Дайындық кезеңі. -Балалар мен сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр. Қызыл кітап туралы сендер не білесіндер?
Оқушылар: ............өз ойларын айтады.
- Иә, дұрыс ол кітапқа сирек кездесетін жануарлар, құстар, өсімдіктер т.б. тірі табиғаттың бөлігі жатады.
/графопроектор 1-слайд/ Біздің елімізде табиғат қорғаудың ең басты саласы -мемлекеттік қорықтар. Қорық деп барлық табиғи байлықтары кешенді түрде қатаң қорғалатын арнайы белгіленген аумақты атайды.Біздің елімізде 10 қорық бар:
/графопроектор 2-слайд/
1.Ақсу –Жабағылы
2.Алматы
3.Наурызым
4.Қорғалжын
5.Марқакөл
6.Үстірт
7.Батыс Алтай
8.Алакөл
9.Барсакелмес
10.Қаратау
-Сонымен бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Біздің ең сүйікті достарымыз «Қоян» мен «Тиін» қазақстандағы қорықтарды аралауға шақырады.
Саяхатқа шықпай тұрып өз топтың аттарын біліп алайық.
ІV.Қоянның тапсырмасы: І топ ағылшын тілінде 10-ға дейін санау. Топтың аты шықты «Тапқырлар»
ІІ топ орыс тілінде 10-ға дейін санау . Топтың аты «Алғырлар»
І- ІІ топ бірігіп қазақ тілінде 10 -ға дейін санау.