Ол біздің

Мұғалім апай ғой.


Әліппе: Үйретіп санауды,

Көп еңбек сіңірген

Кім атын атай ғой?

Бәрі: Ол біздің

Мұғалім апай ғой.


Хор: « Мұғалім ол біздің.»
.


Мұғалім:Әріптерді қатар қойып,

Алфавитті құраған.

Оқу, білім өнерді,

Шамшыраққа балаған

Кім екен ол данышпан?
Бәрі: Ұлы Ыбырай атамыз,

Ұстаздардың ұстазы.


18. Ыбырай Алтынсарин – тұңғыш қазақ педагогі. Ең алғаш әліппе жазған.
19. Ұстаздардың тұңғышы да,зоры да сен,

Халықтың кітап берген қолына сен.

Қазақтың қара түнек аспанынан,

Ақ жұлдыз ағып өткен жолың әсем.


Ән: «Ұстаз»
Мұғалім: -Ал балалар, қонақтарға оқу сауатымызды көрсетейік!

( Оқушылар кезекпен кітап оқып береді )



Мұғалім: - Балалар сендер әліппемен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
Бәрі: Математика, Дүниетану, Ән, Бейнелеу.
22.Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан.




23.Қолға қалам алайық,

Қанша сан бар, жазайық.

Қарап тұрмай, сандарды,

Қайта-қайта санайық.


0 – Дөңгелекке ұқсайды,

Доп сияқты, ұшпайды.

Досым нөлді О дейді ,

Десем «бұл нөл», ұқпайды.


1 – Біздің үйде бір тауық,

Бір жұмыртқа жүр тауып.

Бір сиыр бар қорада,

Бәтес тәтем жүр сауып.


2 – Екі аяқпен жүремін ,

Екі көзбен көремін.

Екі қолым бар менің,

Екеу құлақ, білемін.

3 – Үйімде бар үш қалам,

Үшеуінде ұштағам.

Үш досымды салдым мен,

Үш балықты ұстаған.


4 – Төрт дөңгелек арбада,

Төрт аяқ бар малда да.

Тауыса алмай бидайды,

Төрт тышқан жүр қамбада.


5 – «Бестік» деген бағаны.

Бақыт күнде алады.

Бәрі жақсы көреді,

«Беске» оқыған баланы.


6 – «Алақай!»-дер келді күн,

Алтыдамын мен бүгін.

Алты жасқа келмекші,

Алғы аптада енді кім?

7 – Жеті саны киелі,

Жұрттың бәрі біледі.

Жеті жасқа жеткендер,

Жығылмай-ақ жүреді.

8 – Сен де, мен де баламыз

Сегіз санын саламыз.

Сегіз деген екі төрт,

Сегіз жаста ағамыз.

9 – Тоғыз жасқа келгенім

Тоғыз жылды көргенім.

Тоғыз жаста тәнті еткен,

Талабымды көр менің!


10 – Он жыл,он жас-он деген,

Он жас кіші он менен.

Онды жаза аламыз

Он – тұрған бір нөл менен.


11 – Біздер санай білеміз,

Білмегенге күлеміз.

Біреу, екеу, үш, төрт деп,

Бес, алты деп жүреміз.


Санамақ айтылады.


Мұғалім: Біздің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқып, жазуымызға ата-аналардың қосқан үлесі мол. Қане, бәріміз ата-аналарға рахмет айтайық.

Бәрі: Рахмет саған ата-ана!



Ән: «Ана»


12 – Бәріміз ән сабақта тамашамыз.

Үкілі бөрік киіп жарасамыз.

Ағайға ән үйреткен риза болып,

Үйді-үйге өлең айтып тарасамыз.


13 – Шіркін сурет сабағы,

Ауылды еске салады.

Мың құбылтып бояймын,

Туып өскен даланы.
14 - Әр сабағы мектептің,

Әдемі ғой біздерге.

Риза болып шығамыз,

Мұны үйреткен сіздерге.




Бәрі:– Рахмет сіздерге ұстаздар!
Мұғалім: Әліппені оқып,білім алдыңдар. Көп нәрсені үйрендіңдер. Қазақстанның болашағы сендерсіңдер.Біздің Отанымыз Қазақстан.Қазақстанда көп ұлттар тұрады.Олар бір-бірімен тату тәтті.Бір-бірімен қазақша сөйлеседі.Сендер үлкен болп өскенде еліңді Отаныңды қорғайтын боласыңдар

Қазақстан киелім

Қияға ұшар қыраным

Еркіндікті сүймін

Мен тәуелсіз ұланмын
Ән:Қазақстаным менің
15.Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.


17.Біз енді Әліппемен қоштасамыз,

Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.

Білімнің бұлағынан сусындауға,

Көптеген кітаптармен достасамыз.


18.Әліппем,менің әліппем,

Өмірді келем танып мен.

Қайталап айтам 1000 рет

Өзіңе көп-көп рахмет


Әліппе:Балалар, мен сендерге ризамын. Енді сендер ана тілін де жақсы оқитын болыңдар.

Ана тілі: Туған елдің тілімін,

Ақылыммен танылам.

Түсіндірер бәріңе,

Ана тілі пәнімін.

Ана тілім-елдігім,

Ана тілім-ерлігім.

Ана тілім болмаса,

Бүтінділмес кемдігім.



Бүгіннен бастап сауатты балалар білімдеріңді әрі қарай мына менің арқамда дамытып, тереңдете түсесіңдер.
Әліппе:Ал балалар, сендер кішкентай болсаңдар да мен үшін кіші емессіңдер. Мен сендерді кіші деп аямадым. Бар білімнің басы болғандықтан бойымдағы бар білімді сендер білсін деп сендерге қатал қарадым.Қазақта айтады «Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» деп.Енді осы білімдеріңді ары қарай жалғастырыңдар. Білім іздеу жолында ешқашан шаршамаңдар. «Білекті бірді,білімді мыңды жығар» деген. Мен сендерге сенемін. Қош сау болыңдар!
Бәрі:Қош сау болыңыз.
Мұғалім: Құрметті қонақтар, ата аналар, оқушылар, осымен бүгінгі «Әліппе- білім бастауы!» атты Әліппемен қоштасу ертеңгілігімізді аяқталды. Қош сау болыңыздар.

Хор: «Әліппемен қоштасу»




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет