Математика 5-сынып Түсінік хат



бет2/14
Дата02.02.2022
өлшемі38,64 Kb.
#116975
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Түсінік хат 5-11 (2021-2022)

Оқытудың міндеттері:

  1. «Сандар», «Алгебра»,«Геометрия»,«Статистика және ықтималдықтар теориясы», «Математикалық модельдеу және анализ» бөлімдері бойынша математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасау;

  2. әртүрлі мәнмәтіндідегі есептерді шешуде математикалық тілді және негізгі математикалық заңдарды қолдануға, санды қатынастар мен кеңістіктікформаларды оқып білуге мүмкіндік беру;

  3. есептерді шешу мақсатында оқушылардың білімдерін математикалық модельдерді құруға және керісінше, шынайы процестерді сипаттайтын математикалық модельдерді түсіндіруге бағыттау;

  4. өздігінен оқуға және болашақ таңдаған мамандығы бойынша білімін жалғастыруға қажетті физика, химия, биология және басқа да теориялық облыстарда зерттеулер мен есептерді шешу үшін және практикалық іс-әрекеттерінде математикалық әдістерді қолданудың дағдыларын қалыптастыру;

  5. практикалық есептерді шешуде, алынған нәтижелерді бағалау мен анықтылығын орнатуда лайықты математикалық әдістерді таңдап алу үшін логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  6. коммуникативтік дағдыларын, оның ішінде, ақпаратты дұрыс және сауатты түрде беру, сонымен қатарәртүрліақпарат көздерінен, басылымдар мен электрондық құралдардан алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту;

  7. өздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік, бастамашылдық, табандылық, шыдамдылық пен толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;

  8. математиканың даму тарихымен, математикалық ұғымдардың пайда болу тарихымен таныстыру;

  9. қоғамдық ілгерілеу үшін математиканың маңыздылығын түсінуін қамтамасыз ету;

  10. математика оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет