Тапсырма № 3. «Word Pad» мәтіндік процессоры.
Жұмыс мақсаты: Word Pad программасымен жұмыс және оны форматтау арқылы орындау.
Теоретикалық жағдайлар және жұмысқа нұсқаулар.
WordPad мәтіндік процессоры Windows 98 стандартты жүйеге кіреді, және өте қуатты Word программасының жеңіл версиясы болып табылады. WordPad процессоры Пуск > Программы > Стандартные > WordPad командасымен іске қосылады. Мәтіндік процессордың Блокнот терезесінен айырмашылығы: басқару элементінің қосымша форматтау панелі бар. Беттердің параметрі макет беттері диалогтік терезесінде (Файл > Макет страницы) беріледі. Баспа беттерінің параметрін баптауын, принтердің түріне сәйкес орындау керек. Принтерді таңдау үшін макеттің беттері диалогтік терезесіндегі принтер батырмасы қолданылады. Принтер ашылған тізімде осы компьютердің конфигурациясы басталған принтердің әр түрлі модельдері берілген. Принтердің моделін таңдағаннан кейін баспа беттерінің параметрін таңдайды. Қағаздың өлшемін ашылған Өлшем (Размер) тізімінде таңдайды. Құжаттың жұмыс өрісі барлық қағаз бетінде болмайды, себебі құжаттың жан – жағынан ақ өрістер қалу қажет. Өрістің өлшемін таңдағанда төмендегі жағдайларды еске сақтаңыз: