Сабақтың тақырыбы:§43.Моногибридті будандастырудағы тұқым қуалау заңдылықтары.
Биология пәні мұғалімі Ашимова Мая
№52.Б.Аралбаев атындағы орта мектебі
Жаңақорған ауданы
Қызылорда облысы
Сүттіқұдық ауылы
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды моногибридті будандастырудың І және ІІ заңымен таныстыру
2 . Оқушылардың оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы білім-біліктігін дамыту
3.Оқушылардың бойына ұлттық рухты сіңіріп, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың пән аралық байланысы: өсімдіктану, жануартану, математика, шет тілі
Сабақтың көрнекілігі:сызбанұсқа, Мендельдің портреті, электрондық оқулық, белсенді тақта
Сабақтың барысы:
1.Амандасу, сабаққа әзірлеу, түгелдеу
Үй тапсырмасын сұрамас бұрын оқушылар 3-топқа бөлінеді
«Генотип», «Фенотип» және «Генетика» тобы
Жарыстың кезеңдері:
1.Құралайды көзге атқан мерген
/сұрақтарға жауап беру
2Тапқыш болсаң ,тауып көр
/терминдермен жұмыс/
3.Ал,кәнекей,кім жүйрік
/ Генетикалық символдар/
4.Жекпе-жек.
/Генетика ғылымына үлес қосқан ғалымдарды білу/
5. Есепті бұрын шығарайық
Кәне кім есепті бұрын шығарады екен
Үй тапсырмасын сұрауды әр топқа арналған сұрақтарды қоюдан бастаймыз.
1.Құралайды көзге атқан мерген
/сұрақтарға жауап беру
1.«Генотип» тобының сұрақтары.
.Атақты орыс генетигі , жасанды партеногенездік жолмен жібек құртын өндірген ғалым.
1898 ж жабық тұқымды өсімдіктердің қосарлы ұрықтануын ашқан ғалым.
3-елдің ғалымдары әртүрлі объектілердің көмегімен тәжірибе жасап, Мендельдің заңының дұрыстығын дәлелдеді, оларды ата
Тірі ағзалардағы тұқым қуалайтын ақпараттарды сақтап, оны келесі ұрпаққа жеткізетін күрделі құрылысты молекула.
Пангенезис теориясының авторы кім?
2« Феноти» тобының сұрақтары
Мутация теориясының авторы кім?
Тұқымқуалаушылық дегеніміз не?
Генетика терминін ұсынған кім?
Қазақстанда алыстан будандастыру әдісімен қойдың арқар-меринос тұқымын шығарған ғалымдарды ата
Ұрық плазмасы туралы болжамды кім ұсынды?
3 «Генетика» тобының сұрақтары
Постэмбриогенез дегеніміз не?
Қартаю дегеніміз не?
Биогенетикалық заңның авторы кім?
Ұрықтың дамуындағы зиянды заттарды ата және олардың зиянды әсері туралы не білесің?
Мезодерма қабатынан қандай мүшелер дамиды?
Жаңа сабақты түсіндіру
Мұғалім Мендельдің өмірбаянымен таныстырады
Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтарын зерттеудің ғылыми негізін Грегор Мендель қалады.
Грегор Мендель 1822ж Гинчица қыстағында , кедей шаруаның отбасында дүниеге келді.1843ж Чехословакияның Брно қаласындағы Августин монастырында тыңдаушы болып орналасқан.Мендель оны бітіріп, діни атақ алғаннан кейін Вена университетіне түсіп, екі жыл Жаратылыстану және математиканы оқып үйренді.Ол 1856ж монастырға қайтып келіп, өмірінің соңына дейін монах қызметін атқарды.
Г.Мендель Венада оқып жүргенде өсімдіктерді будандастырумен шұғылданып, түрлі буданның ұрпақ типтерінің статистикалық арақатынасына назар аударып, есептеулер жүргізген.Мендельдің бұл еңбектері 1856 ж жазда басталған ғылыми-зерттеу жұмыстарына негіз болды.Ол өз тәжірибелеріне қолайлы бұршақты алды.Себебі, басқа өсімдіктермен салыстырғанда бұршақтың мынадай айрықша қасиеттері бар:
1) бірнеше белгілері бойынша бір-бірінен айқын ажыратылатын көптеген сорттары бар;
2) өсіруге қолайлы;
3) гүліндегі жыныс мүшелері күлте жапырақшаларымен толық қалқаланып тұратындықтан , өсімдік өздігінен тозаңданады;
4) бұл өсімдіктің сорттарын тозаңдандыру арқылы өсімтал будандар алуға болады;
Міне, сондықтан Мендель бұршақтың 34 сортынан белгілері айқын ажыратылатын 22 сортты таңдап алып, өз тәжірибелеріне пайдаланды.Ол өсімдіктің негізгі 7 белгісіне назар аударды:
Сабағының ұзындығы, тұқымның пішіні мен түсі, гүлдердің түсі мен орналасуы.
Мендель мынадай генетикалық таңбаларды қолданды
Р -ата-ана даралары
Г - гаметалар
Х-будандастыру
F-ұрпақтар
А-басымдылық белгісі (доминантты) немесе ген , яғни сары бұршақ
а- басылыңқы белгісі (рецессивті) немесе ген, яғни жасыл бұршақ
Мендель зерттеуді Августин монастырының бағында жүргізді.Ол өз зерттеулері нәтижесін 1865ж 8-ақпанда Брно қаласындағы Табиғат зерттеушілер қоғамының кеңесінде баяндады.Соның негізінде «Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер» атты еңбегі жарияланды.
Бірінші ұрпақта басымдық қасиет көрсетіп , бірден жарыққа шығатын белгі доминантты деп ,ал көрінбей қалған белгіні рецессивті дейміз.Қарама-қарсы белгілерді анықтайтын жұп гендер аллельді депатаймыз.Ата-анадан алынған гендердің, толық жиынтығын генотип деп, ал ағзаға тән ішкі және сыртқы белгілердің жиынтығын фенотип дейміз.Мендель бір белгісі бойынша тәжірибе жасау арқылы 2 заңыдылық ашты.Олар: «бірінші ұрпақтың біркелкілігі» және « белгілердің ажырауы»
Бір-бірінен айқын бір жұп белгі арқылы ажыратылатын гомозиготалы дараларды будандастырса , бірінші ұрпақта генотипі де фенотипі де біркелкі будандар алынады.Мұны бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік заңы деп атайды
Бірінші буданда алынған гибридтерді өзара будандастырса , екінші ұрпақта белгілердің ажырауы жүреді. Фенотипі бойынша 3:1, ал генотипі бойынша 1:2:1 тең болады.
2-кезең бойынша «Тапқыш болсаң тауып көр» мынадай терминдермен жұмыс жасау
1.Генетика--- 2. Генотип -
3.Фенотип – 4.Доминантты -
5.Рецессивті - 6.Гетерозигота -
7.Гомозигота - 8.Аллельді гендер –
9.Моногибридті – 10.Полигибридті –
Қорытынды
Бағалау
Биология пәні мұғалімі Ашимова Мая
№52.Б.Аралбаев атындағы орта мектебі
Жаңақорған ауданы
Қызылорда облысы
Сүттіқұдық ауылы
Достарыңызбен бөлісу: |