Орындаған
:
Нұрбаева
Әниел
Абайдың қара
сөздері
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік
және дінге көзқарастары терең білінген
еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері
(Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі
көркемдік қуатын, философиядағы даналық
дүниетанымын даралап көрсететін
классикалық стильде жазылған прозалық
шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек
шығармадан тұратын Абайдың қара
сөздерінің тақырыбы жағынан бір бағытта
жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті
үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн,
тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды
болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде
шығарманың ажарына ғана назар аударып
қоймай, оның тереңдігіне, логикалық
мәніне зер салған.
Сөйтіп көркемдік шеберлік пен
ғылыми зерделік арқылы көркемдік
сана мен философиялық сананы
ұштастырады. Абайдың қара
сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық,
әлеуметтік ойлары дін туралы
пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ
халқының философиялық
концепциясын құрайды. Абайдың кара
сөздері сондай-ақ жалпы адамзат
баласына ортақ асыл сөзге айналды.
ОНЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІНІҢ БІРНЕШЕУІ ЕҢ
АЛҒАШ 1918 Ж. СЕМЕЙДЕ ШЫҚҚАН "АБАЙ"
ЖУРНАЛЫНДА ЖАРЫҚ КӨРДІ. КЕЙІННЕН,
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ ОРЫС, ҚЫТАЙ,
ФРАНЦУЗ, Т.Б. КӨПТЕГЕН ӘЛЕМ ТІЛДЕРІНЕ
АУДАРЫЛДЫ.
АҚЫННЫҢ БҮКІЛ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ БІР ТҰТАС
ТАҚЫРЫПТА ӨЗЕКТІ ИДЕЯ БОЛҒАН. АБАЙДЫҢ ПІКІРІНШЕ, ІШКІ
РУХАНИ КАЗЫНАМЫЗДЫҢ МОЛЫҒУЫ ТІКЕЛЕЙ ӨЗІМІЗДІҢ
ҚОЛЫМЫЗДАҒЫ ІС. ОСЫ РЕУІШТІ ПІКІР АБАЙДЫҢ "ОН
ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗІНДЕ" ДЕ ҚАЙТАЛАНАДЫ. АБАЙДЫҢ ДҮНИЕ
ТАНЫМЫ БОЙЫНША САНАНЫҢ, АҚЫЛДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
КҮНДЕЛІКТІ ӨМІР ТӘЖІРИБЕСІНІҢ НӘТИЖЕСІНЕН ҒАНА
ТУЫНДАЙТЫН ТАБИҒИ ҚҰБЫЛЫС. СОҢДЫҚТАН ДА АБАЙ "ОН
ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗІНДЕ":
"АДАМ АТА-АНАДАН ТУҒАҢДА ЕСТІ БОЛМАЙДЫ: ЕСІТІП, КӨРІП,
ҰСТАП, ТАТЫП ЕСКЕРСЕ, ДҮНИЕДЕГІ ЖАҚСЫ, ЖАМАНДЫ
ТАНИДЫ-ДАҒЫ, СОНДАЙДАН БІЛГЕНІ, КӨРГЕНІ КӨП БОЛҒАН
АДАМ БІЛІМДІ БОЛАДЫ. ЕСТІЛЕРДІҢ АЙТҚАН СӨЗДЕРІН
ЕСКЕРІП ЖҮРГЕН КІСІ ӨЗІ ДЕ ЕСТІ БОЛАДЫ... СОЛ ЕСТІЛЕРДЕН
ЕСІТІП БІЛГЕН ЖАҚСЫ НӘРСЕЛЕРДІ ЕСКЕРСЕ, ЖАМАН
ДЕГЕННЕН САҚТАНСА, СОҢДА ІСКЕ ЖАРАЙДЫ, СОНДА АДАМ
ДЕСЕ БОЛАДЫ", — ДЕП ЖОҒАРЫДАҒЫ ӨЛЕҢ ҮЗІНДІСЕНДЕГІ
ОЙЫН ОСЫ СӨЗІҢДЕ ОДАН АРЫ КЕҢІТЕ ОТЫРЫП
ДАМЫТАТЫНЫН КӨРУГЕ БОЛАДЫ.
ОН СЕГІЗІНШІ СӨЗ
АДАМ БАЛАСЫНА ЖЫРТЫҚСЫЗ, КІРСІЗ, СЫПАЙЫ КИІНІП, ҺӘМ ОЛ
КИІМІН БЫЛҒАП, БЫЛЖЫРАТЫП КИМЕЙ, ТАЗА КИМЕК - ДҰРЫС ІС.
ЛӘКИН ӨЗ ДӘУЛЕТІНЕН АРТЫҚ КИІНБЕК, НЕ КИІМІ АРТЫҚ БОЛМАСА ДА,
КӨҢІЛІНЕ ҚУАТ ТҰТЫП, ТЫМ АЙНАЛДЫРМАҚ - КЕРБЕЗДІҢ ІСІ.
КЕРБЕЗДІҢ ЕКІ ТҮРЛІ ҚЫЛЫҒЫ БОЛАДЫ: БІРІ БЕТ-ПІШІНІН, МҰРТЫН,
МҮШЕСІН, ЖҮРІСІН, ҚАС-ҚАБАҒЫН ҚОЛДАН ТҮЗЕТІП, ШЫНТАҒЫН
КӨТЕРІП, ҚОЛЫН ТАРАҚТАП ӘУРЕ БОЛМАҚ. БІРЕУІ АТЫН, КИІМІН «АЙРАН
ІШЕРІМ» ДЕП, СОЛАРДЫҢ АРҚАСЫНДА СЫПАЙЫ, ЖҰҒЫМДЫ ЖІГІТ
АТАНБАҚҚА, ӨЗІНЕН ІЛГЕРІЛЕРГЕ ЕЛЕУЛІ БОЛЫП, ӨЗІ ҚАТАРДАҒЫНЫҢ
ІШІН КҮЙДІРІП, ӨЗІНЕН КЕЙІНШІЛЕРГЕ «ӘТТЕҢ, ДҮНИЕ-АЙ, ОСЫЛАРДЫҢ
АТЫНДАЙ АТ МІНІП, КИІМІНДЕЙ КИІМ КИГЕННІҢ НЕ АРМАНЫ БАР
ЕКЕН?!» - ДЕЙТҰҒЫН БОЛМАҚҚА ОЙЛАНБАҚ.
МҰНЫҢ БӘРІ - МАСҚАРАЛЫҚ, АҚЫМАҚТЫҚ. МҰНЫ АДАМ БІР
ОЙЛАМАСЫН, ЕГЕРДЕ БІР ОЙЛАСА, ҚАЙТА АДАМ БОЛМАҒЫ - ҚИЫН ІС.
КЕРБЕЗ ДЕГЕНДІ ОСЫНДАЙ КЕР, КЕРДЕҢ НЕМЕДЕН БЕЗІҢДЕР ДЕГЕН
СӨЗГЕ ҰҚСАТАМЫН. ТЕГІНДЕ, АДАМ БАЛАСЫ АДАМ БАЛАСЫНАН АҚЫЛ,
ҒЫЛЫМ, АР, МІНЕЗ ДЕГЕН НӘРСЕЛЕРМЕН ОЗБАҚ. ОНАН БАСҚА
НӘРСЕМЕНЕН ОЗДЫМ ҒОЙ ДЕМЕКТІҢ БӘРІ ДЕ - АҚЫМАҚТЫҚ.
АБАЙ МҰРАСЫ
HTTPS://BILIM-
ALL.KZ/ARTICLE/9801
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ
HTTPS://ABAI.KZ/POST/6
Пайдаланылған
әдебиеттер
:
Достарыңызбен бөлісу: |