Масштабтар және оның дәлдігі


План және карта туралы түсінік



бет2/2
Дата22.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#198666
1   2
Байланысты:
Лекция 15
бәсекелестікке қабілет
План және карта туралы түсінік

Жер бетінің немесе оның жеке бөлшектерінің кішірейтіліп, арнаулы деректері толық көрсетіліп, жазықтық бетке кескінделуін карта деп атайды. Картада Жердің қисықтығы есептеледі.


Ал, шағын аймақтың дәл осындай кескінін, ірі масштабтағы картаны план деп атайды. Кішірейтіп, дәлдеп салынған кішігірім жер бетінің жазық проекциясы план деп аталады.
План мен картаның ерекшеліктері:
1. Планда жердің шағын аймақтары үлкен масштабпен алынса (1: 5 000,
1: 2 000, 1: 1 000, 1: 500), карталарда үлкен аймақтар ұсақ масштабпен 1: 50 000, 1: 100 000 т.б. алынады.
2. Картада меридиандар мен параллельдер міндетті түрде көрсетіледі, ал планда тік бұрышты координаталар түрінде беріледі.
3. Планда жердің дөңестігі ескерілмейді. Кескіндеу масштабы планның барлық бағытында тұрақты болса, картада ол тек меридиандар мен параллельдер бағытында ғана сақталады.
Егер де план мен картада тек қана ситуация бейнеленсе, ондай план мен картаны ситуациялық (контурлық) деп атайды. Ал, егер ситуациямен қатар жер бедерінің бейнесі көрсетілген план мен карта топографиялық деп аталады.
Жер бетін план мен картадан басқа қима (профиль) деп аталатын жердің вертикаль кесіндісі арқылы да бейнелеп көрсетуге болады. Жалпы алғанда қима - көлденең кесіндінің дербес түрі болып есептеледі.
Жер қыртысының бетінен оның терең қабаттарына дейінгі аралығының тік бағыттағы көрінісін қима не көлденең кесінді дейді.
Қималар әрқашанда жазық (горизонталь) және тік (вертикаль) масштабтарда сызылады. Жол және әртүрлі құрылыс салуда, сол жердің бедері мен геологиялық құрылысы арасындағы байланысты анықтау қажет болғанда, қиманың вертикаль масштабы горизонталь масштабпен ондаған, кейде жүздеген есе үлкейтіліп сызылады. Мысалы, горизонталь масштаб 1: 1000 болса, оның вертикаль масштабы 1: 500 болып келеді.


Шартты белгілер

Топографиялық карта мен планның маңызды көрсеткішінің бірі олардың көрнектілігі. Олар мұндай қасиетке карта мен планда ситуацияны және жер бедерін арнаулы шартты белгілермен бейнелеу арқылы жетеді.


Шартты белгілер өзінің атқаратын міндеті мен қасиеті жағынан масштабтық (аудандық), масштабтан тыс (масштабсыз), сызықтық және түсіндірме шартты белгілер болып бөлінеді.
Аудандық немесе масштабтық шартты белгілер аумақты, үлкен контурлы объектілерді карта мен планның масштабымен бейнелеу үшін қолданылады. Ондай белгілерге жататындар: ормандар, шабындық пен жайылым жерлер, көлдер және т.б. Объектілер өзінің шын мәніндегі көрінісінде масштабты контурлы шартты белгілермен белгіленеді. Онда олардың көлемдерін (ұзындығын, енін, ауданын) картадан өлшеуге мүмкіндік болуы тиіс.
Масштабтан тыс (масштабсыз) шартты белгілермен сұлбасын картаның масштабына түсіруге мүмкіндік болмайтын көлемі шағын объектілер белгіленеді (ескерткіш, жеке тұрған ағаш, көпір, құдық т.б.). Масштабтан тыс шартты белгілер тиісті объектінің сыртқы түрін еске салатын шағын геометриялық фигуралар түрінде көрсетіледі.
Өзендер, каналдар, жолдар және басқа сызықтық объектілер де масштабтан тыс шартты белгілермен көрсетіледі. Осы белгілер объектінің осін, яғни ортасын табиғи орнына толық сәйкестікте береді. Ал оның ені біршама үлкейтіліп көрсетіледі.
Жазулар және түсіндірме шартты белгілері масштабтық және масштабтан тыс шартты белгілермен үйлесімді түрде қолданылады. Олар объектілердің қосымша сипаттамалары ретінде қызмет атқарады. Елді мекендердің, өзендердің, көлдердің, таулардың және т.б. аттары толық жазылады. Қысқартылған жазулар объектілердің шартты белгілерінің маңызын немесе қасиетін түсіндіреді. Мысалы, мк.-мектеп, вкз. - вокзал. Сандық белгілер көбінесе объектінің сандық сипаттамасын (көпірдің ұзындығын, енін және жүк көтеру қабілетін; ағаштардың биіктігін, диаметрін және олардың арақашықтығын, т.б.) көрсету үшін қолданылады.
Топографиялық карталарды түрлі-түсті безендіру оның көрнекілігін және айқындығын анағұрлым арттыруға септігін тигізеді. Бояулардың түсі кескінделетін объектілердің шын өңіне негізінен сәйкес келеді. Мысалы, ормандар - жасыл, гидрография - көк, жер бедері – қоңыр, елді мекендердің сұлбалары, темір жолдар, көптеген өндірістік орындар, халық шаруашылық және әлеуметтік-мәдениет объектілері - қара бояулармен боялады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет