«Геометрия» пəні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
11-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында барлығы 68 сағатты құрайды;
11 сынып. Алгебра жəне анализ бастамалары (жаратылыстану-математикалық бағыт)
Түсінік хат
2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2013 жылғы 27 қарашадағы № 471 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары; 2019-2020 оқу жылында Қазақстан Рееспубликасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты негзінде құрылған.
11-сыныпта оқытудың міндеттері:
1) тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару, туындыны табу, практикалық есептерде туындыны қолдану біліктігін пысықтау;
2) функциялар графиктерін салу, график бойынша функцияның қасиеттерін анықтау, функция графигін түрлендіру біліктігін жетілдіру;
3) алғашқы функция, интеграл, п-ші дəрежелі түбір, рационал жəне иррационал көрсеткішті дəреже, логарифм ұғымдарын қалыптастыру;
4) геометриялық жəне физикалық есептерді шығаруда анықталған интегралды қолдану біліктігін қалыптастыру;
5) құрамында п-ші дəрежелі түбір, рационал жəне иррационал көрсеткішті дəреже, логарифмы бар өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау біліктігін қалыптастыру;
6) иррационал теңдеулер мен теңсіздіктерді жəне олардың жүйелерін, көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктерді жəне олардың жүйелерін, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді жəне олардың жүйелерін шығару біліктігін қалыптастыру;
7) теңдеулер мен теңсіздіктерді, оның ішінде айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару біліктігін тиянақтау;
8) параметрі бар теңдеулерді шығару біліктігін қалыптастыру;
9) теңдеулер, теңсіздіктер жəне олардың жүйелерін шығаруда функциялардың графиктерін қолдану, алгебра жəне анализ бастамалары курсының əртүрлі тарауларынан есептер шығаруда алгебралық түрлендірулер, теңдеулер мен теңсіздіктер аппараттарын қолдану біліктігін жетілдіру;
10) шартты ықтималдықты табу, ықтималдықтарды қосу жəне көбейту теоремаларын қолдану, дискретті кездейсоқ оқиғаны жəне оның таралу заңдылығын, кездейсоқ оқиғаның сандық сипаттамалары мен таңдау əдісінің элементтерін табу біліктігін қалыптастыру.
Пән бойынша оқу жүктемесі
11 сынып -аптасына 3 сағат, барлығы 102 сағат.
Достарыңызбен бөлісу: |