Міндеттерім: 1. Ғылыми деректерге сүйене отырып, ауаның қасиеттері мен құрамын зерттеу; 2. Ауаның адам өміріндегі маңызын білу; 3.Таза ауаны қайдан аламыз? 4.Менің ауа тазалығына қосар үлесім;
Өзектілігі: - Жер бетінде ауа қалай таралған? - Айналамызды ауа қоршап тұрғанын қалай білуге болатынын түсінгім келеді. -Ауаның құрамын білгім келеді. -Ауаны қалай тазартуға болады? Ол үшін не істеу керек?
Болжам: Егер мен дүниетану пәнінен алған білімім негізінде қарапайым зерттеулер жүргізе отырып,кез келген жерде,қуыстарда ауа болатындығын білсем,оның қасиеттерін,қолданылатын жерін қажеттілігін түсінемін. Ауаны ластауға жол бермеу жұмыстарына қатысып өз үлесімді қосамын.
Егер ауа болмаса,әлем меңіреу тыныштыққа бөленер еді. Дыбыстың өзі-ауа бөлшектерінің толқынды қозғалысы. Аспанның көгілдір түсті болып көрінуі де күн сәулесінің ауаға сіңуінен. Ауасыз атмосфераның түсі де басқаша болып көрінері сөзсіз.
Ауа жер шарын тегіс қоршап қабат түзеді.Оның қалыңдығы бірнеше жүз километрге жетеді. Бұған қарасақ біз газдан тұратын ауа мұхитының түбінде өмір сүреміз. Ауа бірнеше қабаттан тұрады.Жерге жақын бөлігінде су буы болады.Одан түрлі бұлттар түзіледі.Ауа мен Жер арасындағы зат алмасуы, жауын-шашынның болуы осы төменгі қабатқа байланысты жүреді. Келесі екінші бөлігінде газдар сирейді,бұлттар түзілмейді себебі су буы аз болады. Үшінші сыртқы бөлігінде ауа құрамындағы газдар одан әрі кеміп, ауасыз кеңістік басталады.
Күндіз ауа қабаты күн сәулесін шашыратады,сондықтан Жер бетін жылытады. Ал түнде күн көкжиектен батқан кезде оны көзге көрінбейтін көрпемен қымтағандай болады.Ауа қабаты-Жердің қорғанышы.Ол жерді қатты ысып және суып кетуден сақтайды. Ауа қабаты болмайтын Айда күндізгі температура+120 ,түнгі температура -160 градусқа жетеді.Жердегі ағзалардың ешқайсысы мұндай температураларда тіршілік ете алмас еді.Бұл ауа қабатының тіршілік үшін бір пайдасы. Екінші пайдасы- ғарыштан келетін аса өткір күйдіргіш сәулелерді жібермей ұстап қалатындығы. Адам тамақ ішпей айдан аса уақыт,сусыз бірер апта,,тіршілік етсе,ауасыз бірнеше минут қана өмір сүре алады[58].