Маркерлі тізімді құру. Маркерлі тізімді құру – көптеген мәтіндік процессорлардың мүмкіндігі. WordPad программасында, маркерлі тізімнің бірінші жолы Формат > Маркер командасымен немесе форматтау панелінің Маркер батырмасымен шерту арқылы іске қосылады. Маркердің келесі жолдары ENTER пернесін басқанда автоматты түрде шығады. Маркерді тоқтату үшін команданы тағы бір рет қайталау керек.
Табуляцияны басқару. Табуляция режимі жолдағы мәтінді курсордың сызығын TAB пернесін жүйелеу басу арқылы жылжытуын анықтайды. Табуляцияны мәтінді рәсімдеу үшін, тең бағаналар жасағанда қолданылады. Табуляцияпозициясын Табуляциядиалогтық терезесінде Формат>Табуляция командасы арқылы орындалады. Табуляция позициясының координатасы сантиметрмен беріледі және сол жақ өрістен өлшенеді.