1987 жылы 3 – қаңтар. Ауғанстан респ.революциялық кеңесі «Ауғанстандағы ұлттық татуласу» Декларациясын қабылдады.
1988 жылы 759 кеңес әскері, оның ішінде 44 қазақстандық қаза тапты.
Желтоқсан. Горбачев БҰҰ-ның Бас ассамблеясының 4- сесссиясында АҚШ пен Пәкістанға арналған инициатива көтерді. Онда 1989 жылдың 1 қаңтарынан барлық соғысушы жақтар арасындағы ұрыс қимылдарын, оппозиция мен үкімет әскеріне қару – жарақ, техниканы жеткізуді бір уақытта тоқтату ұсынылды.
1989 жылы Кеңестік әскерінің шығыны 53 адамды құрады. Оның 8-і қазақстандық болды.
15 ақпан. Түстен кейін Ауғанстан кеңестік шекарашылар тастап шықты. Термез қаласында болған митингіде 40-армияның қолбасшысы алдарына қойған әскери міндетті толық орындап шыққанын мәлімдеді.
2-жүргізуші: КСРО әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шыққан күнін атап өту қарсаңында «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына қатысты Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл жастарды ел үшін еңбек етуге шақырады.
«Ең алдымен айтарым, адам баласын жақсылыққа үміттендіріп, жақсылыққа жетелеген лазым. Жамандықтың бір кілті ашылса, адамның да, қоғамның да қалған өмірі күреспен өтеді. Елбасының Жолдауы Қазақстанның әлемдік деңгейдегі беталысы мен бағытын айқындап берді. Президентіміз Жолдауын жастарға арнады. Шын мәнінде, бүгінгі жастар өзгеше. Тәуелсіз елдің төл перзенттері, санасы тәуелсіз, ойы озық, білімі асқақ азаматтар. Жастар жауапкершілікпен қатар, ауыртпашылықты да сезінуі керек,»- дей келе Ауған соғысының ардагері бүгінгі еңбек майданын кешегі ауған соғысына теңеді.
Ауған соғысының қасіреті кімдердің жүрегін жараламады десеңізші?! Азаматтық борышын атқаруға әскерге кетіп, табытпен оралғандары қаншама? Осындай ағаларымыздың хатынан үзінді тыңдаңыздар. (Күй орындалып тұрады.)
Ақдидар 7 сынып. «Жауынгер хаты» (авторы М.Сергеев.) Бауырым, бұл хатымды аласың ба?
Ауғанның тауларының арасында,
Бораған қорғасын оқ бас көтертпей,
Жатырмыз ессіз-түссіз жар астында.
Қоршаудамыз, барады айдан асып,
Анталаған жаулармен тайталасып,
Іздеп жатқан ел де жоқ артымыздан,
Шер-қайғыңды енді кімге айта аларсың?
Күңіреніп, күрсінеді Ауғанстан,
Жігіттер де шаршады сұм соғыстан.
Түн ортасы басталар қанды қырғын,
Жарылыстан-жарылыс – күл боп ұшқан.
Күні өтеді осылай жастығымның,
Жолдасымның естідім ақтық үнін.
Қансырады, құлады командирім,
Бірақ сырын алдырмай жатты күліп.
Күліп жатты жалғанның барлығына,
Өспей жатып жасыл гүл солды сонда!
Көтергенмен рухын жауынгердің,
Іште қалды-ау өкпесі тағдырына!
Басқа салды, біз көндік, амал қанша?
Тартысамыз дұшпанмен ала алғанша.
Қай бұрышта қалады бас домалап,
Алла білер, жортатын сапар қанша?
Кейде ойлайсың, сұм ажал алып кетсе,
Қопарылып, өртеніп жанып кетсем,
Бауырым, дән риза мен болар едім,
Осы хатым еліме барып жетсе!
Түсімізге енеді ақ қорымдар,
Дегендей ме, сездіріп сақ болыңдар.
Бәрімізде бір арман қоршаудағы;
«Сүйегіміз қалмаса екен жат қолында!»