Матч сипаттамасы (ережелері)



Дата24.12.2021
өлшемі142,6 Kb.
#104683
Байланысты:
футбол ережелери


Футбол — (ағылш. foot — аяқ, ball — доп) спорттың командалық ойын түрі. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі. Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады.

Матч сипаттамасы (ережелері)

Толық мақаласы: Футбол ережелері

Football pitch metric.svg

Халықаралық футбол ассоцияцияның (IFAB) әр түрлі деңгейде және әр түрлі футболшылар топтары үшін (мысалы, жасөспірімдер үшін, әйелдер үшін, мүмкіншілігі шектелгендер үшін және т.б. үшін) ресми түрінде қабылданған ойын шарттарының 17 нұсқасы бар.

Әр командада максималды 11 ойыншы (қосалқы ойыншыларды санамағанда), оның біреуі - қақпашы. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайд. Қақпашыдан басқа ойыншылар қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді.

Бір ойынның аты - матч, матч екі 45 минуттық бөлімнен (тайм) тұрады. Ойын арасында 15 минуттық үзіліс бар.

Ойын мақсаты - команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу (гол) және өз қақпасына салғызбау. Матчта көбірек доп салған команда ұтады.

Егер де матчтың нәтижесінде екі команда да бірдей гол салса - тең ойын деп саналады. Бұл жағдайда тағы қосымша уақыт (15 минуттан екі рет) берілуі мүмкін. Егер де қосымша уақыттан кейін тең ойын болса - матчтан кейінгі пенальти жүптары өткізіледі[7].

Ойын алаңы



Ойын алаңының ұзындығы 100-110 м, ені 64-75 метрлік тіктөртбұрышты алаңда өткізіледі. Биіктігі 2 м 44 см, ұзындығы 7 м 32 см-лік 2 қақпасы бар. Қақпалардың сыртына тор керіледі.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет