Мақсаты:Ұлы Жеңістің қандай қиыншылықтармен келгенін дәріптеу, Отансүйгіштікке тәрбиелеу және Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып,



Дата28.09.2019
өлшемі40,5 Kb.
#48948
Байланысты:
ЖЕҢІС КҮНІ

Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!

(Ұлы Жеңіске 65 жыл!)


Мақсаты:Ұлы Жеңістің қандай қиыншылықтармен келгенін дәріптеу, Отансүйгіштікке тәрбиелеу және Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, оқушыларды отанды қорғауға, ерлік істеріне тағзым етуге, батыл да батыр, ержүрек болуға үйрету.

Көрнекілігі:Нақыл сөздер жазылған плакат, соғыс тақырыбындағы суреттер, «Отты жылдар шежіресі» атты кітаптар көрмесі.

Мұғалім: Құрметті ұзтаздар мен оқушылар! «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Міне, биыл Ұлы Жеңістің 65-ші көктемін қарсы аламыз.Ұлы Жеңістің 65 жылдығы құтты болсын! Бүгінгі тәрбие сағатымыз Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен ағаларымыздың, мәңгі жас болып жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына , бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлер аруағына, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің құрметіне арналады!

Соғыс... Осы бір сөзді естігенде көз алдымызға қантөгіс, қырғын, ажал атты қорқынышты көріністер елестері анық. Өкініштісі сол, мұндай зұлмат зобалаңдар адамзат қауымы өмір сүрген уақыттың барлық кезеңдері мен дәуірлерінде 14543 рет болған және қазір де қайталануда. Ал ХХ ғасырдағы оның ең қасіреттісі қайсы десек, ол Екінші Дүниежүзілік соғысы дер едік. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысып, майданға 61 мемлекет тартылды. 40 мемлекеттің жері соғыс өртіне шарпылып, 110 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында 1932 жылғы ашаршылықтан қырылып, бар-жоғы 3,2 миллион-ақ болып қалған, соған қарамастан Батысқа өз боздақтарын атандырған қазақ елі де бар еді.

Соғысқа 35 миллион адам қатысып, соның 20 миллионнан астамы опат болды. Бұл 1418 күнге созылған шайқастың әр секунды сайын бір адам опат болып отырды деген сөз.

1941-1945 жылғы Ұлы отан соғысына Қазақстан 1 миллион 366 мың адамын аттандырды. Статистика Жеңіс күніне олардың тек жартысының ғана аман оралғанын айтады. Қалғандары ұрыс даласында көз жұмған. Бұл республика халқының 11 пайызы еді. Бірақ олар бізге «Жеңіс!» - атты қасиетті де қастерлі сөзді сыйлап кетті. Сондықтан да біз сол аталарымыз бен ағаларымызға мәңгілікке қарыздармыз. Өйткені, бұл Жеңіссіз планетада бейбітшілік болмас еді. Бұл Жеңіс болмаса көптеген елдер мен халықтардың тағдыры басқаша қалыптасар еді. Бұл Жеңіссіз бүгінгі тәуелсіз Қазақстан да болмас еді.

Жеңіс! Қандай құдіретті сөз еді бұл! Осы бір сөзге төрт жылдай теңселген дүниенің қайғы-қасірет, ащы азабы, тәтті арманы, ой-қиялы сыйып жатыр. Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңісіміз достықты шыңдаған, бірлікті жырлаған, ер намысы болып аталған, ел дауысы болып шақырған Жеңіс!

Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел ұландары Отанымыздың байтақ жерін қорғады, айдын көлін қорғады, өзі туған өңірін қорғады, ақ сүт берген анасын қорғады, пәк күлкі шашқан баласын қорғады, парасатты данасын қорғады. Осы әділет жолында қасық қанын қиып ұрыс даласынан қайтпай қалған қаһармандар қаншама! Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тіршілігіміздің нұрындай мәңгі шуағын шашпақ.

Жеңіс оңай келген жоқ. Жұдырықтай жұмылып, анталаған жауға қарсы тұра білудің арқасында ғана мүмкін болды. Асқан ерлік көрсетіп, Жеңіс күнін жақындатқандардың ішінде қазақстандықтар да бар еді.

Уақыт өз дегенін істетпей қоя ма? Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміздің қатары сиреп барады. Сондықтан да Ұлы Жеңістің авторлары – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға барынша қамқорлық жасау – басты парызымыз.



Мұғалім: Оқушылар қазір сергіту сәтін өткіземіз. Сіздерге соғысқа қатысты бірнеше шағын мәтін беріледі. Соғыс кезін көз алдарыңызға елестету арқылы, мәтіндерді жалғастырып, шағын хат жазасыздар. Мысалы: «Сәлем хат! Амансыз ба, анашым! Ауырмай жүрсізбе? Ауыл-аймақ, туған-туыс түгел аманба? Менен хат үзілді деп ана жүрегіңіз алаңдап жүрген болар. Бір айдан бері жаудың әскерлерін шегіндірумен келеміз...», «Сәлем хат! Дүниедегі ең сұлу да ақылды сүіктім Жанна! Қалың қалай? Міне, қолыма қалам алып айдың нұрымен саған хат жазып отырмын! Хабар-ошарсыз кетті деп уайымдаған боларсың?...», «Амансың ба, құлыным! Неге хабарсыз кеттің? Жақында Айдарбектің ұлы жараланып ауылға келді. Сенімен бір батальонда болыпты. Балаңыз аман-есен, соғыста хат жаза беруге уақыт та болмайды, уайымдамаңыз деп мені жұбатып қойды...»

Ерлік пен қаһармандықтың теңдесі жоқ үлгісін көрсеткендердің алдыңғы шебінде ұшқыштар жүреді. Жалпы бұл соғыста жаужүрек 2420 ұшқыш Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Тарихи ақиқатқа сүйенсек, 500-дей солдат пен офицер оның ішінде 101 қазақ Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атқа ие болды. Олардың қатарында Шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүк, екі рет Батыр атағын алғандар ұшқыш Талғат Бигелдинов, ұшқыш Нүркен Әбдіров, Төлеген Тоқтаров т.б.

Соғыс өрті күйіп-жанып тұрғанда, қиян-кескі шайқасқа кірісер алдында ұшқыштар ең қымбат жәдігер затын өздерімен бірге алып ұшатын болған. Қазақтар «сын сағатты жеңілдетеді» деп туған жердің бойтұмарын мойнына тағып немесе жан қалтасына салып ұшқан деседі. Бірақ оны ешқайсысы тіс жарып айтпаған. Қайталанбас қаһармандықтың мұзбалағы – ұшқыштар да сенім деген қасиетке бас иген ғой.

Қанды майдан даласында қазақ қаламгерлері де қару мен қаламды қатар ұстап, сұрапыл жорық жолдарынан өтті. « Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік!» деп патриоттық сезімді дәріптеген халық батыры Бауыржан Момышұлы, ерлігі Алтын жұлдыз болып жарқыраған Мәлік Ғабдуллин, Қасым Қайсенов т.б.
Жоқ, болмайды, мен өлмен,

Өшпес менде өмір бар.

Өлім мен өмір күресте,

Өлімді өмір жеңе алар.

Біз алмастай қамал жоқ,

Дүлей дауыл соқса да.

Жеңбестей еш күш жоқ,

Алысса да, атса да, - деп жырлаған батыр да ақын ағамыз Баубек Бұлқышев та небәрі 28 жасында осы қанды соғыстың құрбаны болды.

«Ұлы таулар аласармайды, Ұлы есімдер ұмытылмайды» демекші, жалында жанып өлген Абдолла Жұмағалиев, қамал бұзар қаһарлы сөзімен халық жадында қалған Баубек Бұлқышевтарды біз қадір тұтып,еске алып, әр уақыт рухтарына бас иеміз.

Міне, осынау қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан батыр ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас ие отырып, ол кісілердің бүгінгі ұрпақтарына қалдырған кең байтақ, азат елін, жерін қорғау, күту болашақ мына біздің қолымызда. Еліміз үшін, жеріміз үшін құрбан болған батырларымызға мың тағзым!


Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне!

Аспан бетін қаптаған қара тұман,

Серпіліп зұлымдықтың сөнді түні.


Құрметті ұзтаздар мен оқушылар, Жеңістің 65 жылдығына арналған тәрбие сағатымыз аяқталды, көңіл қойып тыңдап, қатысқандарыңызға рахмет!

«Сәлем хат! Амансыз ба, анашым! Ауырмай жүрсізбе? Ауыл-аймақ, туған-туыс түгел аманба? Менен хат үзілді деп ана жүрегіңіз алаңдап жүрген болар. Бір айдан бері жаудың әскерлерін шегіндірумен келеміз...»


«Сәлем хат! Дүниедегі ең сұлу да ақылды сүіктім Жанна! Қалың қалай? Міне, қолыма қалам алып айдың нұрымен саған хат жазып отырмын! Хабар-ошарсыз кетті деп уайымдаған боларсың?...»



«Амансың ба, құлыным! Неге хабарсыз кеттің? Жақында Айдарбектің ұлы жараланып ауылға келді. Сенімен бір батальонда болыпты. Балаңыз аман-есен, соғыста хат жаза беруге уақыт та болмайды, уайымдамаңыз деп мені жұбатып қойды...»


Отты жылдар шежіресі

Батыр Туған жер Ел Ер Отан
Ерлік Ардагер Соғыс Қайсар


Жеңіс Намыс Ұлт

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет