Математика 6 класс
1. Ұшақ салонындағы қатарлар 1-ден 25-ке дейінгі сандармен нөмірленген де, 13-ші қатар жоқ. 15-шіден басқа әр қатарда 6 орындық, ал 15-ші қатарда 4 орындық бар. Ұшақта барлығы қанша жүргінші орыны болған?
А) 142
В) 144
С) 150
D) 138
2. Завод бір ауысымда 60 бұйым өндірді. Осы бұйымдарды қораптарға, әр қорапқа бірдей санды бұйым келетіндей етіп, салудың неше әртүрлі мүмкіндігі болады?
А) 3
В) 6
С) 12
D) 15
3. Автокөлік А қаласынан В қаласына дейін 7 сағат уақыт жұмсайды. Егер автокөлік жылдамдығын 20 км/сағ кемітсе, ол бұл жолды 9 сағатта жүріп өтеді. Екі қаланың арақашықтығын табыңыз.
А) 470 км
В) 580 км
С) 630 км
D) 720 км
4. Екі ара балшырынын жинау үшін, бір омартадан қарама қарсы бағытта бір уақытта ұшып шықты. Олардың біреуі 3 м/с, ал екіншісі 5 м/с жылдамдықта болса, 1 минуттан кейін екеуінің ара қашықтығы қандай болады?
А) 120 м
В) 210 м
С) 360 м
D) 480 м
5. Әженің 10 немересі бар. Ол барлық немерелерінің жастарының қосындысы 180 жыл, ал немерелерінің жастары әртүрлі бүтін сан болатынын есептеді. Оның үлкен немересі Русланның жасы ең кем дегенде нешеу бола алады?
А) 23 жас
В) 21 жас
С) 20 жас
D) 25 жас
6. Сырты дуалмен қоршалған бақ тең шаршыларға бөлшектеншен. Екі ұлу – Жайбасар мен Жүйрік – дуал бойымен жорғалап келеді. Олар жорғалауын бір мезгілде S нүктесінен бастады, бірақ әртүрлі бағыт таңдады. Жайбасардың жылдамдығы 1 м/сағ, ал Жүйріктікі – 2 м/сағ. Ұлулар дуалдың қай нүктесінде кездеседі?
A) A
B) B
C) C
D) D
7. Дана нысанаға 2 жебені дарытып, бірінші ретте 14 ұпайға ие болды. Екінші талпыныста ол 16 ұпайды қанжығалады. Ол үшінші талпынысыныда неше ұпайды иемденеді?
A) 17
B) 18
C) 19
D) 20
8. Жеңіс қосу амалын орындау үшін , , және цифрларын қолданды (суретке қараңыз). әрпімен қандай цифр белгіленген?
A) 0
B) 2
C) 4
D) 5
9. Дүйсенбі күні Ескендір бес досымен интернет арқылы бір қызық суретті бөлісті. Осыдан соң суретті алған әрбір адам, келесі күні оны әлі көрмеген екі досына жолдап отырды. Аптаның қай күнінде осы суретпен таныс адамдардың саны 100-ден асады?
A) сәрсенбіде
B) бейсенбіде
C) жұмада
D) сенбіде
10. Катя мен шешесінің жастарының қосындысы 36-ға, ал шешесі мен әжесінің жастарының қосындысы 81-ге тең. Катя туған кезде әжесінің жасы қаншада еді?
A) 28
B) 38
C) 45
D) 53
11. Пойыз 18 вагоннан тұрады және онда 700 жолаушы бар. Қатарынан тұрған әр бес вагонда 199 жолаушыдан бар. Осы пойыздың екі орталық вагонында барлығы қанша жолаушы бар?
А)79
B) 93
С) 96
D) 103
12. Бес нүкте түзу сызықта орналасқан. Айбол әр екі нүктенің арасындағы қашықтықты тауып, оларды өсу ретімен орналастырды: 2, 5, 6, 8, 9, k, 15, 17, 20 және 22. K неге тең?
А) 10
B) 11
С) 12
D) жоғарыда аталғандардың ешқайсысы
13. Шахмат бойынша жарысқа 3 ойыншыдан құралған бірнеше команда қатысты. Әр қатысушы басқа командалардың әр ойыншысымен бір партиядан ойнады. Барлығы 250-ден кем партия ойналғаны белгілі. Турнирге ең көп қанша команда қатыса алды?
А)4
B) 5
С) 6
D) 7
14. Ағашта 10 бұтақ бар, әр бұтақта 5 жапырақ немесе 2 жапырақ және 1 гүл өседі. Бұл ағашта жапырақтардың жалпы саны қандай болуы мүмкін?
А)22
B) 30
С)39
D) жоғарыда аталғандардың ешқайсысы
15. Стаканда бактеряилар бар, 1 секундтан кейін стаканның ішіндегі әр бактерия екіге бөлініеді, тағы бір секундтан кейін ішіндегі әр бактерия тағы да екіге бөлінеді, солай жалғаса береді. Бір минутта стакан толады, қанша секундтан соң стакан жартылай толы еді?
А)30
B) 59
С)60
D) 1
16. Кітаптың бір бөлігі түсіп қалды, оның алғашқы беті 328-ші, ал соңғы беті дәл сол цифрлардан құралған, бірақ басқаша ретпен жазылған, саннан тұрады. Жалпы кітаптан қанша бет түсіп қалды?
А) 504
B) 495
С) 505
D) 496
17. Есептеңіз 1 + 4 + 7 + 10 + 13 +………+ 94 + 97 + 100 = ?
А)5050
B) 3131
С) 1717
D) 2020
18. Маратта екі ойын автоматы бар: біріншісі бір ақ жетонды 4 қызыл жетонға, екіншісі бір қызыл жетонды 3 ақ жетонға алмастырады. Басында Маратта 4 ақ жетон болды, 11 рет ойын автоматын қолданғаннан кейін 31 жетон қалды. Осылардың ішінде қаншасы қызыл жетон?
А)12
B) 13
С) 14
D) 15
19. А пунктінен F пунктіне апаратын түзу жол бар, оның ұзындығы 35 км. B, C, D, E нүктелерінде жолдағы аялдамалар орналасқан. Біз АС = 12км, BD = 11км, CE = 12км, DF = 16км екенін білеміз. AB, BC, CD, DE және EF арақашықтарын табыңыз.
A) (AB=9, BC=4, CD=7, DE=5, DE=10)
B) (AB=9, BC=3, CD=7, DE=5, DE=11)
C) (AB=8, BC=5, CD=6, DE=5, DE=11)
D) жоғарыда аталғандардың ешқайсысы емес
20. Қосындылары 28-ге, ал көбейтіндісі 1540-қа тең болатын 5 бүтін оң санды көрсетіңіз.
A) 1, 4, 5, 7, 11
B) 2, 2, 5, 7, 12
C) 1, 4, 5, 6, 12
D) 2, 3, 5, 7, 11
Достарыңызбен бөлісу: |