Масштаб 1км = 1000 м= 100000см



Дата27.02.2020
өлшемі30 Kb.
#59148
Байланысты:
масштабқа байлансыты тест

Масштаб

1км = 1000 м= 100000см


  1. 8 кг-ның 500 г-ға қатынасын есептеңіз. Жауабы: 16

  2. 4 км-дің 80 метрге қатынасын есептеңіз. Жауабы: 50

  3. 1: 25000000 масштабпен берілген картада екі қаланың арасы 12 см. Екі қаланың бір-бірінен нақты қашықтығын табыңыз. Жауабы: 3000км

  4. 50:1 масштабымен салынған жәндіктің қанатының ұзындығы 15 см-ге тең. Қанатының масштабтағы ұзындығын табыңыз. Жауабы: 0,3 см

  5. Бөлме еденінің сызбадағы өлшемдері 4см және 6 см. Бөлме салынған кезде еденнің ені 5м болып шықты. Еденнің ұзындығын табыңыз. Жауабы: 7,5 см

  6. Екі елді мекеннің арасы 8 км. 1: 100000 масштабпен сызғанда елді мекеннің арасы картада қанша болатынын табыңыз. Жауабы: 8см

  7. Масштабы 1: 10000 болатын картада екі пункттің арасындағы кесіндінің ұзындығы 15 см-ге тең. Жергілікті жерде оыс екі пункттің арақашықтығы қандай? Жауабы: 1,5 км

  8. Масштабы 1: 10000000 картада Алматыдан Мәскеуге дейінгі қашықтық 3 дм. Алматы – Мәскеу темір жолының ұзындығы Алматыдан Мәскеуге дейінгі ара қашықтықтан 50% - ке артық. Темір жолдың ұзындығын табыңыз. Жауабы: 4500 км

  9. Масштабы 1: 600000000 картада Алматы мен Астананы қосатын кесіндінің ұзындығы 16 мм. Қалалардың ара қашықтығын табыңыз. Жауабы: 960 км

  10. Пішіні квадрат тәрізді жер бөлігінің сызбасы 1:500 масштабымен жасалған. Оның қабырғасы сызбада 16 см. Осы жер бөлігінің ауданын есептеп табыңыз. Жауабы: 6400м2

  11. Тік төртбұрышты алаңның ауданы 73500 м2 . Масштабы 1: 7000 сызбада осы алаңды кескіндегенде, ұзындығы 5 см тік төртбұрыш шықты. Алаңның еденін табыңыз. Жауабы: 210 м

  12. Ұзындығы (нақты өлшемі) 10 м болатын кесінді сызбада 4 см. Масштабты табыңыз.

Жауабы: 1: 250

  1. Көп қабатты үйдің биіктігі 96 м. Сызбадағы көп қабатты үйдің биіктігі 24 мм. Масштабты тап.

Жауабы: 1 : 4000

  1. Астана мен Қостанай қалаларының арақашықтығы 750 км. Картада оларды қосатын кесіндінің ұзындығы 15 см. Картаның масштабын табыңдар. Жауабы: 1 : 5 000 000

  2. Жер бетіндегі 360 км арақашықтық картада 4,8см-ге сәйкес келеді. Осы картадағы 0,64 дм кесіндіге жер бетіндегі неше километр арақашықтық сәйкес келеді? Жауабы: 480 км

  3. Сынып бөлмесінің сызбасын 1 : 50 масштабымен сызғанда, сызбаның ұзындығы 12 см, ені 10 см болды. Бөлменің нақты өлшемдері қандай? Жауабы: 6м,5м

  4. Тіктөртбұрышты алаңның ауданы 72000 м2 . Осы алаңды масштабы 1 : 6 000 сызбада кескіндегенде, ені 4 см тіктөртбұрыш шықты. Алаңның жер бетіндегі ұзындығын табыңдар.

Жауабы: 300м

  1. Үстелдің ұзындығы 1,8м, ені 0,7м. Масштабы 1 : 100 болатын сызбадағы үстелдің ауданын табыңдар. Жауабы: 1,26 см2

  2. Машина доңғалағының масштабы 1 : 50 болатын сызбадағы радиусы 0,8 см. Машина доңғалағының диаметрін табыңдар. Жауабы: 80 см

  3. Күн мен жердің арақашықтығы 150 000 000 км, ал сызбада ол 30 см-ге сәйкес. Егер ай мен жердің арақашықтығы 384 000 км болса, онда сызбадағы арақашықтық қанша сантиметрге тең болады?

Жауабы: 0,0768 см

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет