Массив түсінігі


Массивтермен амалдар орындау



бет2/4
Дата05.12.2023
өлшемі19,47 Kb.
#195129
1   2   3   4
Байланысты:
Массив түсінігі
Жеңіл атлетикадағы Қазақстан спортшыларының жетістігі
Массивтермен амалдар орындау


Массивтердің өзімен жұмыс істеу үшін массивтің өз атауы қолданылады. Массивтің өзі тек қана "тең", "тең емес" және меншіктеу амалдарына ғана қатыса алады. Бұл амалдарға қатысатын массивтердің типтері мен элементтер саны бірдей болуы керек.


Мысалы мынадай массивтер берілсе:


VAR X, Ү: Array[ 1..5]Of Byte;


Бұл массивтерге келесі амалдар қолданғанда:
Х=Ү - егер массивтердің индекстері сәйкес элементтері тең болса, онда нәтиже "ақиқат" болады
Х<>Ү- егер массивтердің индекстері сәйкес элементтерінің кемінде біреуі тең болмаса, онда нәтиже "ақиқат" болады
Х:=Ү - X массиві Ү массивінің барлық элементтерін меншіктейді, ал Ү массивінің элементтері өзгеріссіз қалады.
Массив элементтерімен амалдар орындау


Массивті сипаттап болғаннан кейін, операторлар бөлімінде массив элементтеріне жай айнымалылармен орындалатын әртүрлі амалдар қолдануға болады. Оларды әр түрлі өрнектерде операндалар орнына, For, While, Repeat операторларының параметрлерінде, логикалық амалдарда салыстыру элементі ретінде пайдалануға болады. Бағдарламалық тексте массивтің әр элементі массивтің аты мен индексі арқылы жазылады. Элементтер индекстің мәндері арқылы реттеледі. Бір ескеретіні "индекс" және "индекстің типі" түсініктерін араластыруға болмайды. "Индекстің типі" түсінігі тек массивті сипаттайтын бөліктерде ғана қолданылады. Ал "индекс" түсінігі операторлар бөлігінде массив элементтерін белгілегенде қолданылады. Индекс ретінде әртүрлі өрнектер қолдануға болады. Көбінесе өрнектердің қарапайым бір түрі ретінде тұрақтылар мен айнымалылар қолданылады. Сондықтан да (массив элементтерін басқаша индексті айнымалылар деп атайды. Егер математикада индекс жай жақшаға алынып немесе төменгі регистрде жазылса, Паскаль бағдарламаларында массив индекстері тік жақшаларға алынып жазылады.
Массив элементтері бағдарламалардағы өрнектер мен меншіктеу операторларының сол жағында да, оң жағында да тұруы мүмкін. Массив элементтерінің негіздік типіне қолдануға болатын амалдарды массив элементтеріне де қолдануға болады, мысалы:


А (51, -15, 5.5, -8.1, 15, 0, 8) - А массиві 7 элементтен тұрады, элементтердің бағдарламада сипатталуы мен жазылуы:


VAR A:ARRAY{ 1.. 7] of Real;
А[ 1]=51; А[2]=-15; А[3]=5.5; А[4]=-8.1; А[5]= 15; А[6]=0; А[7]=8
Массив элементтерінің индекстері өрнектер мен операторларда тік жақшаларға алынып жазылады:
Ү: =5*А[ 1]+SQR(A[2]+A[3]); X:=COS(A[5])+Sin(A[5]);
Fork:=1 To 10 Do Begin
Read(A[k]); Writeln(A[k]); A[k]:=A[k+1];
lfA[k]<5 Then S:=S+A[k];
While A[k]> =80 Do Begin S: =S+A[k]; k: =k+1 End; End;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет