Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету


Кұй «Өмір жолы» орындайтын Құрбанбаева Ақдидар мен Полат Дана



бет6/6
Дата24.10.2023
өлшемі33,43 Kb.
#188002
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ауғаныстан жүректегі жара

Кұй «Өмір жолы» орындайтын Құрбанбаева Ақдидар мен Полат Дана
1–жүргізуші:
15 ақпан 1989 жылы 40- армияның Ауған жерінен генерал Боир Громовтың шығуы еді. Шын мәнінде оқиға басқаша болған. Соғыс бітсе де шекаралар мен негізгі құрамалар қалдырылған. Соңғы шығушы қазақстандық офицер Виктор Харичев басқарған шекарашылар. Олар ешқандай сән – салтанатсыз. Құшаққа алған гүлдерсіз Ауған жеріндегі соғыстың ақырғы нүктесін қойды. Өкінішке орай бұны әркім біле бермейді.
Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 27 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп–құрметтеу–біздің борышымыз.
2-жүргізуші
Мен қазақпын, Ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер.
1-жүргізуші:
- Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.
2-жүргізуші
Ерлік-елдің туы.Ер қуаты- қару болса,ел- қуаты батырлары, сақадай сарбаздары мен сардарлары.Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан.Отан үшін күрес,ерге тиген үлес.Халықтың осы даналығы қайдажүрсек те,қашанда жүрек дәптерінде,сана сахнасында сақтаулы жүрсе,қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпас.Ауған қаһармандарын қадірлеп,құрметтеп,рух жасампаздығымен жаңартайық.
Ән: «Мен қазақпын»
1-жүргізуші
Кешіміздің қорытынды сөзін мектебіміздің директоры береміз .
2-жүргізуші:
Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде.
Аяулы ағалар, уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.
«Ауған соғысы жазылмас жара»
Бекітемін:
Мектеп директоры:
____________ Д.Ш.Сейсенбаев


«Қ.Әбдалиев атындағы №54 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Ауғанстан жүректегі жазылмас жара
7 «А» сынып жетекшісі: Құрымбаева С.

2018-2019 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет