Қашықтықтан оқыту - бұл педагог пен білім алушының қашықтықтан өзара іс-қимылын білдіретін, оқу процесінің барлық компоненттерін қамтитын және интернет-технологиялар мен интерактивтілікті көздейтін басқа да құралдардың (электрондық пошта, телефон арқылы сөйлесу, интернет желісі құралдарын пайдалана отырып сөйлесу) көмегімен іске асырылатын оқыту нысаны.
Қашықтықтан оқытуды қолданудың мүмкін нұсқалары:
- дәстүрлі күндізгі сабақтарды (сабақты) қашықтықтан оқумен ұштастыру (мысалы, консультациялар, уәжді балалар үшін немесе, керісінше, үлгерімі нашар балалар үшін қосымша сабақтар өткізу);
- куратор қадағалайтын (кеңес беретін, көмектесетін) қашықтықтан оқыту курсынан өту үшін әртүрлі оқу орындарынан (қалалардан, өңірлерден, елдерден) білім алушылардың тұрақты тобын (киберкласс) ұйымдастыру;
- куратордың қолдауынсыз қашықтықтан өзін-өзі тәрбиелеу.
Қашықтықтан оқытудың жағымды да, жағымсыз да жақтары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |