ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
|
Оқушылардың өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендігін тексеру.Үй тапсырмасы ауызша сұралады:
№1269
Қала тұрғындарының 40% -і А депутатқа дауыс берді,қалдандары В депутатқа дауыс берді.Қала тұрғындарының неше проценті В депутатқа дауыс берді?
№1270
Жеміс сусынын дайындау үшін алынған кептірілген жемістердің 35% - і алма, 30%- і алмұрт, 25% - і өрік,қалғаны алхоры.Кептірілген жемістердің неше проценті алхоры?
|
Оқушылар орындарынан тұрып, ауызша жауап береді.
№1269
Шешуі: 100% - 40% =60%
Жауабы: Қала тұрғындары 60% процент В депутатқа дауыс берді.
№1270
Шешуі: 100% - ( 35%+ 30% + 25%)=10%
Жауабы: Кептірілген жемістердің 10% проценті алхоры.
|
Берілген тапсырма бойынша салыстыруы, қорытындылауы.Тапсырма түріндегі есепті өз бетімен шығаруы.
|
ІІІ. Негізгі бөлім
|
ІІІ. Есептер шығару
Сонымен балалар, бүгін біз «Математика әлеміне » саяхат жасаймыз. ойынын ойнаймыз.Бүгінгі сабағымыз дәстүрден тыс яғни сайыс түрінде өтеді. Ол үшін сыныпты 3 топқа бөлеміз.Бүгінгі саяхат сабағымыз мынадай аялдамалардан тұрады.
«Білімділер» аялдамасы
«Қателер қалашығы» аялдамасы
«Алмалы қалашық» аялдамасы
«Қызықты сандар» аялдамасы
Білімділер аялдамасы
«Алтын балық» сұрақтары
Әр топтан бір-бірлеп оқушылардан шығып,Алтын балық сұрақтарында
өткен ережелер бойынша сұрақтар қойылады,ауызша жауап береді.
1- топқа
1.Пайыз дегеніміз?
2- топқа
2.Пайызды санмен өрнектеу үшін...
3- топқа
3.Санның 1 % -ы белгілі болған жағдайда ,санды табу үшін...
Енді келесі аялдамамыз
«Қателер қалашығы» аялдамасы
Қалашықтағы үйлер төңкеріліп орналасқан. Ол үшін үйлерді қалпына келтіру үшін үйлердің тапсырмаларын орындауымыз керек.Әр топтан бір оқушы шығады.
Топқа
Дүние жүзі бойынша көмір өңдірудің пайызға шаққандағы үлесі мынадай:Еуропа (30%), Азия (25%) және Солтүстік Америка(25%).Құрылықтың қалған бөлігінде көмірдің қанша пайызы өңдірілді?
Топқа
Үшбұрыштың бір қабырғасы периметрдің 34% -ын,ал екінші 36%-ын құрайды.Үшбұрыштың үшінші қабырғасы периметрдің қанша пайызын құрайды?
3-топқа
Ауа ластануының 70,6% -ын көліктер, 12,3% -ын қалдықтар мен химикаттар,10,3%-ын отынның жануынан бөлінген газ,ал қалған пайызды өнеркәсіптер құрайды.Өнеркәсіптер ауа ластануының қанша пайызын береді?
«Алмалы қалашық» аялдамасына да жеттік.Енді оқушылар алмалы қалашық аялдамасында тест тапсырмасын орындаймыз.
Тапсырмалары:
1. Пайызды жай бөлшек түрінде жаз:
а) 40 ә) 1,6 б) 5,8 в)5,08
2. Есептеңдер: (5,23+6,47):78
а) 1.9 ә) 643 б)0.15 в)2,21
3.Өрнекті ықшамдап,мәнін табыңдар:
6,12у + у – 0,32у,мұндағы у =5
а)36 ә)8,5 б)24,25 в)1,5
4. 970-тің 25%-ін табыңдар:
а)242,6 ә)242,5 б)242,7 в)242,4
5. Ондық бөлшекті пайызды жай бөлшекке айналдыр: 4,34
А) ә)
|