Зәрді бактериологиялық тексеруге дайындау техникасы.
ІІІ. Жұмыс қорытындысы: 1.
2.
3.
ІV. Бақылау сұрақтары: Қолдану көрсетілімдері.
Қарсы көрсетілімдері.
Керекті заттар.
Машықтандыру жұмысы №25
Тақыры: Қуыққа катетеризация жүргізу техникасы Мақсаты: Қуықтың қабынуы процесін емдеу,тіндердің іру өнімдерін,іріңді немесе ұсақ тастары миханиуалық алып тастау.Зәр мүшелерінің эндоскопиялық зерттеу алдында.
І. Жұмыс жоспары Дайындаңыз: науқастың жыныс мүшелерін жууға және катетірлеуге арналған құрал жабдықтарды;қуықты жууға арналған 37°С деін жылытылған антсептикалық ерітіндіні (фурацилин ерітіндісін немесе перманганант калийдің әлсіз ерітіндісін және т.б),Жанэ шприцін,қолғаптарды,зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі: 1.Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.
2.Науқастың бөксе астына клеенканы және жаялықты салыңыз.Науқасты арқасымен жатқызып,тізелерін бүгіп,аяқтарын санынан ажыратыңыз.
3.Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз,оларды 70% спиртпен суландырған мақта шариктерімен,тырнақ пластинкасын 1% спирттелген йод ерітіндісімен тазартыңыз.Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.
4.Науқастың сыртқы жыныс мүшелерін жуыңыз( іс-әрекеті қараңыз)
5.Әйелдің қуығына катетірлеулі жүргізіңіз( іс-әрекеті қараңыз)
6. Катетірлеу арқылы қуықты босатыңз ( іс-әрекеті қараңыз)
7.50-100мл мөлшеріндегі жылытылған фурацилин ерітіндісін Жанэ шприціне сорып алыңыз. 8. Катетірдің бос шетін Жанэ шприцін жалғастырып,фурацилин ерітіндісін поршеннің қысымымен итеріп қуыққа енгізіңіз.
9.Катетірден Жанэ шприцін шығарып алып,қуыққа енгізілген катетірдің бос шетін несеп жинайтын ыдысқа салыңыз, сұйықтық еркін катетер арқылы несеп жинайтын ыдысқа ағады.
10.Жуылған су таза болып шыққыншы,жууды бірнеше рет қайталыңыз.
11. Қуықты аз мөлшердегі ерітіндіні қалдырып,катетірді шығарыңыз да зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
12.Қолғапты шешіп,қауыпсыз жоюға арналған контейнерге салыңыз.Қолыңызды жуып,кептіріңіз.
13.науқастың тұрруына және ыңғайлы қалып алуына көмектесіңіз,оны 1сағат бойы бақылыңыз.