ІІ. Жұмыстың орындалу барысы:
Емшара мақсаты.
Науқасты тамақтандыру техникасы.
ІІІ. Жұмыс қорытындысы:
1.
2.
3.
ІV. Бақылау сұрақтары:
Қолдану көрсетілімдері.
Қарсы көрсетілімдері.
Керекті заттар.
Науқасты тамақтандыру техникасы.
Машықтандыру жұмысы №16
Тақыры: Мұрын-асқазан зонды арқылы тамақтану
Мақсаты: науқасты тамақтандыру.
Қолдану көрсетілімдері: жарақат, тілдің, жұтқыншақтың, көмекейдің , өңештің зақымдануы және ісіктері, жұтынудың және сөйлеудің бұзылуы, ессіз жағдай, психикалық ауруда тамақтан бас тарту, өңештің түйнелуі немесе тарылуы, қақпақшықтың тарылуы. Өңеш және асқазан-ішек жолдарына операциядан кейінгі кезең.
Қарсы көрсетілімдері: асқазан ойық жара ауруы өршу сатысында.
І. Жұмыс жоспары.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған, бір рет қолданылатын жіңішке асқазан сүңгіені, 200 мл құйғыны немесе Және шприцін, салфеткаларды, фурацилин ерітіндісін, қысқышты, фонендоскопты, 3-4 стакан жылы сұйық тамақты 600-800 мл мөлшердегі, лототі, жабысқыш пластырді, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа және туыстарына емшараның барысын түсіндіріп, олардың келісімін алыңыз.
Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз.
Енгізетін сүңгінің ұзындыған анықтаңыз: сантиметрдегі науқастың бойынан 100 см алыңыз.
Қолғапты киіңіз.
Фурацилин ерітіндісін лотокқа құйыңыз және оған сүңгіні белгіге дейін салыңыз сүңгіні (суландыру үшін)
Науқасты арқасынан жатқызыңыз, басының және мойнының астына жастықты салып, басын қырына қарай бұрыңыз, кеудесіне салфетканы жабыңыз.
Қолғапты киіңіз.
Төменгі мұрын жолы арқылы жіңішке асқазан сүңгісін 15-18 см тереңдікке енгізіңіз. Сол қолдың саусағымен оның қалпын мұрын-жұтқыншақтан анықтап, жұтқыншақтың артқы қабырғасына қысыңыз, сүңгіні белгіленген белгісіне дейін, жұтуын сұраңыз (немесе оң қолмен жылжытыңыз)
30-40 мл ауаны Жане шприціне сорып алып, оны сүңгіге жалғастырыңыз.
Фонендоскоптың басын асқазан аймағы үстіне қойыңыз.
Фонендоскоптың бақылауымен ауаны сүңгі арқылы асқазанға енгізіңіз (дыбысты естіңіз).
Сүңгіге қысқышты салыңыз немесе тығынмен жабыңыз, шприцті алыңыз. Сүңгінің сыртқы шегін лотокқа салыңыз.
Сүңгіні жабысқыш пластырмен мұрынға немесе бетіне бекітіңіз. Жане шприціне даярланған жылы сұйық тамақты сорып алыңыз, шприцпен ауаны шығарыңыз.
Сүңгіден қысқышты (тығынды) алып, құйғыны немесе Жане шприцін поріненесіз сүңгінің бос шетіне жалғастырыңыз, оларды асқазан деңгейіне дейін түсіріңіз.
Құйғыны немесе Жане шприцін сәл еңкейтіп, оған даярланған тамақты құйыңыз, ақырындап құйғыны көтеріңіз, тек қана құйғының аузында тамақ қалмағанша.
Асқазан деңгейіне дейін құйғыны түсіріңіз және асқазанға тамақ енгізуді қайталаңыз.
Тамақтандырғаннан кейін сүңгіні шаймен немесе қайнатылған сумен жуыңыз.
Сүңгінің шетіне қысқышты (тығынды) салыңыз, құйғыны алыңыз. Сүңгінің шетін залалсыздандырылған салфеткамен ораңыз, (немесе оны науқастың киіміне түйреуішпен жапсырыңыз).
Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |