Тақырыбы: Футбол ойынының ережелері Ойын ережесі



Дата20.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#103908
Байланысты:
футбол


Тақырыбы:Футбол ойынының ережелері

Ойын ережесі

Әр командада максималды 11 ойыншы (қосалқы ойыншыларды санамағанда), оның біреуі - қақпашы.Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды.

Бір ойынның аты - матч, матч екі 45 минуттық бөлімнен (тайм) тұрады.Ойын арасында 15 минуттық үзілісі бар.

Ойын мақсаты - команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу (гол) және өз қақпасына салғызбау. Матчта көбірек доп салған команда ұтады.Егер де матчта екі жақ бірдей гол салса-тең ойын деп саналады. Бұл жағдайда тағы қосымша уақыт (15 минуттан екі тайм) берілуі мүмкін. Егер де қосымша уақыттан кейін тең ойын болса - матчтен кейінгі пенальти жұптары өткізіледі

Ойын алаңы,футбол добы

Ойын алаңының ұзындығы 100-110 м, ені 64-75 метрлік тіктөртбұрышты алаңда өткізіледі. Биіктігі 2 м 44 см, ұзындығы 7 м 32 см-лік қақпасы бар. Қақпаның сыртына тор керіледі.

Футбол добының салмағы 396-453 г, диаметрі 68-71 см.

Ойын шартын бұзу Ойын шарттарын бұзушылықты фол деп атайды. Бірінші рет тәртіп бұзған үшін - сары карточка беріледі, ал екінші қайталаған үшін - қызыл карточкамен ойыншыны ойын алаңынан шығарады. Ең жиі болатын тәртіп бұзулар: Бәсекелесті аяқпен тебу Аяқпен қағу Бәсекелеске секіру Бәсекелеске шабуыл жасау Келмей итеру Бәсекелесті ұрып-соғу т.б.


Футбол ойынының шығу тарихы

Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, «Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді?» деп жазып кеткен екен. Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын саналып келеді.

Тек 1908 жылы футбол олимпиадалық ойындар тізімінен орын алды.

1884 жылы Ұлыбританияда алғашқы ресми кездесу өтті. Жарысқа Англия, Шотландия, Уэльс және Ирландия командалары қатысып, бақ сынасты. Ойын жеңімпазы -шотландықтар болды.

Еуропадағы атақты футбол командасы

Барселона

Барселона" футбол клубы— Испания біріншілігінде өнер көрсететін, каталондық Барселона қаласының супер клубы. Барселона атауына қоса "Барса" атымен де әлемге әйгілі.

Барселона Испанияның жоғарғы дивизионынан түспеген үш клубтардың бірі.Мұндай көрсеткішке жеткен басқа екі клуб "Реал Мадрид" және "Атлетик Бильбао".

2006-2007 жылы "Барселона" ең бай клубтар тізімін анықтау кезеінде үшінші орын иеленді. Оның жылдық табысы - 291,1 млн евроны құрады. Алдыңғы екі орында Мадридтік "Реал" Және "Манчестер Юнайтед" орналасты.

Клубтың негізгі ойнайтын алаңы - Камп Ноу стадионы, Еуропадағы сыйымдылығы жағынан ең үлкен футбол стадионы.





Барселона клубы 1899 жылы Жоан Гампер басқарған швейцариялық, британдық, испандық және каталониялық футболшыларымен құрылған

Барселона клубының эмблемасы

Назарларыңызға рахмет!



Орындаған: Бердимуратов Шыңғыс КВТ 9/18-1

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет