4 км-дің 80 метрге қатынасын есептеңіз. Жауабы: 50
1: 25000000 масштабпен берілген картада екі қаланың арасы 12 см. Екі қаланың бір-бірінен нақты қашықтығын табыңыз. Жауабы: 3000км
50:1 масштабымен салынған жәндіктің қанатының ұзындығы 15 см-ге тең. Қанатының масштабтағы ұзындығын табыңыз. Жауабы: 0,3 см
Бөлме еденінің сызбадағы өлшемдері 4см және 6 см. Бөлме салынған кезде еденнің ені 5м болып шықты. Еденнің ұзындығын табыңыз. Жауабы: 7,5 см
Екі елді мекеннің арасы 8 км. 1: 100000 масштабпен сызғанда елді мекеннің арасы картада қанша болатынын табыңыз. Жауабы: 8см
Масштабы 1: 10000 болатын картада екі пункттің арасындағы кесіндінің ұзындығы 15 см-ге тең. Жергілікті жерде оыс екі пункттің арақашықтығы қандай? Жауабы: 1,5 км
Масштабы 1: 10000000 картада Алматыдан Мәскеуге дейінгі қашықтық 3 дм. Алматы – Мәскеу темір жолының ұзындығы Алматыдан Мәскеуге дейінгі ара қашықтықтан 50% - ке артық. Темір жолдың ұзындығын табыңыз. Жауабы: 4500 км
Масштабы 1: 600000000 картада Алматы мен Астананы қосатын кесіндінің ұзындығы 16 мм. Қалалардың ара қашықтығын табыңыз. Жауабы: 960 км
Пішіні квадрат тәрізді жер бөлігінің сызбасы 1:500 масштабымен жасалған. Оның қабырғасы сызбада 16 см. Осы жер бөлігінің ауданын есептеп табыңыз. Жауабы: 6400м2
Тік төртбұрышты алаңның ауданы 73500 м2 . Масштабы 1: 7000 сызбада осы алаңды кескіндегенде, ұзындығы 5 см тік төртбұрыш шықты. Алаңның еденін табыңыз. Жауабы: 210 м
Ұзындығы (нақты өлшемі) 10 м болатын кесінді сызбада 4 см. Масштабты табыңыз.
Жауабы: 1: 250
Көп қабатты үйдің биіктігі 96 м. Сызбадағы көп қабатты үйдің биіктігі 24 мм. Масштабты тап.
Жауабы: 1 : 4000
Астана мен Қостанай қалаларының арақашықтығы 750 км. Картада оларды қосатын кесіндінің ұзындығы 15 см. Картаның масштабын табыңдар. Жауабы: 1 : 5 000 000
Жер бетіндегі 360 км арақашықтық картада 4,8см-ге сәйкес келеді. Осы картадағы 0,64 дм кесіндіге жер бетіндегі неше километр арақашықтық сәйкес келеді? Жауабы: 480 км
Сынып бөлмесінің сызбасын 1 : 50 масштабымен сызғанда, сызбаның ұзындығы 12 см, ені 10 см болды. Бөлменің нақты өлшемдері қандай? Жауабы: 6м,5м
Тіктөртбұрышты алаңның ауданы 72000 м2 . Осы алаңды масштабы 1 : 6 000 сызбада кескіндегенде, ені 4 см тіктөртбұрыш шықты. Алаңның жер бетіндегі ұзындығын табыңдар.
Жауабы: 300м
Үстелдің ұзындығы 1,8м, ені 0,7м. Масштабы 1 : 100 болатын сызбадағы үстелдің ауданын табыңдар. Жауабы: 1,26 см2
Машина доңғалағының масштабы 1 : 50 болатын сызбадағы радиусы 0,8 см. Машина доңғалағының диаметрін табыңдар. Жауабы: 80 см
Күн мен жердің арақашықтығы 150 000 000 км, ал сызбада ол 30 см-ге сәйкес. Егер ай мен жердің арақашықтығы 384 000 км болса, онда сызбадағы арақашықтық қанша сантиметрге тең болады?