Мақсаты: Оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой — өрісін дамыту, ұшқырлық, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, қазақ тілінен білімдерін тексеру, сынау; тілдерін дамыту; қазақ тілін үйренуге баулу, қызықтыру
ҚР ДСМ «Бурабай» республикалық оңалту орталығы» ШЖҚ РМК ОМ
«Білгірлер»
(сыныптан тыс іс-шараның әзірлемесі)
5-7 сыныптар
Дайындаған:
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі:
Ерубаева С.Қ.
Бурабай к.
2020-2021 жж.
Мақсаты: Оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой — өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, қазақ тілінен білімдерін тексеру, сынау; тілдерін дамыту; қазақ тілін үйренуге баулу, қызықтыру.
Әдісі: сайыс сабақ
Көрнекілік: ұяшықтар, түсті конверт, қима қағаздар, әріптер, презентация
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
(алдын ала тағайындалған топтарды шақыру. әділқазылар алқасын сайлау. сайыстың мақсатымен таныстыру.)
Армысыздар құрметті қонақтар, қатысушылар! Бүгінгі «Білгірлер» сайысын ашық сабақтар онкүндігіне орай өткізгелі отырмын.
Ана тілін білмеген- Ақылы жоқ желікбас. Ана тілін сүймеген- Халқын сүйіп жарытпас, — деп, Байділда Сарноғаев барлығымызды ана тілін білуге, үйренуге, дамытуға шақырады. Ол үшін біз көп оқып, қазақ тілінің қызықты да құнарлы грамматикасын білу керекпіз.