Мақсаты: Құрал-жабдықтар


Қорытынды. Зертханалық жұмыс №32



бет24/24
Дата08.02.2022
өлшемі2,47 Mb.
#119476
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
өсімдіктер практика

Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №32

Тақырыбы: Түтікшелі және қатпарлы қалпақшалы саңырауқұлақтардың жемісті денесінің құрылысы.

Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: түтікшелі және қалпақшалы саңырауқұлақтар.

Жұмыс барысы.
1. Көпжасушалы саңырауқұлақтар құрылысының ерекшеліктері неде?
2. Қалпақшалы саңырауқұлақтар қалай көбейеді?
3. Қалпақшалы саңырауқұлақтардың қандай топтары бар? Ол неге негізделген?
4. Қалпақшалы саңырауқұлақтардың құрылысының суретін салу.

Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №33

Тақырыбы: Микроскоптық мукор саңырауқұлағының сыртқы құрылысын зерттеп білу.

Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: қант, нан, ашытқы, алма, сәбіз, картоп (пісірліген), стакан т.б. ыдыстар, сурет дәптері.

Жұмыс барысы.
1. Қантты ортаға ашытқы саңырауқұлағының әсерін байқап көріңдер. Ол үшін екі ыдыс алып (банка, құты), екеуіне бірдей жылы су, оған бірдей етіп нан ашытқысын салып, араластырыңдар. Біреуіне аздап қант салыңдар. Екіншісін сол күйінде қалдырыңдар.Сөйтіп екеуінің де бетін жауып, жылы жерге қойыңдар. Екі сағат өткен соң, ішінде қанты бар ыдыс көпіреді. Оның себебі, ашудың нәтижесінде көмірқышқыл газзы бөлінеді. Бетін ашып, оған жанған шырпыны жақындатсақ, ол сөніп қалады. Екінші ыдыста қант болмағандықтан, ашу жүрмейді. Бетін ашып, жанған шырпыны жақындатсақ, ол жана береді.
2. Ақ және жасыл зең саңырауқұлақтарын өсіріп көріңдер. Ол үшін сабақ басталардан бір жеті бұрын бір үзім нан, алма, сәбіз немесе пісірілген картопты алып, дымқылдап, бетіне басқа бір шыны ыдысты (стакан, банка, Петри табақшасы) төңкеріп жауып, жылы жерге қояды. Бір жетіден соң ластанған мақта тәрізді жіптер басса – мукор, көк-жасыл шоғыры өссе – пеницилл, қара-қоңыр болса, аспергилдердің шоғыры екенін көресіңдер. Мукордың жіпшумағы ұзын, пеницилл мен аспергилдің жіпшумақтары тықырлау (қысқа) болады. Мукор саңырауқұлағының суретін салу.

Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №34

Тақырыбы: Ағаш қабығының саңырауқұлағы жемісті денесінің сыртқы құрылысын зерттеп білу.

Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: кептірілген және ылғал препараттар.

Жұмыс барысы.
1.Саңырауқұлақтарды неге «паразит» деп атайды?
2. Тат саңырауқұлағы деп неге атайды?
3. Қаракүйе саңырауқұлағы туралы не айтуға болады? Қаракүйе астық дақылдарының қай түрлерін зақымдайды?
4. Діңқұлақ саңырауқұлағы деп неге аталған? Оның қандай зияны бар?
5. Паразит саңырауқұлақтармен күресу шараларын қалай жүзеге асырады?

Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №35

Тақырыбы: Қыналардың екі-үш өкілдерінің талломының құрылысын зерттеу.

Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: қыналар, микроскоп

Жұмыс барысы.
1.Қыналар қайда өседі? Қыналардың құрылысы қандай? Суретін салу.
2. Қыналардың сыртқы пішіндері қандай болады?
3. Табиғаттан қыналарды жинап, сыртқы пішіндеріне қарап, топтарға бөліңдер.
4. Қынаның бір бөлшегін алып, ылғал мақтаның үстіне қойыңдар да, шыны ыдыспен жабыңдар. Оның қалай өсетінін бақылаңдар Қынаны шыны ыдыстағы суға салып, бірнеше күн өткен соң қараңдар. Сонда саңырауқұлақ жіпшелері шіріп, балдырларының шыны ыдыс қабырғасында өсе бастағанын көресіңдер. Қынаның микропрепаратын дайындау. Оларды микроскоппен қарау. Қына жасушасына назар аудару. Қынаның суретін салу.

Қорытынды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет